28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу үшін қалай пайдалануға болады?

06 январь 2021, 10:29
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй сатып алу үшін қалай пайдалануға болады?
Заңға сәйкес азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емдеу және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын алады,деп хабарлайды BAQ.KZ.


БЖЗҚ зейнетақы қорының баспасөз қызметі хабарлағандай, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге пайдалану құқығын:

- міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары бар жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады. Нысаналы пайдалану құқығы белгілі бір жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар азаматтар үшін көзделетін болады. Жеткіліктілік шегі әр жас үшін жеке анықталады.

- қалыптасқан зейнеткерлер (әлеуетті құрылымдар қатарындағы зейнеткерлерді қоса алғанда) – БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған сомасының 50% аспайтын шекте қолдана алады. Олардың зейнетақысының жиынтық мөлшері (жасы немесе еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны, базалық зейнетақыны қоса алғанда) жоғалтқан табысын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін деңгейде (кемінде 40%) алмастыруды қамтамасыз еткен жағдайда аталмыш құқықты пайдалануға болады.

- өмір бойғы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан тұлғалар жоғарыда аталған құқыққа ие.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын іске асыру үшін азаматтар, ең алдымен өз жинақтарын тексеріп, олардың БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында алуға қолжетімді соманың бар екеніне көз жеткізуі тиіс. Қордың enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте, сондай-ақ БЖЗҚ-ның жаңартылған ұялы қосымшасы арқылы онлайн режимінде жеткіліктілік шегі мен нысаналы пайдалану үшін қолжетімді сома туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігі берілген, - делінген хабарламада.

Қордың корпоративтік сайтындағы Жеке кабинетте және ұялы қосымшада авторланудың екі тәсілі қолжетімді: ЖСН мен парольді енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ ұялы қосымшаға кейіннен қайта кіретін болсаңыз, ұялы құрылғыңызда бар болса Touch ID немесе Face ID пайдалануға болады. Ыңғайлы болу үшін пайдаланушы қызмет көрсетудің қазақ немесе орыс тілдерін таңдай алады.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын тексергеннен кейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйге және/немесе емделуге пайдалану туралы шешім қабылдаған салымшылар уәкілетті операторға жүгінуі тиіс. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үй бойынша да, емделу бойынша да уәкілетті оператордың функцияларын орындайды. Ол электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болған жағдайда азаматтардың өтінімдерін арнайы интернет-порталда электрондық форматта қабылдайтын болады.

Салымшының құжаттарын тексергеннен кейін уәкілетті оператор БЖЗҚ-ға салымшының өзі айқындаған және оның уәкілетті операторға берген өтінімінде көрсетілген мөлшердегі зейнетақы жинақтарын аудару туралы хабарлама жібереді.

Салымшы зейнетақы жинақтарын мақсатты қажеттіліктерге алған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау құқығына ие болады (жарналар аударылған кезде ЖТС алынбағанын ескертеміз). Азаматтар ЖТС төлеуді кейінге қалдыруды таңдаса болады немесе тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеуге арналған жинақтарын алған кезде ЖТС-ты толық көлемде өтей алады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын уәкілетті операторға аударуды оның өтінімі бойынша электрондық хабарлама келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асыратын болады. Уәкілетті оператор аударылған зейнетақы жинақтарын азаматтардың арнайы шоттарына 1 жұмыс күні ішінде есептейді. Зейнетақы жинақтары арнайы шоттарда 45 жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жатады. Осы мерзім ішінде жинақтар нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға не салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуға тиіс, - делінген таратылған ақпаратта.

Осылайша, азаматтардың тұрғын үй және емделу мәселелері бойынша барлық өтініштері уәкілетті операторға «бір терезе» қағидаты бойынша келіп түседі және қаралады. Салымшы тарапынан БЖЗҚ-ға жеке өтініш беру талап етілмейді.

Сондай-ақ азаматтар түрлі инвестициялық стратегиялар ұсынатын инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) арасында өз қалауымен таңдау жасау арқылы жинақтарын басқаруға қатыса алады. Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға нысан бойынша және талап етілетін құжаттарды қоса тіркей отырып, өтініш бере алады. БЖЗҚ-ға өтінішті БЖЗҚ-ның өңірлік кеңселеріне жеке жүгіну арқылы немесе enpf.kz интернет-ресурсы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып қашықтықтан беруге болады.

Айта кетейік, азаматтардың зейнетақы активтерін басқару құқығын алған ИПБ тізілімін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының бірыңғай есебі «БЖЗҚ» АҚ-да сақталады.

Просмотров материала: 1 046

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 483 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 322 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 310 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 248 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 203 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 610 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 267 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 419 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031