29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа кезеңі

30 декабрь 2020, 18:00
Қоғамдық бақылау және петиция туралы заңдар – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа кезеңі
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде тараптардың бастамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Онлайн режимінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаменттері, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары, әкімдіктердің ішкі саясат, қоғамдық даму, жастар және дін мәселелері жөніндегі басқармалары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалдары қатысты.

Министр Аида Балаева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия аясында жүзеге асырылып жатқан шаралар ведомствоның күн тәртібінде басым орын алатынын атап өтті.

"Министрлік азаматтық қоғам институттарын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктеріне біріктірудің маңыздылығын толық түсінеді. Бұл олардың нақты тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деп атап өтті министр.

Биыл АҚДМ-де көрсетілетін бірқатар мемлекеттік қызметтер қатары автоматтандырылғаны айтылды. Ал, "қағаз баламасынан" толықтай бас тартып, цифрлық форматқа көшу бойынша жұмыс министрліктің барлық салаларында алдағы жылы белсенді жалғасады.

"Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қатысуымен министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша талдамалық жұмыс жеделдетілді, коммерциялық емес ұйымдарға гранттық қаржыландыру үрдістерін трансформациялау жүргізілді.

"Біз министрліктің өзінде тәуекелдерге ішкі талдау жүргізумен шектеліп қалмаймыз. Барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда да осы жұмысты жүргіземіз, азаматтармен және комплаенс-қызметтермен жұмыстың сервистік моделін енгізуді жалғастырамыз. Министрлік жұмысын түсіндіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы хабарлама алу бойынша халыққа арналған бірыңғай ақпараттық колл-орталық ашу да жоспарда бар" – деп сендірді жоба жетекшісі Лима Диас.

Министрліктің онлайн "Білім базасын" құрудағы тәжірибесі қызығушылық тудырды. Онда мемлекеттік тапсырыс пен гранттарды қаржыландыру шеңберінде ҮЕҰ соңғы 4 жыл ішінде жасаған интеллектуалды өнімдерді: ғылыми зерттеулерді, әдістемелік нұсқаулықтарды, есептері ашық қолжетімділікте орналастырылған.

Министрлікте баса назар мемлекеттік органдардың ашықтық дәрежесін бағалауға бағытталған, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар пысықталуда. "Қоғамдық бақылау туралы", "Онлайн-петициялар туралы" заң жобаларына және "Қоғамдық кеңестер туралы" заңға енгізілетін жаңалықтарды әзірлеуде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс ерекше назар аударуға тұрарлық.

"Министрлік парасаттылық идеологиясын ілгерілетудегі негізгі әріптес болуға тиіс. Қоғамдық кеңестер қызметі саласындағы оң заңнамалық өзгерістер, қоғамдық бақылау және онлайн-петициялар желісі бойынша новеллалар – мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметінде, демек, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда ашықтық пен айқындықты арттыруда серпінді рөл атқаратыны сөзсіз", – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев.
Спикер сондай-ақ, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарының өзектілігін атап өтіп, азаматтық қоғамның басты рөліне назар аударды.

"Жастар форумдар мен флешмобтарға қатысумен шектелмеуі тиіс – оларды пәрменді іс-шараларға тарту қажет. Осыған ұқсас этно-мәдени орталықтар мен дәстүрлі діни бірлестіктердің өкілдері парасаттылық идеологиясын таратуға және дәріптеуге нақты қатысуы тиіс", – деді.
Шара барысында Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева, "Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры" қоғамдық қорының президенті Зәуреш Батталова, "Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы" ЗТБ Басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, "Қоғамдық бақылау" тобының үйлестірушісі Саида Таукелева сынды азаматтық белсенділер өз ойларымен бөлісті.

Атап айтқанда, Айгүл Соловьева: "Министрлік басқа мемлекеттік органдарға транспаренттіліктің көрнекі үлгісін көрсетуде. Өткен жылы АҚДМ министрдің қатысуымен 40-тан астам түрлі онлайн-алаң өткізді, онда кез келген ниет білдіруші өз пікірін білдіріп, сұрақ қоя алды. Бұл трендті барлық мемлекеттік органдар қолдауы тиіс", – деді.
Шара соңында министр А. Балаева Агенттіктің ұсынымдары негізінде министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын нығайту бойынша бірлескен жоба әзірлейтінін жеткізді.

Просмотров материала: 724

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 545 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 384 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 372 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 310 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 265 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 219 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031