29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



2020 жыл: Сөзден іске көше алдық па?

30 декабрь 2020, 10:45
2020 жыл: Сөзден іске көше алдық па?
Пандемия, локдаун, жұмыссыздық, құлдырау... Бұған қоса мінберлерде жиі айталған сөздер көшін ынталандыру, қолдау, оңалту дегендер бастап тұрған шығар. Солар арқылы сан мәрте пәрмен беріліп, міндет жүктелді. Ал сөзден іске көше алдық па? BAQ.KZ бір сарлап өтті.

Салық және халық

Сәуір айында Мемлекет басшысы мүлік, жер және көлік құралдары салығы бойынша жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауды қайта жүргізуді тапсырды. Бұған дейін мұндай үрдіс елімізде 1999, 2011 және 2015 жылдары іске асырылыпты.

Президент міндет жүктегенге дейін Қазақстанда салық берешегі бар 1,5 миллион азамат болған. Олардың қарызының жалпы сомасы 24 миллиард теңгеден асып жығылды. Оның 4,3 миллиард теңесі – өсімпұл. Заңға 2020 жылғы 2 шілдеде қол қойылды. Арнайы комиссиялар негізгі салық сомасын төлеген жеке тұлғаларға өсімпұлдарды есептен шығаруға кірісті. Нәтижесі қандай? Осы жылдың 20-желтоқсанындағы статиситкалық мәлімет бойынша 720 419 жеке тұлға 10,2 млрд теңге сомасында салықтың негізгі қарызын төледі. 1,2 млрд теңге өсімпұл есептен шығарылды. Бұл шара жыл соңына дейін жалғасын табады.

Сиясы кеппеген заң

Зейнетақы қорындағы қаржыны уақытынан бұрын алуға мүмкіндік беретін заң жыл бойы елдің қызу талқысына түсті. Мәлім болғандай, оған тек еліміздің 1 миллионға жуық азаматы қол жеткізе алады. Ал салымшылардың қалған 94 пайызы жинақ сомаларының жеткіліксіздіген мұндай мүмкіндіктен қағылды. Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда зейнетақы жинағы бар барлығы 10 млн 800 мың адамның шамамен 6 млн-ының жинағындағы сома 500 мыңға да жетпейді.

23 желтоқсанда аталған заңның соңғы нүктесі қойылды. Зейнетақы қорындағы қаржысын «Жеткілікті шектен» артық жинақ салымы бар жұмыс істейтін азаматтар,бұрынғы жалақысының 40 пайызына тең мөлшердегі зейнетақысы бар зейнеткерлер, бұрын зейнетақы аннуитетін рәсімдеп, сақтандыру қорына аударған соң да зейнетақы жинағында салымы қалған қазақстандықтар ала алады. Олар қордағы қаржысының белгілі бір бөлігін емге, баспана алуға, тұрғын үйді жөндеуге жұмсай алады немесе сенімгерлік басқаруға бере алады.

«Қара тізімнен» шығуға берілген мүмкіндік

Осы жылдың мамыр айында жасаған Үндеуінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев несие нарығын оңалту мәселесіне назар аударған болатын.

Осыған орай Қаржы нарығын реттеу агенттігі наурыз айында несие тарихын реабилитациялау туралы қаулы қабылдады. Осылайша төлем мерзімі 90 күннен артық кешіктірілген несиелерге «реабилитацияланды» деген мәртебе берілетін болды. Реабилитация үшін несиенің қай мерзімде алынғаны маңызды емес. Бастысы, төмендегі екі шартты орындау қажет. Несие тарихы орындаған күннен бір жылдан кейін қалпына келтіріледі. Бірінші жағдайда, егер несие алушы жыл көлемінде пеняларын өтеп, несиесін толықтай жапса. Екінші жағдайда, егер қарыз алушы қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күніне дейінгі берешек сомасының 50%-нан астамын өтесе және жыл көлемінде 30 күннен артық мерзімде кешіктіріп төлемесе несие тарихы оңалуға жатады. Несиенің алған мерзімі, несиелік тарихың қаншалықты бүлінгені маңызды емес. Егер барлық талап орындалса, несиелік тарих реабилитациялауға жатады.

Шаттыққа бөлейтін «Шаңырақ»

20 жылдан астам уақыт пәтер кезегінде тұрған қазақстандықтардың арманы биыл орындала бастады. Елімізде «Нұрлы жер» бағдарламасының «Шаңырақ» пилоттық жобасының тұсауы кесіліп, тізімдегі 600 мың адамның 17 мыңын биыл баспанамен қамту көзделді. Бұл жобаның басты артықшылығы – мөлшерлемесінің төмендігі. Жылдық 5 пайызды құрады. Сондай-ақ отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 мың 271 теңгеден, яғни 3,1 күнкөріс минумынан аспауы қажет. Ал тұрғын үйдің шаршы метрі нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен болуы жобаның тағы бір артықшылығы десе болады. Мысалы, Нұр-сұлтанда 220 мың, Алматыда 240 мың, Көкшетауда 160 мың теңгеден аспауы қажет. Ал жекеменшік құрылыс компаниялары салған үйдің бағасы 12 миллион теңгеден жоғарыламайды.

Оңай несиемен арбаушылармен күрес

2020 жылдың 1 қаңтарынан жеке тұлғаларға займ беретін барлық субъекті, оның ішінде ломбард, шағын несиелік серіктестіктер мен онлайн займдардың қызметі қадағаланатын болды. Нақтырақ айтқанда, бұл ұйымдардың барлығы осы жылдың 1 шілдесіне дейін Ұлттық банкте тіркеуден өтуге міндеттелді. Енді тек тіркеуден өткен қаржылық ұйымдар ғана тұрғындарға займ беруге құқылы. Жаңа талап бойынша, микроқаржылық қызмет атқаратын ұйымдардың жылдық мөлшерлемесі 56 пайыздан аспауы тиіс. Ал 45 күнге қарыз беретін ұйымдардың пайызы мен сомасына шектеу қойылды. Енді ондай ұйымдар 50 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомада қарыз бере алмайды. Әрі пайызы 30-дан аспауы тиіс. Сонымен қатар қарызды ұйымдастыру үшін комиссия алуға хақылары жоқ.

Төмендетілген пайыз, шегерілген несие

Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шара ретінде несие 6 пайызға төмендетілді, субсидиялық несиелендіру 2,5 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін артты. Кепілдендіру инструменттері бойынша да өзгерістер енгізіліп, жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 360 миллион теңгеге дейін несиелері кепілдендіріледі. Оның ішінде кепілдік мөлшері несие сомасының 85 пайызын құрап отыр. Ал бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 1 миллиард теңгеге дейін несиесінің 50 пайызы кепілдендіріледі. Бизнес экономиканың зардап шеккен салалары бойынша еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен төлемдерден жыл соңына дейін босатылды.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығынан үш жылға босатылды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнеске қатысты тексерулерді жүргізуге үш жылдық мораторий қолданылады. 100 мыңға жуық тексеру жүргізілмейтін болды. Бұл әкімшілік жүктемені азайтуға мүмкіндік беріп, бизнес жүргізудегі тұрақтылыққа ықпал ету мақсатында қолға алынды.

Жыр болған 42 500 теңге

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем жасау жүзеге асырылды. Бұл төлем екі локдаун кезінде жүзеге асырылып, 4,5 млн-ға жуық азамат әлеуметтік көмекке қол жеткізді.
Просмотров материала: 473

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 633 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 471 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 457 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 396 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031