25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?

23 декабрь 2020, 11:15
Балаға берілетін жәрдемақы - 2021: кімге, қалай және қанша төленеді?
2021 жылы айлық есептік көрсеткіш 2 917 теңгені құрайды. Осыған байланысты жөргекпұл, көпбалалы отбасылар және аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы да өседі. Келесі жылы кімге қанша төленетінін Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді.

бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 110 846 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 183 771 теңге.
Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.

Бір жасқа дейінгі ай сайынғы жәрдемақы

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бiр жасқа толық толғанға дейiн төленетін ай сайынғы төлем:

бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 16 802 теңге;
екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 19 865 теңге;
үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 22 899 теңге;
төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 25 962 теңге.

Декретке дейін жұмыс істеген әйелдерге бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы төлем былай есептеледі:

Соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентіне көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастайсыз.

Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 2 500 000 теңге табыс тапты делік.

Осы соманы 24 айға бөлеміз: 2 500 000/24= 104 166 теңге.

104 166 теңге – орташа айлық жалақы.

104 166*0,4 = 41 666 теңге.

41 666 теңгенің 10%, яғни 4 167 теңгесі – ай сайынғы зейнетақы жарнасы.

Сонда жұмыс істейтін әйел бала күтімі үшін ай сайын 37 499 теңге алып отырады.

Жүктілікке және босануға байланысты төлем

Жұмыс істейтін әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты төленетін біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері былай есептеледі:

орташа айлық табысты еңбекке жарамсыздық күндері санының тиісті коэффициентіне көбейтіп, кейін шыққан сомадан 10 процент зейнетақы жарнасын алып тастайсыз. Коэффициент 4,2-ге тең.

Мысалы, соңғы бір жыл ішінде табысыңыз 1 800 000 теңге болды. Осы соманы он екі айға бөлген кезде, орташа жалақы шығады.

1 800 000/12 = 150 000 теңге;

150 000 теңге * 4,2 = 630 000 теңге;

Осы сомадан 10% зейнетақы жарнасын шегересіз. 630 000 – 63 000 = 567 000 теңге.

Яғни, жүктілікке және босануға байланысты біржолғы төлем 567 000 теңгеге тең болды.

Көпбалалы аналар

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы 6,4 АЕК немесе 18 669 теңге.

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы

2020 жылдың қаңтарынан көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан бала санына қарай сараланған мөлшерде жәрдемақы төленеді.

2021 жылы оның мөлшері:

4 балаға – 16,03 АЕК немесе 47 548 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 81 851 теңге;
8 және одан көп баласы бар отбасыларға әр бала үшін 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
Просмотров материала: 8 494

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 154 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 976 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 946 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 886 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 867 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 726 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 854 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 016 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 485 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 163 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 309 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 542 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 169 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 149 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 690 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 923 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 912 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 147 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 276 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930