24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаевқа «тазик» таныстырған петропавлдық зауыт тағы қандай өнім шығарады?

Тоқаевқа «тазик» таныстырған петропавлдық зауыт тағы қандай өнім шығарады?
«Өзге елдер ғарышқа апаратын аппарат шығарып, ұшқышсыз ұшақ құрыстырып жатқанда, Қазақстан тазик жасап жұртты таңғалдыруда». Қазнетте кешеден бері осы тектес пікірлер өртеңге шыққан шөптей қаптады. Негізгі себеп – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалар жуынатын пластик леген ұстап түскен суреті. Желіні шулатқан бұл сурет осыдан бір жыл бұрын мемлекет басшысының Петропавлға сапары кезінде түсірілген болатын. Тоқаевқа көрсетілген тазик – «Радуга» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығаратын жалғыз өнім емес екен. Кәсіпорын тағы қандай тауар шығарады? Назарыңызға Azattyq Rýhy күнделікті қолданыстағы өнімдер жасайтын зауыттан әзірлеген фоторепортажын ұсынады.

КӘСІПОРЫН ПЛАСТИКТІ ТОЛЫҚ ЦИКЛДЕ ӨҢДЕЙДІ

Солтүстікқазақстандық «Радуга» серіктестігі - көпсалалы компания. 1993 жылы ашылған. Бастапқыда лак-сыр бояғыштар шығарған. Қазіргі уақытта зауыт жүгері таяқшасы, тез дайындалатын кеспе сынды тамақ өнімдерінен бастап, күнделікті тұрмысқа қажетті пластик бұйымдар, гигиена құралдарына дейін өндіреді. «Радуга» ЖШС – 500-ден астам өнім түрін шығарады. Зауыт Қазақстанда пластикті толық циклды өңдеуден өтікзетін жалғыз кәсіпорын.

«Радуга» - өзгелердің қоқысқа тастаған қалдығын кәдеге жаратады. Көпшілік үшін керексіз болып қалған заттар зауытқа келген соң, бірнеше мәрте өңдеуден өтіп, пластмасса ыдыя-аяқ, орындық, киім ілгіш, гүл егетін құмыра сынды тағы басқа күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттарға айналады. Сонымен қатар, «Радуга» серіктестігі 2017 жылы тез пісетін кеспе шығаратын желіні іске қосқан еді. Кәсіпорын сағатына 2 тонна кеспе шығаруға қауқарлы. Өндірісте жергілікті шикізат қана пайдаланылады. Жүрегі таяқшалары, драже мен шемішке де өндіріледі.

АЙЫНА 30 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛАДЫ

Өткен жылы «Радуга» серіктестігінде кесек сабын шығаратын цех ашылды. Кәсіпорын жылына мың тоннаға жуық өнім әзірлеген. Кір сабын мен иіс сабынның 12 түрі жасалады. Кәсіпорын заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған. Бүгінгі күні бір ауысымда небәрі 14 адам жұмыс істейді. Қуатты техниканың арқасында еңбек өнімділігі артқан. «Радуга» серіктестігінде шығарылатын қатты, сұйық сабындар, басқа да тазалаушы құралдар жоғары сұранысқа ие. Коронавирус пандемиясына байланысты залалсыздандырғыштарға сұраныс артқанын ескерген кәсіпорын басшылығы наурыз айынан бастап антисептик өндірісін қолға алды. Бастапқыда серіктестік мамандары ДДСҰ-ның бекіткен талаптарына сай антисептиктің алғашқы сынама үлгілерін жасап шығарды. Сынақтан сәтті өткен жаңа тауар қысқа ғана уақытта көп көлемде өндіріле бастады. Айына 30 тонна. Кәсіпорын басшылығының айтуынша, ең бастысы сапа мен қолжетімді баға.

Тоқаевқа «тазик» таныстырған петропавлдық зауыт тағы қандай өнім шығарады?


«Антисептик жасау үшін 96 пайыздық спирт пайдаланамыз. Оған 800 келі сутегі тотығын қосып, глицерин араластырамыз. Нәтижесінде, 60-70 пайыздық антибактериалды өнім дайын болады. Жасалу әдісі қарапайым. Күнделікті тұрмыста өте қажет. Әсіресе, қазіргі жағдайда. Біз барлығын тұтынушы үшін жасаймыз», - дейді кәсіпорынның технолог лаборанты Юлия Бызова.

ҚАҒАЗ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Кәсіпорында шығарылған тауар еліміздің барлық өңірлерінде жоғары сұранысқа ие. Серіктестік басшылығы болашақта тағы да жаңа цех ашып, сабаннан қағаз бен ыдыс шығаруды жоспарлап отыр. Аграрлы аймақ саналатын солтүстік өңірде шикізат проблемасы туындамайды. Сабанның басым бөлігі егістік алқаптарында қараусыз шіріп жататыны жасырын емес. Оны өңдеп, дайын өнімге айналдыру технологиясын меңгеріп жатқан серіктестік енді сабанды да кәдеге жаратпақ.

«Сәуір айында тағы 14 адамды жұмысқа қабылдап, екі ауысым бойынша жұмыс істейтін боламыз. Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай арта түспек. Қазір кәдімгі сабаннан дәретхана қағазы мен бір рет пайдалануға арналған ыдыс-аяқ шығару әдісін үйренеміз. Ол үшін шикізат жеткілікті. Бұл – таза өнім болады. Экологияға да зияны тимейді. Аталған технологияны тек қана қытайлықтар қолданып жатыр. Ал, біз бұл желіні келесі жылы іске қосқымыз келеді. Күнделікті пайдаланылатын өнімдер қашан да сұранысқа ие ғой. Кәсіпорын соны ескеріп, үнемі жаңа өнім түрлерін жасауды қолға алады», - дейді өндіріс цехінің басшысы Андрей Генне.



Серіктесік жұсмысын «қарапайым заттар экономикасы» қағидасына сүйеніп жүргізіп отыр. Кәсіпорынның басты мақсаты тұтынушысына бағасы қолжетімді, сапалы өнім ұсыну.

«Балалар жуынатын легенді де біреу жасау керек. Онсыз сәби күтімін елестету қиын. Біз шығаратын заттардың көмегімен ғарышқа ұша алмассың. Бірақ күнделікті тұрмысқа өте қажет дүниелер өндіреміз. Тіс тазалаған сәтте щетканың қайдан шыққаны, кім жасағаны жайында ойланбаймыз. Су ішетін ыдыс та солай. Бәрі өздігінен жасалғандай. Бірақ оның ар жағында қаншама еңбек пен миллиардтап жұмсалған қаржы, жылдар бойы қол жеткізген технология жатыр. Сондықтан леген мен ұшақты салыстыру – еш мағынасы жоқ әңгіме. Мүмкін кейбір азаматтардың түйсігі соған ғана жеткен болар», - дейді «Радуга» ЖШС тамақ өнірісінің бас технологы Екатерина Асаенок.

Солтүстік Қазақстан облысында шығарылған тауар еліміздің барлық өңірлерімен қатар, Ресейдің Омбы, Қорған, Новосибирск, Красноярск, Иркутск сынды тағы басқа ірі қалаларына экспортталады. Кәсіпорын 1500-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
Просмотров материала: 735

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 985 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 808 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 779 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 717 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 698 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 232 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 715 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 842 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 954 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 485 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 635 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930