24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Табыс декларациясын тапсыруға дайынсыз ба? Заң 20 күннен соң күшіне енеді

10 декабрь 2020, 15:35
Табыс декларациясын тапсыруға дайынсыз ба? Заң 20 күннен соң күшіне енеді
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға ортақ табысты декларациялау жүзеге асырыла бастайды. Табысты есепке алу бірнеше сатыдан тұрады. Келесі жылдың басынан бастап шенеуніктер, саясаткерлер мен олардың жұбайларының басына жазылған дүние-мүлік түгенделеді. Ал 2023 жылдан бастап бұл тізіміге мемлекеттік мекмелер, бизнес және квазимемлекеттік компаниялар кіре бастайды. 2025 жылы қалған қазақстандық азаматтар декларация тапсырады, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Декларацияда қаржылық активтер, борышкерлік міндеттемелер, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер көрсетілуі тиіс. Алайда, «сырт елдерде сақтаулы активтерді көрсету керек пе?» деген мәселеге қатысты Қаржы министрлігі әзірге БАҚ өкілдеріне мардымды жауап берген жоқ.

Құжатта бұрын реттелмей келген ақшалай кірістер мен шығындар, сондай-ақ көлемді қаражатқа жасалған келісімшарттар, сату-сатып алу шарттары толық бақылауға алынады деп көрсетілген. Көп жылдан бері талқыланып, пысықталған жобаның аясында 13 млн қазақстандық табысын жария етуі тиіс.

Сарапшылар жалпыға бірдей декларация таксист болып тапқан қаражаттан бастап, халықтың тойдан түскен қаржысына дейін құжатқа түсіріп отыруға міндетті екенін айтады. Кімде-кім табыс декларациясын тапсырғанда, дүние мүлкін жасырса, ол өзіне шығын болып қайтады. Әр азамат он жыл сайын есеп беріп отырады. Осы уақыт аралығында декларацияда көрсетілген дүниеден артық табысы болса, оның 10 пайызын салық түрінде төлейді. Одан тыс 30 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Декларация қандай мүліктер бойынша толтырылады:

Жылжымайтын мүлікті (ғимараттар, жер телімдері, үйлер, пәтерлер, Қазақстан ішіндегі және елден тысқары жердегі саяжайлар және т.б.);
Жылжитын мүлікті (Көліктер: мотоцикль, яхта, жеңіл және ауыр көліктер және т.б.)
Ақшаны (банктегі және одан тысқары жердегі есепшотыңызда, депозитте, төлемкартадағы ақшаны, қолма-қол жұмсайтын ақшаңыздың қанша екенін көрсетесіз);
Қарызды (нотариалды түрде куәландырылған және куәландырылмаған қолхаттар тіркеледі). Бұл жерде іс жүзінде сіз кімге қарызсыз, сол адамның ЖИН-і және сізге қарыз адамның ЖИН-і көрсетілуі тиіс;
Мұраға қалған, сыйлыққа келген тарихи бағалы бұйымдар, әшекейлер;
Биологиялық активтер, яғни бұл жерде малды да тіркеу керек.

Azattyq Rýhy тілшісі бірнеше сарапшыға «табыс декларациясы не береді?» деген сауал жолдап, пікірін білді. 20 күннен соң басталатын науқанға Қарағанды облыстық кірістер департаменті дайын. Негізі, мемлекеттік қызметкерлерден басталатын жалпыға бірдей декларация тапсыру ісі бойынша 2021 жылдың 15 шілдесіне дейін қағаз түрінде, әрі қарай 15 қыркүйектен бастап электронды түрде жүзеге аса бастамақ. Аймақтық департамент басшысының орынбасары Қанат Балтабеков жалпыға ортақ декларация толтыру бойынша мәліметтер базасы Мемлекеттік кірістер комитетінде жасақталғанын айтады. Оның айтуынша, әр аймақ мемлекеттік қызметкерлердің тізімін жасақтап, қазір тестілік жүйеде мәліметтер базасы тексеріліп жатыр.

«Келесі жылы мемлекеттік қызметкерлерден басталады, олардың жұбайы есеп беруі тиіс. Ал жеке тұлғаларға 2025 жылы қатысты болады. Енді бұған салық органдары дайын ба дегенге келсек, тестілік режимде дайындық пысықталып жатыр. Біз өзіміздің қатарымыздағы мемлекеттік қызметкерлерді (салықшылар- авт.) тексердік. Ешкім қашып отырған жоқ. Барлық мүлік, жер және көлік бойынша салыстырып тексеріп көрдік. Қарағанды бойынша 520 салық қызметкері бұл науқанда декларация тапсыруға дайын отыр. Арасында сәйкес келмейтін 1-2 пайызы ғана шықты. Олардың мүлікті қайдан алғаны тексеріледі», - дейді фискальдық органның өкілі Қанат Балтабеков.

«ДЕКЛАРАЦИЯ АУҚАТТЫЛАРДЫҢ АКТИВТЕРІН ӘШКЕРЕ ЕТЕ АЛМАЙДЫ»

Елде табыс пен қаражат шығындарын декларациялау – көп жылдан бері айтылып келе жатқан бастама. Осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған ауқымды шараны іске асыру үшін техникалық мүмкіндіктер мен ережелер бекітілді. Бірақ бұл бастама кімге арналуы керек және оның экономикаға беретін пайдасы қандай? Белгілі экономист Меруерт Махмұтова бұл науқанның ел экономикасына айтарлықтай әсері бола қоймайтынын айтады. Бірақ, мұны мемлекет тарапынан жасалған жемқорлыққа қарсы күрес, жариялылыққа жол ашуға сияқты қадам деп бағалау керек деп есептейді.

«2021 жылдан бастап халық декларация тапсырса, экономикаға оң әсері болады деген кейбіреулердің пікірімен келіспеймін. Тек халықаралық деңгейден қарағанда, біршама позитивті қадам деп қарауға ғана болады.

Бұл декларация қарапайым халыққа арналмауы керек. Себебі, бізде халықтың 99 пайызында басындағы үйі мен астындағы көлігі болмаса, күмәнді дейтін ештеңе жоқ. Қалған 1 пайыз миллиардерлер қайдан пайда болды дегенге жауап іздеуі тиіс. Бізде көбі мемлекеттік қызметте жүреді де, басқа бизнесі жоқ болғанына (табыс көзі – авт.) қармастан байып жатыр. Сондықтан, декларация осындай топтың жолын кесуге бағытталуы керек. Британияда «Шығу тегі белгісіз байлық» деген науқан жүріп жатыр. Оған біздің ақшасын шетелге тасып жатқандар да ілігіп кетіп жатыр», - дейді Меруерт Махмұтова.

Аса ірі байлардың - олардың шетелдерге жіберген, сонда ұстап отырған активтерін жалпыға ортақ декларация аясында заңдастыру мүмкіндігі бар ма? Бұл сауалға экономист «мүмкін емес» деп жауап қатады.

«Financial Times сияқты басылымдар біздегі ірі байлар хақында ақпарат жариялап жатыр. Өзіміздің әліміз келмесе де, халықаралық журналистер қазақстандық ауқаттылардың сырттағы активтеріне қатысты мәліметтерді жиі жариялай бастады. Қарап отырсақ, ондай бай-бағланның дүниесі офшорда жатады. Олардың дүние-мүлкі әйелдеріне, жиендеріне немесе бала-шағасының атына жазылады. Сондықтан, бұл декларация толтыру науқаны олардың дәулетінің қайдан келіп жатқанын аша қояды дегенге сену қиын. Бұған дейін мемлекетімізде мұнай секторы, шикізат және майнинг бойынша компаниялардың соңғы иесін ашатын шешім қабылданды. 2019 жылдан бастап олар салық органдарына есеп беріп жатыр. Өткенде осы бойынша зерттеп қарасам, алтын өндірісі бойынша тіркелген компаниялардың бәрі жап-жас қыз-келіншектерге тіркелген екен. Әрине, шынайы иесі олар емес. Бірақ түпікілікті бенефицар болып солар жазылған. Жаңағы айтып отырған жалпыға бірдей декларация толтыру дәулеттілердің байлығын ашып көрсетпейтіні анық», - дейді сарапшы.

Табыс декларациясы студенттер мен зейнеткерлерге де қатысты болады. Олар үшін кеңейтілген емес, қысқа есеп беру формасы енгізілмек. Егер шәкіртақы немесе зейнетақыдан тыс қосымша мүлкі болмаса, декларацияның қысқартылған формасын толтыра алады. Ал, бір дүние сатып алып, кеңейтілген есеп беру формасы аясында табыс декларациясын дұрыс толтырмаса не болады?

Егер жеке тұлға табыс декларациясын қате толтырса, автоматтандырылған мәліметтер базасымен сәйкес келмегені көрсетіледі. Онда оның жеке поштасына салық органдары шақырту жолдап, бір ай ішінде қателікті түзетпесе, барлық есепшоттар бұғатталады. Ақпараттық жүйе деректердің сәйкес келмейтінін автоматты түрде анықтайды.
Просмотров материала: 763

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 043 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 865 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 836 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 775 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 757 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 480 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 235 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 262 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 719 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 847 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 977 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 309 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 481 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 391 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 307 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 505 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 460 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 655 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 982 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 189 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930