24 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәрігер 20 жылды арқалауы мүмкін

Дәрігер 20 жылды арқалауы мүмкін
Атырауда облыстық перинаталды орталықтың тоңазытқыш­ына салынған сәби өліміне қатысты іс бойынша сот процесінің соңғы кезеңі – тараптардың жарыссөзі басталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атырауда болған жан­түршігерлік оқиғаға нүкте қойы­латын күнді жақындатар сот отырысында прокурор Нұржан Жангереев бес айыпталушыға қатысты айыптау қорытындысын оқыды.

Прокурор соттан облыстық перзентхананың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш Нысанбаевты кінәлі деп танып, оған Қыл­мыстық кодекстің бірнеше ба­бының жекелеген тармақтарына сәйкес бүкіл қылмыс бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотта Қ.Нысанбаевтың бір топ адаммен алдын ала сөз бай­ласу арқылы кәмелетке толмаған баланы өлтіру, сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемдену, қызмет бабын асыра пайдалану, пара алу және беру баптары бойынша айыпталып отырғаны айтылды.


Акушер-гинеколог Асқар Қайыр­жан мен акушер Жәмила Құлбатырова үшін прокурор 17 жыл­ға бас бостандығынан айыруды сұрады. Оларға «адам­дармен алдын ала сөз байласу арқылы көрінеу кәмелетке тол­маған баланы өлтір­ді» деген айып тағылды.

Сондай-ақ прокурор Н.Жан­гереев перзентхананың нео­натолог дәрігерлері Руслан Нұр­мұхамбетов пен Дариға Жұма­баеваны қылмыс туралы хабар­ламағаны үшін айып­тап, әр­қайсысының бас бостан­дығын үш жылға шектеуді сұрады.

Айыптаушы тарап айып­талушылардың кінәсі куә­герлердің айғақтарымен, Батыс Қазақстан облысы сот-меди­циналық сарап­тамасының ал­ғашқы және Қара­ған­дыдағы екінші комиссияның қорытын­дысына сәйкес толық дәлелденді деп есептейді. Бұл қорытын­дыларда Н.Тұрымбетова мен Р.Молдағалиеваның сәбилері дүниеге тірі келді делінген.

Прокурордан кейін жәбір­ленушілер Нұржамал Тұрым­бетова мен Роза Молда­ғалиеваларға сөз берілді. Жәбір­ленушілер айып­тауды толығымен қолдап, мораль­дық зиянды өтеу туралы талап-арыздарын қана­ғаттандыруды сұрады. Жәбір­ленуші тараптар Қ.Нысан­ғалиевтан моральдық зиянды өтеуге 10 миллион теңгеден өндіріп алуды сұрады. Н.Тұрым­бетова акушер-гинеколог А.Қайыр­жаннан 10 миллион, Ж.Құл­батыровадан 5 миллион және екі неонатологтан 2 миллион тең­геден талап етті.

Айыптау қорытындысына сәйкес, перзентханадағы то­ңазытқышқа тірідей салынған Н.Тұрымбетованың сәбиі туралы оқиғаны ел түгел біледі.

Ал екінші жәбірленуші Роза Молда­ғалиеваның сәбиіне қа­тысты өтіп жатқан және Қ.Нысан­ғалиев қызмет бабын асыра пай­даланды деп айыпталған оқиғаны көпшілік ұмытып та қалды. Бұл оқиға Р. Молда­ғалиеваның сәбиі дүниеге кел­гендегі деректерді бұрмалауға қатысты болып отыр.

Былтырғы 13 қыркүйекте Р.Молдағалиева Даун синдромы және трисомия диагнозы бар сәби туды. Туған кезде жүрегі соқпаған сәби сәлден соң тіршілік ны­шанын білдіріп, жарты сағаттан соң шетінеп кеткен.

Ал перзентхананың бас дәрігері Қ.Нысанбаев сәбидің ауру та­рихына «ұрықтың антенатальды өлімі», яғни босанғанға дейін өлген деп жазуды бұйырған. Нақтысында сәбидің дүниеге келу, ауру, шетінеу тарихы жазылатын журналда «сә­бидің босану кезіндегі өлімі» деп көрсетілуі тиіс.

Алғашында тіршілік белгісі болмай, сәлден соң жүрегі соғып, жарты сағаттай өмір сүрген жаңа туған шақалаққа ешқандай меди­циналық көмек көр­се­тілмеген, жансақтау бөлмесіне шұ­ғыл жеткізіп, ем-дом жасау ша­ралары жүргізілмегені белгілі болған. Сәбидің анасы Р.Молда­ғалиеваның аналық жанайқайы да өткен оқи­ғаның қайта­ланбауына сабақ болса жақсы.

Тірі туып, тоңазытқышта шетінеген шақалақтың өліміне қатысты сот отырысы әлі де жал­ғасады.
Просмотров материала: 1 685

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 978 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 801 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 772 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 710 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 691 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 476 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 232 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 259 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 713 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 842 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 951 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 308 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 482 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 632 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 274 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930