20 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



«Несиеден шаршаған ел… Айтпасам болмайды» ­– айтыскер ақын Алтынай мен Қарақатты сынға алды

30 ноябрь 2020, 16:37
«Несиеден шаршаған ел… Айтпасам болмайды» ­– айтыскер ақын Алтынай мен Қарақатты сынға алды
Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев Instagram-дағы парақшасында Түркияда саяхаттап, Түркиядан баспана алуды насихаттап жүрген әншілерді сынға алды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мен үшін қазіргі қазақ аруларының, қазақ қыздарының, қазақ аналарының ең әдемі үлгісі боп саналатын санаулы өнерпаздар бар. Солардың бірі ­– Қарақат @karakat_a болса, бірі – Алтынай Жорабаева @altynaizhorabayeva Қатты құрметтеймін, сыйлаймын, жақсы көремін, мақтан етемін!

Бірақ, бүгінгі жазбаммен оларды ренжітіп алуым мүмкін. Айтпасам болмайды.

Жақында бірі Аланияға барып демалғандарын, сол жерден үй алғандарын әлеуметтік желіде жариялады. Көп ұзамай тағы бірі сондай қуанышын желіде сүйіншіледі. Алла берекелі етсін! Шын жүрегіммен тілектеспін.

Бірақ, оны жарияға жар салып жарнамалағандарыңыз дұрыс болмады. Сіздер жай қазақ емессіздер ғой. Сіздердің бір сөзден үдере көшуге дайын ел бар.

Баяғыда тарыдай шашыраған қазақпыз. Ол кезде қызыл өкімет қырғын салған, елге, тілге, дінге, салт-дәстүрге қауіп төнгенде туған топырағынан ел ауған, шет жерге, жат елге барып бас сауғалаған.

Қазір ше? Тәуелсіз Отанының болашағын бұлыңғыр көріп, ертеңінен үміт үзген ел көп. Билікке сенбейтін, жемқорлыққа тойған, төреден көңілі қалған, несиеден шаршаған ел әйт десең, атамекенін тастап кез келген «өркениетті» елге көшкелі отыр. Осы сәтте елдің Еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениеттің майталмандары, оның ішінде дәстүрлі өнердің қаймақтары шетелдің «жұмақ мекенін» жарнамалауы достықтан гөрі қастыққа, жанашырлықтан гөрі жаулыққа жақын.

Басқа жұртты білмеймін, менің туысқандарым, бірге туған бауырларым Аланиядан үй алып, көшейік деп отыр.

Мен талай шетелдерде болдым, Азия мен Еуропаға, алыстағы Африкаға да барып өз елімнен артық мекен көрмедім. Ең туыс деген Түркия түгілі, Қырғызстан мен Өзбекстанда үш күннен артық қалсам қазақтың жерін сағынам. Алтай мен Атырауда апталап, Ақтау мен Ақтөбеде айлап, Жезқазған мен Жамбылда жылдап жата берем. Мекке мен Мәдинаны сағынсам да ол жерде ұзақ тұра алмас едім. Жерорта теңізі бір барып демалғанға жақсы шығар, бірақ Аққу көлін, Дуадақ шөлін сағынбай тұра ма?

Басқа елдердегі қандастар оралып, тек Түркия мен Еуропадан қазақтарды келтіре алмай отырғанда, елдегі қазақтарды сол жаққа шақырудағы – мақсат қандай?

Кейде тіпті, жақсы мақсатпен жасалған іс, өлшемей сөйлеген сөз Отаның үшін қауіпті болып жатады.

Артық айтсам, кешіріңіздер!», ­ – деп жазды айтыскер ақын.

Просмотров материала: 1 690

Поделиться материалом


15:38 Отандық фарм-бизнес қиын кезеңде тұр... 23 Просмотров

15:25 В Мангистауской области осудили экс-руководство предприятия... 15 Просмотров

15:25 Маңғыстауда соңғы 30 жылда алғаш рет төртем дүниеге келді... 77 Просмотров

15:15 Атырауда жарықтың қайта-қайта өшуіне Арал тұзының "кінәсі"... 52 Просмотров

15:12 Мужчина проглотил гвоздь в изоляторе Актау... 36 Просмотров

14:57 Көлік айналарының ұрысы ұсталды... 67 Просмотров

14:45 Дело о смертельном наезде на двух полицейских в Щучинске... 44 Просмотров

14:40 Қазаннан бастап темекі бұйымдарын таңбаламаған бизнес... 67 Просмотров

14:34 Мошенник оформил на жительницу Актобе кредиты на 1,2 млн... 59 Просмотров

14:26 Зейнетақы жинақтарын қалай тексеруге болады... 134 Просмотров

14:25 Назначен новый директор алматинского метрополитена... 54 Просмотров

14:11 Оралда таныс қызын үйіне шақырған жігіт 1 млн теңге тұратын... 191 Просмотров

14:03 Депутат возмутился минимальной зарплатой в Казахстане... 59 Просмотров

12:58 Зейнетақы бөлігін тұрғын үй үшін алу механизмі қаңтардың... 100 Просмотров

12:53 Қостанай облысына коронавирусқа қарсы 1300 вакцина әкелінеді... 81 Просмотров

12:45 В Генеральной прокуратуре озвучили количество заключенных,... 74 Просмотров

12:40 «Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ереже әлі дайын... 97 Просмотров

12:32 Около 400 человек получили травмы из-за гололеда в Уральске... 97 Просмотров

12:28 Желтоқсанда ломбардтар мен микроқаржы ұйымдарына 5,7 млн... 97 Просмотров

12:22 Изменен режим работы банков и обменников в Казахстане... 71 Просмотров

12:12 ЕНТ началось в Казахстане... 80 Просмотров

12:10 Петропавл жолдарында тіркеуде жоқ көлік көбейді... 96 Просмотров

11:58 В Казахстане за неделю зарегистрировано 54 смерти от... 89 Просмотров

11:52 Қазақстанда бір аптада коронавирустан 54 адам қайтыс болды... 86 Просмотров

11:46 Қазақстан неге 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы алады?... 489 Просмотров

11:36 Досрочное снятие пенсионных: депутат раскритиковал... 92 Просмотров

11:25 Балаларды мектепте вакцинациялау туралы тағы бір фейк... 96 Просмотров

11:24 25 казахстанцев находятся в тюрьмах Южной Кореи... 95 Просмотров

11:13 Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды... 79 Просмотров

11:12 Землетрясение зарегистрировали в Казахстане... 70 Просмотров

11:00 Жоспарға сәйкес халыққа қажетті заңдар қабылданады - Нұрлан... 81 Просмотров

10:58 Опубликована матрица оценки эпидемиологической ситуации в... 71 Просмотров

10:48 Фейк о вакцинации в школах распространяют казахстанцы... 79 Просмотров

10:48 Атырауда құнды құжаттарды қоқысқа тастаған кім екені... 89 Просмотров

10:35 С текущего года в Казахстане вводится декларирование... 90 Просмотров

10:34 Қазақстанда ет айтарлықтай қымбаттады... 84 Просмотров

10:17 Банк, ломбард пен валюта айырбастау пунктерінің жұмыс... 91 Просмотров

10:15 Санэпидтребования к транспорту для перевозки пассажиров... 61 Просмотров

10:06 Қордайдағы жанжал бойынша айыпталушыларды тоқпен азаптаған... 85 Просмотров

10:03 На 4 года осудили жителя Алматы за организацию казино... 73 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031