29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жақсы өмір іздеген қазақтар шетелге көшіп жатыр

30 ноябрь 2020, 10:00
Жақсы өмір іздеген қазақтар шетелге көшіп жатыр
Қазақтар қыр асуда. Биыл жыл басынан бері 9 айда 21 мың адам шетелге көшсе, былтыр 43000 адам буынып-түйініп елден кеткен. Орыс, украин мен немістің тарихи отандарына қоныс аударуы заңдылық. Ал осылардан кейінгі орында қазақтар тұр. 37 пайыз. Шетелге көшіп кеткен сол 37 пайыздың басым бөлігі 25 пен 37 жас аралығындағы жастар екен, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Адам жүрген жер ақша. Бұл дегеніңіз, Қазақстаннан қыруар қаражат қыр асып жатыр деген сөз. Мысалы, мемлекет оны оқытады, тоқытады, бала-бақшадан бастап, мектеп, университетте білім береді. Ал сол талай жылғы инвестицияны қайтаратын уақыт келгенде көшеді де кетеді. Алмақтың салмағы бар екенін біле тұра өзге елдің экономикасына жұмыс істейді. Әрине бұл көштің объективті себептері де бар.

Атыраулық Фатима Аманжолдың Түркияға көшіп кеткеніне бес жылдан асыпты. Жат жердегі өмірі өзіне ұнайды. Шет елде жеңіл өнеркәсіп саласында қаржыгер болып жұмыс істейді. Докторантурадағы оқуын қызметімен ұштастырып жүр. Бұйырса алдағы жылы Стамбулдан баспана аламын, дейді.

Фатима Аманжол, Стамбұл қаласының тұрғыны:

Түркияда тұратын қазақтар өте көп. танитын қазақтарым өте көп. Олар да осы жақта жұмыс жасасам, оқысам деген ниетпен келген қазақатар. Соңғы уақытта Туркияға қызығушылық өте артуда. Қазақстанда да, Түркида да өмір сүру оңай. Аса бір айырмашылық байқамадым. Өзіңіздің қабілетіңізге қарай оңай да қиын жақтары бар, бірақ менің Қазақстандағы өмірім де, Түркиядағы өмірім де ұнайды. Мүмкін болашақта елге қайтып қалармын, мүмкін осы жерде қалармын, оны бір Алла біледі.

Әлеуметтік желідегі парақшасы Қазақстанға деген сағынышқа толы Аида Сатыбалдинова кәсіби боксшы. Елде жүргенде аса жетістікке жетпеген қыздан бапкерлер теріс айналғанда, ол Америка асып кеткен. Бірнеше жыл қажырлы еңбектенудің нәтижесінде жуырда ғана әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Өз елімде спорт саласындағы былықтардан шаршадым деп сұхбат беріпті боксшы қыз.

Ресми статистикаға сүйенсек, биылғы жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 21 мыңнан астам адам шетел асып кеткен. Эмигранттардың орта жасы 25-37 арасы. Тұлға болып қалыптасқанша мемлекет оларды балабақшада тәрбиеледі, мектепте тегін білім берді, жоғары оқу орнында грантқа оқытты. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, бір адамға шамамен 10 миллион теңге жұмсады. Енді осы соманы елден биыл кеткендердің санына көбейтсек, бақандай 210 миллиард теңге шығын келіпті мемлекетке. Бұл карантиндегі тәубесі. Былтырғы көрсеткіш жарты триллион еді. Сайып келгенде бюджеттің бұл қаржысы сіз бен біздің қалтамыздан салық есебінен шыққан ақша. Өзге елге дайын кадр болып барған эмигрант, әрине, сол жердің көсегесін көгертеді. Экономика тілімен айтсақ, эмигрант-тиімді тауар.

Дамушы елдерден дамыған елдерге жақсы өмір іздеп кететін мигранттар сол жерді барып байытады екен. Мысалы көшпенділер жылына АҚШ экономикасына 2 триллион доллар, Германияға 550миллиард, Австралияға 330 миллиард доллар табыс әкеледі. Әлем мигранттары жалпы жер шары халқының 4-ақ пайызын құраса да, олардың дүниежүзілік жалпы ішкі өнімдегі үлесі бақандай 10 пайыз.

Карантинге қарамастан, эмигранттар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері бойынша бірінші орында. Салыстыру үшін айтайық, экономикасы бізден әлдеқайда төмен санаталатын Қырғызстанның өзінде мигранттар саны 7 есе кем. Отандастырымыз көбіне Ресей, Германия және Израильге қоныс аударыпты. Ол түсінікті де. Бұл елдерге тарихи отаным деп репатрианттар көшеді. Ал қаракөздер болса Түркия, Канада, Корея және Американы жағалайды екен.

2014 жылы шетел асқандардың саны 12 мың болса, былтыр бұл көрсеткіш 43 мыңнан асқан. Стратегиялық қоғамдық қорының есебінше олардың 52 пайызы орыстар, екінші орында украиндар және немістер. Жә олардың тарихи отандары бар, және негізінен көштің басын солай бұратыны анық. Ал қыр асатындардың 37 пайызы қазақтар екен. Үдере көшетіндей себеп бар ма? Әлеуметтанушылардың айтуларынша себеп бар.

Қамажан Жұмақасова, әлеуметтанушы:

Көптеген зерттеулерге сүйенетін болсақ, материалдық, тұрмыстық жағдай, экономикада болып жатқан қайшылықтар мен қиындықтар. Бұл өмір, бұл үрдіс бұл процесс қой. Теңгенің тұрақсыздығын айтады. жұмыспен қамтудағы мәселе, еңбекақының мөлшерінің төмен екендігін айтады. Өз мамандығы бойынша жұмыс табу жағын айтады
.
Психологтердің айтуынша, шетелге қоныс аударуға бел буғандардың дені өзін өзі тәрбиелеп, терең білім алған, алға қойған мақсатына жете білетін табанды да қажырлы жандар. Мұндай тұлға өз елінде де жетістікке жететіні анық, алайда олардың амбициясына Қазақстан жауап бере алмайды ма деп қалдық. Адамның таңдау құқығын шектейтін емес, себеп түсінікті, салдар ше?

Мақсат Халық, экономист:

Кетіп жатқан мамандардың категориясына қарасақ , бірінші кезекте техникалық мамандар, қаржыгерлер, мұғалімдер мен дәрігер мамандар кетіп жатыр. Осы тенденцияға қарайтын болсақ, бұл азаматтар экономиканың негізгі қозғаушы күші. Әсіресе, техникалық мамандардың экономикаға әсері көп. Цифрлық ақпараттандыруда ролі ерекше. Мұндай мамандардан айрылып жатқанымыз тез арада экономиканы әртараптандыруға кері әсер етеді, қаржы саласындағы мамандар кетіп жатса, қаржы банк саласы құлдырайды.

Қазақ өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дейтін еді. Өкініштісі сол, бұл нақылдың өзектілігі жойылып бара жатқан сияқты. Жұрт ұлтан болғысы жоқ. Сонымен, елден кетудегі басты себептердің ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың төмендеуі, өзге ұлт үшін тіл білмеудегі психологиялық дискомфорт, саяси ахуалдың тұрақсыздығы, өзге елдер тарапынын да белсенді шақыртуларды атап өтуге болады екен. ал қарапайым тілмен айтсақ биылғы пандемия елде білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту сынды қара халыққа өзекті болатын салалардың дамымағанын ашып көрсетті. Бала шағасының ертеңін ойлайтын интеллегентті азаматтың өз еліне сұлтан болуын бөгейтін бұл факторлар өзге жерде ұлтан болуға итермелейтіні анық та.

Просмотров материала: 5 650

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 594 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 433 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 420 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 357 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 311 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 632 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 225 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 288 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 442 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031