24 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шәһид деп санауға болады - ҚМДБ

28 ноябрь 2020, 10:55
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шәһид деп санауға болады - ҚМДБ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "коронавирус инфекциясынан қайтыс болған адамды шейіт деп санауға бола ма" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шәһид (шейіт) деп Алла жолында қаза тапқан және дінін, абыройын, отанын дұшпаннан қорғап қайтыс болған мұсылман адамға айтылады.

Шейіт екі түрге бөлiнедi:

Біріншісі, кәмiл шейіт. Алла жолында соғыста, бүлікшінің және қарақшының қолынан қаза тапқан адам бұл дүниеде де, ақыретте де шейіт саналады.

Екіншісі, ақыретте шейіт қатарына қосылатын мұсылман. Ол ақыретте шейіттік дәрежеге және оның сауабына ие болады. Ақыреттік шейітке іші өтіп, оба ауруымен, суға батып немесе өртеніп өлгендер және т.б. жатады.

Бұлардың кәміл шейіттен айырмашылығы – оларды жуып, кебіндеп, жаназасы шығарылады. Ал кәміл шейітке ғұсыл рәсiмi жасалмайды, тек үстiндегi қаннан өзге нәжiстен тазартылады. Өз киiмi және үстiндегi қанымен жаназа намазы оқылып, жерленеді.

Әбу Һұрайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Шейіттер бес түрге бөлінеді: Оба (немесе сол сияқты жұқпалы) дертке ұшырап бақилық болғандар, іш ауруына шалдығып көз жұмғандар, суға батып өлгендер, қираған үйдің астында қалып қаза тапқандар және шыбын жанын Алла жолында пида еткендер", – деп айтты.

Әбу Дәуіт риуаятында Алла жолында қайтыс болғаннан басқа шейіттер саны жетеу деп жоғарыдағы сипаттарға қоса өрттен мерт болғанды және босану үстінде қайтыс болған әйелді атап өтеді.

Имам Нәуауи: "Ғалымдар Алланың кеңшілігімен мұндай өліммен қаза тапқандарға ауырсынудың қарқындылығы, қатты қиналуы себепті шейіт дәрежесі берілген дейді», – деп айтады[3]. Бірақ, ақыреттегi шейіттер хадисте келген сипаттармен ғана шектелмейді[4]. Бәлкім, сондай мағынаны қамтыған сипаттар да шейіттік дәрежеге ілеседі. Сондықтан кейбір ғалымдар ақыреттік шейіттердің санын жиырмаға жеткізсе, кейбірі қырыққа жуығын атап өткен[5].

Ендеше "Коронавирус COVID-19" деп аталатын пневмония індетінен қаза тапқан мұсылмандарды төмендегі дәйектер негізінде ақыреттік шейіттер қатарына қосуға болады:

Біріншіден, аурудың асқынуы, вирустың аса қауіптілігі, ауырсынудың қарқындылығы – ғұламалардың атап өткен шейіттік дәрежеге жету себептеріне дөп келеді.

Екіншіден, бұл індет жалпы тілдік жағынан хадисте аталған кейбір дерттің құрамына жатады. Мысалы, іші өтіп қайтыс болу. Бірқатар ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл жалпылама іш ауруына шалдығып қайтыс болғандарды қамтиды[6]. Яғни бауыр, бүйрек, өкпе секілді ішкі ағза дерттерінің барлығы іш ауыруы болып саналады.

Үшіншіден, шариғатымызда безгек[7] және туберкулез[8] ауруымен қаза болғандар шейіт есептеледі. Бұл дерттердің нышандары коронавирустың белгілерінен де табылады.

Төртіншіден, хадистегі шейіт туралы келген дерттер пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уақытында белгілі ауруларды ғана қамтымайды. Бәлкім, біздің кезімізге дейін сол мағынаны қамтыған дерттерді де ішіне алады. Мысалы, өкпенің қабынуы. Оның негізгі белгілері: ыстығы көтеріледі, жөтел, ентігу, қатты ауырсыну[9]. Коронавирустың да көп белгілері дәл осы секілді.

Бесіншіден, коронавирустан көз жұмған мұсылмандар хадисте келген "тағун" атауына кіреді. Оны ғұламалар оба ауруы деп түсіндірген. Ғұлама Бадруддин Айни: "Жалпыға жұғып, жылдам өлімге апарғандықтан оны "тағун" (оба) деп атады. Бұл дерт өзі секілді қауіпті індеттердің барлығын қамтиды", – деген[10].

Осыған орай, коронавирус індетінен қайтыс болған мұсылманды ақыреттік шейіт қатарына жатқызуға болады. Бірақ, оны жерлегенде шариғатқа сай жуындырып, кебіндеп, жаназасы оқылуы керек.

Просмотров материала: 571

Поделиться материалом


13:00 Мектеп директорларының жалақысы көбеюі мүмкін... 219 Просмотров

12:58 Смертельное ДТП произошло в ВКО... 182 Просмотров

12:45 Женщине с травмой позвоночника отказали в госпитализации в... 184 Просмотров

12:41 Түркістан облысындағы «Ұланбел-Созақ-Екпінді» жолы жабық... 229 Просмотров

12:24 Зейнетақы жинағын алу: Үш сағатта арнайы сайтта 4 мыңнан... 211 Просмотров

12:22 Об эпидемиологической ситуации по коронавирусу в регионах... 190 Просмотров

12:15 COVID-19. «Қызылда» 7, «сары» аймақта 3 өңір... 227 Просмотров

12:10 49 пациентов с коронавирусом находятся в крайне тяжелом... 190 Просмотров

11:58 ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды... 226 Просмотров

11:45 17-летний парень спрыгнул с моста и разбился насмерть в... 235 Просмотров

11:40 Бүгін Алматыда әйелдер онколог-гинекологтардан тегін... 227 Просмотров

11:30 Локомотив столкнулся с автомобилем в Акмолинской области... 189 Просмотров

11:24 Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады... 210 Просмотров

11:15 Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1... 187 Просмотров

11:10 10 человек скончались от коронавируса и пневмонии в... 162 Просмотров

11:01 "Ұйықтамайды, еш себепсіз айғайлайды, күледі" -... 125 Просмотров

11:00 100 человек заболели коронавирусом в Казахстане... 94 Просмотров

10:50 Погоню за вооруженной группой устроили в Алматы... 99 Просмотров

10:45 Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім... 115 Просмотров

10:40 Расчлененный труп 82-летнего мужчины обнаружили в... 124 Просмотров

10:28 Алматыда қаруланған адамдарды ұстау сәтінің видеосы тарады... 121 Просмотров

10:25 В Казахстане начался прием заявок на досрочное снятие... 104 Просмотров

10:14 23 қаңтарда ауа райы қандай болады?... 123 Просмотров

10:07 Елімізде алғаш рет ветеринарлық оңалту орталығы ашылды... 131 Просмотров

10:02 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 1548 заболевших... 128 Просмотров

18:00 Еліміздің алты өңірінде ауа райының қолайсыздығына... 296 Просмотров

17:58 Трассы закрыты в Алматинской области... 276 Просмотров

17:51 Лауазым үшін екі миллион теңге: Жамбыл облысында шенеунік... 314 Просмотров

17:47 На 28,6 млн тенге оштрафовали полковника Минобороны РК... 281 Просмотров

17:40 К.Токаев поручил главе Минздрава держать ситуацию под... 279 Просмотров

17:40 Тоқаев Цойға жағдайды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды... 311 Просмотров

17:25 Марат Оразаев назначен главой аппарата Минсельхоза... 239 Просмотров

17:24 Түркістан облысында қыс қаһарына мінді: Көліктер қар... 339 Просмотров

17:12 Как будут использоваться пенсионные накопления на лечение... 287 Просмотров

17:08 2018-2020 жылдар аралығында парақорлыққа қатысты 1054 факт... 327 Просмотров

16:59 На вырубку деревьев по дороге на Кок-Тобе пожаловались... 288 Просмотров

16:57 Семейге жаңа әкім тағайындалды... 280 Просмотров

16:48 Алматыда жүйкесі сыр бергендерді емдеу орталығында шу шықты... 325 Просмотров

16:46 Мать двоих детей пыталась покончить с собой в Боровом... 281 Просмотров

16:34 Чтобы «хорошо» сидеть в колонии, осужденные платили... 269 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031