16 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



Экология министрлігі жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидатын ұстанады

25 ноябрь 2020, 16:17
Экология министрлігі жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидатын ұстанады
Бұл ұстанымды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың қатысуымен өткен отырыста айтты, деп хабарайды BAQ.KZ.

Кездесу экологиялық бақылау, су ресурстары, геология, орман шаруашылығы және жануарлар әлемі мекемелерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналды. Іс-шара тараптардың өзара бастамасы бойынша ұйымдастырылды.

Министрлік құрылған күннен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен төрт алқа өткізді. Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жоспар әзірленді және іске асырылуда. Сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің картасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бекітілді. Жемқорлық тәуекелдерінің картасы Президент Әкімшілігіне де ұсынылды, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Отырысқа бейнеконференцбайланыс арқылы Министрліктің барлық комитетінің, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының бейінді басқармаларының басшылары қатысты.

Сондай-ақ, кездесу барысында Агенттіктің су ресурстары, экологиялық реттеу және бақылау, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеттерінде бұрын жүргізген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауларына қатысты жұмыс нәтижелері қаралды. Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету көрсеткішін 88%-ға дейін жеткізуге және Агенттіктің ұсынымдарын орындауда айтарлықтай прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берген Министрлік басшылығының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіндегі ұстанымы атап өтілді.

Айта кетейік, ЭГТРМ Агенттікпен бірлесіп өткен жылы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін іске қосты. Қазіргі таңда Министрліктің өңірлік мекемелерінде жобалық кеңсенің 17 филиалы жұмыс істейді.


«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мониторингтік тобының өкілдері мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс тобының, жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық комиссияның, тәртіптік комиссияның құрамына кіреді. Біздің бастамамыз бойынша Агенттік Министрлік комитеттерінде жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Сондай-ақ тәуекелдерді жою бойынша шаралар жоспары қабылданды, - деді министр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жүргізіліп жатқан жұмыста ашықтық деңгейін арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Табиғи байлықты сақтау және көбейту – біздің халық пен ұрпақтар алдындағы киелі міндетіміз. Бұл жолда сізге ашықтық, айқындылық және қолжетімділік демеу болады. Осы қағидаларды ұстану жаңа көзқарасты басшыларды анықтайды. Осы орайда министрге алғысымды білдіремін. Орталық мемлекеттік органдарға бойында әділдік пен адалдық қасиеттері басым жас басшылардың келуі қуантады. БАҚ-пен, азаматтық белсенділермен өзара іс-қимылға, цифрлық шешімдерді енгізуге, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға негізделген кешенді тәсіл ғана жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаудың тамырын кесуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Агенттік төрағасы.
Сонымен қатар ол алдын алу мен ағарту шаралары жемқорлықты тежейтін факторлар екенін атап өтті.

Заңнамалық олқылықтарға, себептер мен жағдайларға, тәуекелдерге, әкімшілік кедергілер мен бюрократияға жол бермеу керек. Сыбайлас жемқорлықты біз белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғаммен ғана жеңе аламыз. Сондай-ақ білім беру, тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру маңызды, - деп баса айтты Алик Шпекбаев.
Мырзағалиевтің айтуынша, оның министрлігі сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу қағидаттарын басшылыққа алады.

Азаматтардың барлық өтініштері мен сауалдарына уақытылы жауап беру ерекше бақылауда. Жемқорлықтың алдын алу жөніндегі міндеттерді іске асыруды күшейту және заңнама нормаларының орындалуын, бірінші кезекте, өзінен және одан кейін барлық қызметкерлерден талап ету қажет, - деп түйіндеді Мағзұм Мырзағалиев.

Просмотров материала: 290

Поделиться материалом


13:01 У четверых казахстанцев, прилетевших из ОАЭ и Египта,... 120 Просмотров

12:48 Массовые крещенские купания запретили в Акмолинской области... 122 Просмотров

12:36 Рынок сгорел в Кандыагаше... 121 Просмотров

12:15 В Нур-Султане в результате массового ДТП погибла женщина... 143 Просмотров

12:05 Зятья и дочери избили пожилую мать в Шымкенте... 153 Просмотров

11:54 Елордада 4 көлік соғылып, бір адам қаза тапты... 157 Просмотров

11:53 Карантин в Байконуре продлили до 1 февраля... 128 Просмотров

11:38 COVID-19 суық мезгілдегі өміршеңдігі толық зерттелмеген... 164 Просмотров

11:30 Мошенник из СКО сдавал акмолинцам несуществующие квартиры... 129 Просмотров

11:22 "7% қосып еді, бәрі қымбаттады": Ақтөбеде азық-түлік бағасы... 172 Просмотров

11:15 Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды... 172 Просмотров

11:11 Нур-Султан вошел в "красную" зону по заражению коронавирусом... 154 Просмотров

10:59 Минсельхоз РК ответило на заявление РФ о запрете на ввоз... 170 Просмотров

10:54 Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді... 172 Просмотров

10:45 Министрлік Ресейдің қазақстандық қызанақтардан вирус... 178 Просмотров

10:42 Житель Павлодара выстрелил девушке в лицо из... 112 Просмотров

10:30 Қазақстан халқының 41% ауылда тұрады – статистика... 102 Просмотров

10:29 12 человек скончались от коронавируса и пневмонии в... 123 Просмотров

10:18 Сколько человек заболело коронавирусной пневмонией в... 90 Просмотров

10:10 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 972 заболевших КВИ... 102 Просмотров

18:00 Нұр-Сұлтанда карантин туралы жаңа қаулы жарияланды... 331 Просмотров

17:56 В Нур-Султане запретили массовые купания в Крещение... 284 Просмотров

17:45 6 өңірде ескерту жарияланды... 305 Просмотров

17:38 Карантин продлили в ВКО... 285 Просмотров

17:32 ШҚО мен Түркістан облысында карантин ұзартылды... 326 Просмотров

17:20 Алматинцев попросили не купаться на Крещение... 317 Просмотров

17:19 Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты... 328 Просмотров

17:11 Бакытжан Темирболат назначен директором Библиотеки Первого... 265 Просмотров

17:07 Көкжайлау жері мемлекетке қайтарылады... 322 Просмотров

16:57 Загрязнение воздуха в Алматы показали с высоты птичьего... 322 Просмотров

16:49 Асқар Мамин Үкіметтің Парламентпен үйлесімді әрі нәтижелі... 333 Просмотров

16:40 В Казахстане зафиксирован рекорд рождаемости в 2020 году... 277 Просмотров

16:30 Қазақстанның премьер-министрі сайланды... 308 Просмотров

16:27 Аскар Мамин остается на посту премьер-министра... 238 Просмотров

16:26 ШҚО мектептерінде заң бұзушылықтар анықталды... 276 Просмотров

16:22 К.Токаев выдвинул А.Мамина на должность премьер-министра... 190 Просмотров

16:13 Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты – Тоқаев... 298 Просмотров

16:00 В Павлодарской области задержан иностранец, проживавший 13... 130 Просмотров

15:50 Алаяқтар қазақстандықтарды банк атынан алдап, қармаққа іле... 144 Просмотров

15:45 Павлодарцу, устроившему стрельбу из ружья из-за долга в 1,5... 117 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031