29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Таразда газ жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды

Таразда газ жарылып, бір отбасы баспанасыз қалды
Таразда жер үйде газ жарылып, 11 жастағы бала зардап шекті. Денесінің 15 пайызы күйген бала ауруханада жатыр. Жаңадан салынған төрт бөлмелі тұруға мүлдем жарамсыз боп қалған. Баспананың шатыры мен қабырғасы қираған. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Оқыс оқиға күндізгі сағат екі шамасында қала шетіндегі жер үйлердің бірінде болды. Бұл баспанада жылу жоқ деп ешкім тұрмаған.

Бірақ, үй иесінің әйелі белгілі бір себеппен баласын ертіп осында келіпті. Екеуі үйге кіре бергенде қатты дүмпу болған.

«Әйелім мен балам ғана еді. Олар құжат алу үшін барған. 11 жастағы ұлым үйге бірінші кіріп жарықты қосады. Сол сәтте қатты дүмпу болды. Ұлым қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелім зардап шеккен жоқ», - деп түсіндірді баланың әкесі Асат Алиев.

Жарылыс дауысын естіген көрші-қолаң дереу келіп қирандының астынан жеткіншекті шығарып алған. Бірден жедел жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізіпті. Ұлының денесі күйіп, талып жатқанын көрген ана әлі есеңгіреп жүр. Сөйлеуге мұршасы жоқ. Ауылдастары мұндай жағдай тағы қайталана ма деп үрейленеді.

«Қорқыныш бар. Жүрегім дірілдеп тұр, үйіме бара алмай отырмын. Екі немерем үйде отыр», - дейді Ләззат Сәрсенова есімді көршісі.

Үй иесінің айтуынша, көшеге былтыр газ құбыры жүргізілген. Өздері қаржының жоқтығынан биыл жазда әрең дегенде ақысын төлеп құтылыпты. Сөйтіп жарылыстан бір күн бұрын түнде көгілдір отын қосылған. Бірақ «табиғи газды қолданбадық» дейді. Себебі, үйге түнемеген. Ал газ қосып берген мердігер өзіне шаң жуытпай отыр.

«Өздері түнде келген ғой, мүмкін балалары ашқан шығар. Бұл жерде адами фактор, ал техникалық қауіпсіздік жағынан кемшілік жоқ», - дейді газ тартушы компания өкілі Бауыржан Бозымбеков.

Жарылыс болған баспананың маңына ешкімді жолатпай жатыр. Шаңырақтың төбесі опырылып ортасына түскен. Қабырғасы да қирап қалыпты. Сондықтан бұл жерде тұруға болады деп айтуға негіз жоқ. Енді үйдің иесіне болашақта жаңа үй тұрғызуына тура келетін сияқты.

Оқыс оқиғаға қатысты арнайы комиссия құрылып, себебін анықтауға кірісті. Шенеуніктер үйі қирап қалған отбасы далада қалмайды деп сендіреді. Үш баласымен далада тентіреп қалған ерлі-зайыптыға газ құбырын тартып берген мердігер уақытша баспана ұсынатын болды.
Просмотров материала: 522

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 621 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 460 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 446 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 383 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 339 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 320 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 640 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 221 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 397 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 313 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 227 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 296 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 380 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 450 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031