29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстаудың Туризм басқармасы PR шараларға 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген

Маңғыстаудың Туризм басқармасы PR шараларға 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген
Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалына түрік компаниясы «бес жұлдызды» қонақ үй салады деген ақпараттың тарағаны сол екен, қоғам пікірі екіге жарылды. Көпшілік – олардың қатарында экологтар, табиғат қорғаушылары бар – Бозжыраға құрылыс жүргізуге мүлдем болмайды деп дабыл қақты. Артынша, бұл дауға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі араласып, халықтың пікіріне құлақ асуды тапсырды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Енді Бозжыраға қонақ үй салынбайтыны анық. Президенттің баспасөз хатшысы хабарлағандай, ол үшін басқа ыңғайлы орын қарастырылады.

«Сол ыңғайлы орын Бозжыраға жақын жерден табылуы мүмкін бе?» деген сұрақпен Azattyq Ruhy тілшісі Бозжыра тауы орналасқан Қарақия ауданының әкіміне хабарласып, сұхбат алды. Алайда, сұхбатты ұсынбастан бұрын облыстық Туризм басқармасының жұмысына азды-кем тоқталып кетуді жөн санадық. Басқарма карантинге қарамастан пиар-жобаларды жүзеге асырып, ол үшін бюджеттен ондаған миллион теңге қаражат жұмсаған.

85 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ПИАРЫ МАҢҒЫСТАУҒА ТУРИСТ ТАРТА АЛА МА?

Сонымен, Маңғыстау облысы әкімдігінің бір жылдық бюджеті 427 млрд теңге. Спорт, туризм және мәдениет саласындағы ең қымбат бес жобасының ішінде бірде-бір туристік нысанның бюджеті жоқ. Есесіне, ең қымбат жобалар көшін спорт мектептерінің бюджеті мен «Каспий» футбол клубы бастап тұр.
Маңғыстаудың Туризм басқармасы PR шараларға 100 миллион теңгеге жуық қаражат бөлген



Ал, «Маңғыстау облысының инвестициялар және туризмды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің биылғы бюджеті жарты миллиард теңгеге жуықтайды, нақты саны – 458 млн 840 мың теңге. Басқарма бір жылдық бюджетінің қандай мақсаттарға жұмсалып жатқанын, мемлекеттік сатып алуда қандай конкурстар өткізгенін publicbudget.kz картасына түсірген. Бізге керегі – туризмді дамыту үшін бөлінген қаражат және сол қаражатқа өткізілген шаралар. Іздегенімізді таптық, конкурстың бәрі конференциялар мен форумдарға, турлар мен туроператорларға, ең көп бюджет – «пиарға» бөлінген. Оқырмандарға бірнеше конкурстың құжатын ұсынуға болады.

Мәселен, 2020 жылдың ақпанында Маңғыстау облысының Туризм басқармасы «Маңғыстаудың кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы» ЖШС атты компаниямен келісімшарт жасасқан. Лоттың жалпы атауы «Маңғыстау облысындағы инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар кешені» деп аталады. Яғни, ең алдымен көзге көрінетін атау PR емес, «кәсіпкерлерге қолдау көрсету» мақсатын айқындап тұрған сияқты.

Үңіле қарасақ, алғашқы лоттың құны 25 млн теңгеге жуықтап тұр. Келісімшарт бойынша бұл қаражат «PR іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтерге» бөлінген.



Екінші лоттың құны 61 млн 532 мың теңге. Тараптардың келісіміне сай, тапсырыс беруші, яғни, Маңғыстау облысының туризмді дамыту басқармасы қаражат бөледі, тапсырыс орындаушы, яғни, «Маңғыстаудың кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы» ЖШС басқармаға «PR және балама іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру бойынша қызметтер» ұсынады.

Сатып алу 2020 жылдың ақпан айында аяқталған, шарт бойынша міндеттер бір жылда орындалуы керек.



Туризм басқармасының басшысы Нұрбек Айтжанмен хабарласуға тырыстық, бірақ, «еңбек демалысында» деген жауап естідік. Оның орынбасары Нұрәділ Иманғалиев болса басқарма орынбасары лауазымына жуырда ғана келгенін айтады.

«Мен жақында ғана келдім, сатып алу басқа басшылық кезінде өткен. Мен келгелі Премьер-министрдің қатысуымен ғана шара өтті, туризмді дамытуға қатысты басқа шара өткен жоқ», - деді телефон қоңырауымызға жауап берген ол. Айта кетейік, 7 қарашада Премьер-министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған болатын.

Ал, «Маңғыстаудың кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы» ЖШС компаниясының басшысы Нұрбек Қарасаевпен байланысу мүмкін болмады. Ашық дереккөздерден білгеніміз, компания Ақтау қаласында орналасқан. 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Мемлекет алдында қарызы бар, яғни, контрагенттердің бірыңғай базасында компания бюджетке 8 млн 455 мың теңге қарыз екені хабарланған.

«ШЕЖІРЕЛІ МАҢҒЫСТАУДЫ» НҰР-СҰЛТАННЫҢ КОМПАНИЯСЫ СУРЕТКЕ ТҮСІРГЕН

Туризм басқармасы төтенше жағдай кезінде тағы бір конкурс өткізген. Өтініштер 2020 жылдың 13-28 наурызында қабылданып, жеңімпаз болып Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген «Ақниет Булегенов» жеке кәсіпкерлігі танылған. Лот құны – 3 млн 175 мың теңге.

Басқарма бұл жеңімпазға мынандай талап қойып отыр: «Шежірелі Маңғыстау» тақырыбына тақырыптық фотоэкспедицияны өткізу және БАҚ-та жариялау қызметі, арнайы медиа-жоспар құру, медиа-жоспар бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде фототүсірілім орнына жету, қажетті шараларды өткізу. Медиажоспар бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде өнім беру кемінде 50 өңделген фотосурет ұсынуы тиіс, БАҚ-қа фоторепортаж шығаруға міндетті, 2 фоторепортаж Маңғыстау облысының және Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын баспа бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы керек. Фоторепортаж шығатын сайттың бірегей оқырмандары 600 000-нан кем болмауы тиіс».

ТАПСЫРЫС БАР ДА, САЛЫҚ ЖОҚ

Маңғыстау облысының туризм басқармасы Қазақстанда коронавирус өршіп тұрғанда реалити-шоудың қамымен тағы бір лот өткізген. Сомасы 6,5 млн теңге. Жеңімпаз «Бала жолы» қоғамдық қоры деп аталады.

Шарт бойынша, конкурс жеңімпазы Маңғыстау облысында туризмді дамыту мақсатында телевизиялық эфирде деректі бейнефильмдер дайындап, оны эфирге шығаруы керек. Фильмдер қазақ және орыс тілінде жасалып, астында ағылшын тілінде субтитр өтуі тиіс. Ролик саны – 10.

«Бала жолы» қоры екі жыл бұрын тіркелген, иесі – Таңат Жолдыбаев. Бұл қордан басқа компьютер жөндеумен айналысатын тағы бір компаниясы бар. Бірақ, қай компаниясының атынан да Жолдыбаев бюджетке бір тиын да салық төлемеген.



Бұдан басқа, туризм басқармасы «Маңғыстаудың туризм әлеуетін таныстыру» үшін де бірнеше лот ойнатқан. Конкурсқа сай, жеңімпаз Нұр-Сұлтан, Алматы, тіпті Мәскеу қалаларына барып, Маңғыстаудың туризміне байланысты презентация жасауы керек. Мәскеуге «баратын» лотты жеңіп алған компанияның өкілі келісімшарт жасалғанын хабарлады. Бірақ, коронавирус пандемиясына байланысты әлі Ресей астанасына бара алмай жатқанын айтып, өкініш танытты.



Көріп тұрғанымыздай, туризмді дамытуға қатысты мемлекеттік сатып алуда көрме, форум, фотоэкспедиция, PR шараларға ғана ондаған миллион теңге қаражат жұмсалған. Бірақ, осы қыруар қаражатқа жасалған өнім Маңғыстау облысына қанша турист тартты? Қаражат өзін ақтады ма? Сұрақ көп...

Осы тұста ақтаулық блогер Азамат Сәрсеновтың жуырда өз камерасына түсірген Каспийдегі қоқиқаздар туралы видеоролигін Маңғыстау облыстық әкімдігінің мамандары көрсе дейміз. Құстардың ғажап бейнесі Қазақстан түгілі әлемге тез тарап кетті.

Ал, енді Бозжыраға қайта оралсақ... Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Бековтің айтуынша, түрік компаниясына қонақ үй салуға берілетін жердің орны әлі бекітілмеген.

«Инвесторлар, түрік компаниясы, Бозжырадан бір шақырым жерден құрылыс мақсатында жер сұраған. Қазір бұл мәселеге Президент араласты, өзі қадап айтқандай, Бозжыра аумағына қонақ үй салу мәселесі қоғамдық талқылаудан өткеннен кейін ғана қаралады. Осы уақытқа дейін инвесторлар ол аумақты барып көрген.

Жалпы, өзім аудан басшысы ретінде айтар болса, инвестициялық жобалар аудандағы халықты жұмыспен қамтамасыз етер еді, біздің халық өзі жасаған табиғи өнімдерін тіпті, түйенің жүнінен жасалатын өнімдерді де сатып, әлеуметтік жағдайын жақсартар еді», - деді ол.
Просмотров материала: 1 041

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 631 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 469 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 455 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 394 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 349 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 321 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 109 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 643 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 222 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 398 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 314 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 229 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 299 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 381 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 453 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 175 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 409 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031