28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Атырауда қатерлі ісікті жасанды интеллект арқылы анықтауға болады

Атырауда қатерлі ісікті жасанды интеллект арқылы анықтауға болады
«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры Диляра Қайдарованың айтуынша, онкологиялық ауруларды анықтап, емдеу үшін Атырау облысында соңғы жылдары іргелі жұмыстар жасалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысына жұмыс сапарымен келген «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Диляра Қайдарова Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың қатысуымен өткен үйлестіру кеңесі отырысында Атырауда соңғы төрт жылда онкологиялық аурудың тіркелу динамикасында бәсеңдеу барын атап өтті.

Оң көрсеткіш соңғы жылдары саланың 26 кадрмен толығуына да байланысты. Бұрын науқастар ем алу үшін Алматыға келіп қаралатын болса, қазіргі уақытта онкологиялық ауруға шалдыққан емделушілерге жоғары сапалы көмек жергілікті медициналық орындарда да көрсетіліп отыр. Атыраудың медициналық мекемелері соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған. Және хирургиялық күрделі ота жасауға да мүмкіндіктер бар, - деп атап өтті ол.
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиевтің айтуынша, Атырауда сүт безі, өкпе обыры, асқазанның қатерлі ісігі аурулары жиі кездеседі.

Сол себепті, медициналық мекемелер ерте мерзімде диагностикадан өткізіп, зерттеуге мүмкіндік беретін және күрделі ота жасалатын құрылғылармен жабдықталды. Десе де, облыстағы басты онкологиялық диспансер ғимаратының көне екені рас. Бүгінгі таңда осы мәселеге байланысты аймақ басшысына ұсыныс дайындалуда, - деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиев.
Атап өтерлігі, Атырау облысында барлық медициналық мекеме ортақ жүйеге қосылды. Бұл жүйе қала, аудандардағы томография, рентгендік зерттеулердің қорытындыларын ортақ базада жинақтап, зерделеуге мүмкіндік береді. Және қатерлі ісіктерді бүгінде Атырауда жасанды интеллект көмегімен анықтауға мүмкіндік жасалғандығы аймақ медицинасы үшін үлкен жаңалық.

Жасанды интеллект қатерлі ісіктерді мейілінше ерте мерзімде анықтауға мүмкіндік береді. Біз обырға шалдыққан науқастың өмір сүру ұзақтығын кемінде 5-6 жылға соза алсақ, мұның өзі үлкен жетістік, - деп нақтылады Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиев.

Қазақстанның бас онколог дәрігері Диляра Қайдарованың айтуынша, онкологиялық ауруларды анықтаудың ең тиімді жолы - медициналық скрининг. Қатерлі ісік ерте анықталған жағдайда мамандар науқасқа 70-80 пайызға дейін көмек көрсете алады.

Сол үшін де азаматтарды өз денсаулығына салғырт қарамауға, медициналық скринингтен уақтылы өтуге шақырамын, - деген Бас онколог дәрігер емханалардағы скринингтік тексерулерді ұйымдастыру жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруды тапсырды.
Еске сала кетелік, Қазақстанда қатерлі сырқатқа қарсы скринингтік тексерулер 25 жастан басталады.

Әйелдер арасында жатыр мойыны обырына қарсы тексеру 30-35 жаста, сүт безі обырына қарсы тексеру 50-60 жас аралығында, ерлер арасында қуық безі обырына қарсы медициналық скрининг 50-54, 58-62 жас аралығында өткізіледі.

Асқазан, өңеш обырына қарсы тексеру ер, әйел адамдар үшін де 50 жастан басталады. Ал бауыр обырына қарсы тексеруден пациент кез келген жаста өте алады.

Атырау облысында онкологиялық есепте 4500 науқас тұр. Соңғы бір жылда қатерлі ісік 1150 адамнан анықталған.

Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының мамандары Атырау облыстық онкологиялық диспансеріне арнайы барып, ондағы науқастарды емдеу бойынша консультациялық кеңестер берді және жергілікті дәрігерлер үшін шеберлік сабақтарын өткізді.

Просмотров материала: 820

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 492 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 331 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 319 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 257 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 212 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 612 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 269 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 421 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031