29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көпбалалы аналарға енді жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады - Нұрымбетов

17 ноябрь 2020, 12:57
Көпбалалы аналарға енді жәрдемақы автоматты түрде тағайындалады - Нұрымбетов
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру мәселелері қаралды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов баяндама жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әлеуметтік-еңбек саласында 44 қызмет түрін көрсету көзделген, оның 38 қызметі электрондық түрде көрсетіледі, ал оның ішінде, 18-і проактивті түрде, яғни азаматтың қатысуысыз автоматты түрде тағайындалатын төлем, не қызмет.

Биыл барлығы 9,5 млн қызмет көрсетілді. Жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшірілетін болады және 2022 жылы 93%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау процестерін толық цифрландыруды тапсырған болатын.

Б. Нұрымбетовтың айтуынша, бұл жұмыстың негізгі бағыты – мүмкіндігінше барлық қызметтерді проактивті форматқа көшіру — яғни қызмет көрсету бастамашысы азамат емес, мемлекет болады.

Барлық қажетті мәліметтер, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл жолымен қалыптасады. Азамат қызметтерді алуға келісім ғана беруі қажет болады.

"Проактивті қызмет түрі – қызметті берушімен алушының байланысын болдырмайды, қызмет көрсету уақытын барынша қысқартады, қағазды құжаттарды жинаудың және уәкілетті органдар қызметкерлерінің қатысу қажеттілігін жояды", — Б. Нұрымбетов.
Мысалы, бұған дейін көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау үшін өтініш беруші қағаз түріндегі қажетті құжаттарымен Мемлекеттік корпорацияға жүгінетін. Ол үшін алдын-ала сол құжаттарды алу үшін бірнеше ұйымдарға барып, уақытын кетіретін. Ал бүгінде осы процесті автоматтандырудың нәтижесінде Министрліктің жүйесіне басқа ақпараттық жүйелерден қажетті жеке тұлға және балалардың туылуы мен саны туралы мәліметтер проактивті түрде түседі. Сол мәліметтердің негізінде автоматты түрде жәрдемақы тағайындалып, көпбалалы анаға ол туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Жұмыспен қамту саласында Электрондық еңбек биржасы мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көзделеді. Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам жұмыспен қамту орталығына барып, кезекте тұрып, тиісті жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерлерімен байланыс жасасуға мәжбүр. Егер жұмыс табылмаса, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет және жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлем алуға жеке өтініш беру қажеттілігі тағы бар.

"Ендігі кезде барлық жұмыспен қамту шаралары, құралдары, вакансиялар Электрондық еңбек биржасында қалыптасатын болады. Электрондық еңбек биржасының порталы жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде вакансияларды, “Еңбек” бағдарламаның құралдарын ұсынатын болады. Яғни шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды. Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді де, оған тиісті жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп тағайындайды. Осылайша, бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп, біз “цифрлық” жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз", — деп түсіндірді Б. Нұрымбетов.
Келесі іске асырылып жатқан үлкен цифрлық жоба – ол мүгедектікті сырттай белгілеу жүйесі.

Бүгінде өтініш беруші төрт түрлі органға жүгінуге мәжбүр: біріншісі, емханаға — тексеруден өту үшін; екіншісі, медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне — мүгедектікті белгілеу үшін; үшіншісі, әлеуметтік қызметтер мен техникалық оңалту құралдарын тағайындаған кезде – жергілікті атқарушы органдарға; төртіншісі, жұмысқа орналасу мәселесімен — жұмыспен қамту орталығына бару. Осы қызмет толық автоматтандырылғаннан кейін өтініш беруші тек емханаға тексерілуге баруы жеткілікті болады. Ал осы қызметтің басқа сатылары, ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы проактивтік түрде іске асырылады.

Осылайша мүгедектігі бар адамдарға қызметті пайдалану уақыты едәуір қысқарып, қызметтер кешенді және проактивті түрде көрсетілетін болады. Сонымен бірге, азаматтырдың әлеуметтік мәртебесі мен құжаттарды цифрлау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде бізде азаматтың әлеуметтік саласындағы барлық деректері бір жерге жиналған.

Осы жылдың соңына дейін зейнеткердің, мүгедектігі бар адамның, атаулы әлеуметтік көмек алушының, жұмыссыздың, көпбалалы ананың, қандастың мәліметтері "электрондық үкіметтің" мобильді қолданбасындағы (m-Gov) жеке кабинетте қолжетімді болады. Аталған жобаны іске асыру қағазды құжаттардан бас тартуға және азаматтарға мемлекеттік органдарға бармай-ақ, әлеуметтік мәртебесін растауға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта жоғарыда аталған қызметтердің бизнес-процестерін толықтай цифрлау үшін тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе келесі жұмыстар атқарылады: денсаулық сақтау жүйесінде — 088/у анықтамасы, денсаулық паспорты, уақытша еңбекке жарамсыздық парағы, техникалық оңалту құралдарын таңдау параметрлері бойынша мәлеметтерді цифлау; мұрағаттық мәліметтер бойынша — еңбек өтіліне қатысты құжаттардың, 2008 жылға дейінгі азаматтық хал актілердің, кеңес кезіндегіні қоса алғанда, білім жөніндегі дипломдардың цифлық нұсқаларын жасау қажет.
Просмотров материала: 19 126

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 551 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 389 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 377 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 315 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 270 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 500 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 621 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 220 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 222 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 278 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 143 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 430 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 971 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031