26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сот Атырау лифтісіндегі жасөспірімдердің өліміне қатысты ешкімге жаза кеспеді

Сот Атырау лифтісіндегі жасөспірімдердің өліміне қатысты ешкімге жаза кеспеді
Атырау соты Алмагүл шағын ауданындағы №19 үйдің лифт шахтасына екі жасөспірімнің құлап кетуіне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша «Каспий Лифт» ЖШС-нің 53 жастағы бұрынғы директоры Қаныбек Мұратбаевты кінәлі деп таныды. Бірақ ескіру мерзімінің өтуіне байланысты оны жазадан босатты. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.

Сот тергеуі сотталушы Мұратбаевтың №19 үйдегі лифтілердің жұмыс істемейтінін білгенін және ақауларды жойып, тұрғындарды қауіпсіз етуге нақты мүмкіндігі болғанын анықтады. Ол сондай-ақ қызметіне немқұрайлы қарап, шартты түрде сотталуына байланысты бірнеше жыл бойы Алматыда болып, Атыраудағы лифтілердің жұмысына бақылау жасамаған. Салдарынан лифтілер істен шыққан, есіктері бекітілмей, ашық күйде қалған.

Сот ісі процессуалдық прокурорлардың, жәбірленушілердің, сотталушының және оның адвокатының қатысуымен онлайн режимінде қаралды. Прокурор Анар Абдолла Қаныбек Мұратбаевты кінәлі деп тануды және оны ескіру мерзімінің бітуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.

Жәбірленушілер сотталушыны нақты мерзіммен жазалауды, ал адвокат пен сотталушы ақтау үкімін шығаруды сұрады.

№2 қалалық сотының төрағалық етуші судьясы Зәуре Қазақбай Мұратбаевты кінәлі деп тапты. Бірақ ол өз кінәсін мойындамады, енді сот үкіміне шағымданбақ. Бұдан басқа, сот «Каспий Лифт» ЖШС-не дейін Алмагүл ықшамауданындағы лифтілерге қызмет көрсеткен «Тату» ЖК-іне қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы шешімді заңсыз деп санап, облыс прокурорының атына жеке қаулы шығарды. Сондай-ақ, қылмыстық істі тергеудің созылуына (екі жылдан астам) қатысты Атырау облысының полиция департаментіне қатысты жеке қаулы шығарды.

«Қылмыстық кодекстің 11-бабының 2-тармағы бойынша, бұл қылмыс онша ауыр емес қылмыс ретінде белгіленген, оның бас бостандығынан айыру жазасы 5 жылдан аспайды. Сот үкімі шыққанға дейін екі жылдан астам уақыт өтті, заң бойынша бұл санаттағы қылмыстың ескіру мерзімі өтті. Сондықтан сот Мұратбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша кінәлі деп тапты, бірақ оны қылмыстық жазадан босатты», - деді судья Зәуре Қазақбай.

Сот сотталушыдан процессуалдық шығындарды өндіріп алды. Сот жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірмеді, өйткені бұл төлем 2018 жылдың 1 шілдесінен кейін жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін өндіріліп алынады. Жәбірленушілер тарапынан азаматтық талап арыз түспеді.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 21 мамырында Алмагүл шағын ауданындағы №19 үйде жұмыс істемей тұрған жүк лифтісінің шахтасына құлап, екі жасөспірім қаза тапты. Бұл іс бойынша қылмыстық істі тергеу екі жылдан астам уақытқа созылды. Сотта жасөспірімдердің ата-аналарынан басқа, 2018 жылы Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған және коммуналдық секторға жетекшілік еткен Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтан жауап алынды.
Просмотров материала: 789

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 294 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 086 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 028 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 012 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 493 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 250 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 736 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 871 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 067 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 319 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 486 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 395 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 318 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 587 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 138 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 465 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 142 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 088 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 941 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 150 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 115 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 734 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 835 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 430 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 924 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 012 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 148 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930