22 января 2021 г.

Мы в соц сетях:



Жерді пайдалану керек – Бердібек Сапарбаев

Жерді пайдалану керек – Бердібек Сапарбаев
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты назарында. Жыл басында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге пайдаланусыз жатқан жерлерді айналымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы тапсырманың орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы өкілдері жасаған баяндамаға сүйенетін болсақ, жоспар бойынша 70 мың гектар жерді қайтару көзделсе, бүгінде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 5390 гектар егістік және 66765 гектар жайылымдық жерлер бар.

Мойынқұм ауданы бойынша тапсырма ойдағыдай орындалса, Шу, Сарысу, Қордай және Т.Рысқұлов аудандарында игерілмеген жерлердің үлкен көлемі анықталған. Сонымен қатар, бұл істе Байзақ, Жуалы, Меркі, Жамбыл және Талас аудандарында айтарлықтай артта қалушылыққа жол берілген.

Пайдаланусыз жатқан жерлерді анықтау және айналымға енгізу – жергілікті әкімдіктердің функцияларының бірі болып табылады. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, олардың бәрі бірдей бұл мәселеге тиісінше көңіл бөліп отырған жоқ.

Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, кейбір әкімдіктер пайдаланусыз жатқан ауылшаруашылық жерлерінің көлемі туралы нақты цифрларды жасырып, жалған мәліметтер жолдайды. Мәселен, Қордай ауданының әкімдігі игерусіз жатқан 15,5 мың гектар жайылым бар деп хабарлағаынмен, тексеру кезінде 99 мың гектар жер анықталған. Осындай сәйкессіздіктер Сарысу, Т.Рысқұлов және Шу аудандарының әкімдіктері ұсынған ақпараттарда да кездеседі.

Жалпы, облыс бойынша пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер анықталған десек, жергілікті әкімдіктердің жолдаған көрсеткішімен ол бар-жоғы 107 гектарды құраған болатын. Тексерушілер көптеген иесіз жерлерді тапқан. Мысалы, Меркі ауданында 1247 гектар, Талас ауданында 1193 гектар, ал Қордай ауданына 559 гектар осындай жер белгілі болған. Олар бойынша құжаттар заңнама шеңберінде одан әрі рәсімдік іс-қимылдар жүргізу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жіберілген.

Кездесуге онлайн байланыс арқылы қатысып отырған жұмысы сылбыр аудан әкімдері жоғалған уақыттың орнын толтырып, тапсырманы жыл соңына дейін орындауға уәде берді.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен ауылшаруашылық жерлеріне бір ай ішінде толық объективті тексеріс жүргізуді талап етті.

- Жер айналымда болуы керек, оны ұтымды ұқсатып, барынша өнімділік тұрғыда пайдаланған абзал. Бізге егіс алқабын кеңейту, ауыспалы егістік бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Біз өңірімізді өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Азық-түлік қауіпсіздігі – қазіргі кездегі маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі, - деп атап өтті аймақ басшысы.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев ұсақ шаруа қожалықтарын агрохолдингтерге біріктіру жұмыстарын жалғастыру қажет екенін еске салды. Әрбір ауданда заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен және жабдықтарымен қамтамасыз етілген осындай екі-үш аграрлық бірлестік болуы тиіс. Келер жылы жақсы өнім жинау үшін тиісті жұмыстарды бүгіннен бастау керек. Сапасыз тұқымдардан бас тартып, техниканы реттеп, тыңайтқыштар қолдану, су ресурстарын, оның ішінде суды үнемдейтін технологияларды енгізуге қазірден қамданған дұрыс.
Просмотров материала: 568

Поделиться материалом


18:05 Любовный треугольник: на IVI выходит новый фильм Анны... 185 Просмотров

18:03 Автобустардағы SMS төлем тоқтатылады... 210 Просмотров

17:52 Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады... 212 Просмотров

17:51 Молодые люди избили женщину с ребенком в Семее... 187 Просмотров

17:42 Тоқаев: Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңда барлық... 215 Просмотров

17:31 Ущерб в 26 млрд тенге: браконьеров задержали за отстрел... 201 Просмотров

17:27 СҚО-да үш жасар қыз жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Анасы... 329 Просмотров

17:16 Көлік тізгіндеген 6 жасар бала әйелді қағып, мүгедек қылды:... 318 Просмотров

17:16 С 1 февраля в Казахстане перестанут принимать банкноты "с... 198 Просмотров

17:04 Попала в реанимацию: жительницу СКО подозревают в избиении... 228 Просмотров

17:00 1 ақпаннан бастап 2006 жылғы банкноттар қабылданбайды... 269 Просмотров

16:52 Мужчина избил жену на улице в Павлодаре (ВИДЕО)... 230 Просмотров

16:46 Қоқиқаз бен аққуларды түсірген ролик авторы жаңа видео... 245 Просмотров

16:42 В Карагандинской области мужчина убил своего знакомого во... 212 Просмотров

16:34 «Ордабасыға» жаңа бас бапкер келді... 216 Просмотров

16:22 В двух регионах Казахстана объявлено штормовое... 101 Просмотров

16:20 Алматыда қайырымдылық жәшігіндегі ақшаны ұрлаған ер адам... 121 Просмотров

16:05 Водитель в наркотическом опьянении управлял автобусом в... 103 Просмотров

16:04 Ақтауда орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді... 106 Просмотров

15:53 Членов ОПГ осудили за торговлю наркотиками в Павлодарской... 128 Просмотров

15:50 Ең қымбаты – Iphone. Шенеуніктер мемлекетке 245 сыйлық... 125 Просмотров

15:38 Тағы бір банк зейнетақы жинағын алу үшін арнайы шот ашу... 136 Просмотров

15:32 Результаты 27 абитуриентов аннулировали в первый день ЕНТ... 106 Просмотров

15:25 Қарағандылық алаяқ 47 адамды алдап соққан... 123 Просмотров

15:21 136 млн тенге не заплатил налогов бизнесмен в Кызылорде... 104 Просмотров

15:10 БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды... 131 Просмотров

15:05 6-летний ребенок сел за руль и сделал мать двоих детей... 91 Просмотров

14:58 ҰБТ-2021: Алғашқы күннің аралық қорытындысы шығарылды... 135 Просмотров

14:45 Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды... 110 Просмотров

14:33 Алматы әкімдігі баннердегі суреті үшін ақша талап еткен... 154 Просмотров

14:19 ХОК Токиодағы жазғы Олимпиада уақытын шегермейді... 117 Просмотров

14:07 «Халал» өнімі жаңа өзгерістермен толығады... 131 Просмотров

13:00 Министрлік "вакцинадан көз жұмған" қазақстандыққа қатысты... 155 Просмотров

12:41 Түріне қарасаң қазақ. Қазақша сөйлеп көріп, масқара болған... 352 Просмотров

12:38 Минздрав прокомментировал информацию о казахстанце,... 155 Просмотров

12:35 Маңғыстауда нәресте инсульт алды... 200 Просмотров

12:30 У трех прилетевших в Казахстан пассажиров обнаружили... 120 Просмотров

12:21 Застолье закончилось поножовщиной в Алматинской области... 123 Просмотров

12:20 Алматы облыстық сотының 8 маманы вирус жұқтырған... 139 Просмотров

12:10 В Туркестанской области задержали подозреваемую в... 149 Просмотров





Опрос


«    Январь 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031