20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Оқулықтар асығыс жазылады, мамандардың жалақысы аз»: экс-министр бірнеше ұсыныс айтты

05 ноябрь 2020, 12:25
«Оқулықтар асығыс жазылады, мамандардың жалақысы аз»: экс-министр бірнеше ұсыныс айтты
Сенатор Бақытжан Жұмағұлов мектеп оқулықтары сапасының төмен болу себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Оқулықтар туралы сын бұрын да айтылатын. Бірақ, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан мұндай сын бұрын-соңды болған емес. Неге? Өйткені білім беру жүйесі Кембридж моделіне көше отырып, оны практика жүзінде сараптамадан өткізбеді. Оқулықтар асығыс, үстірт жазылды, жыл сайын үш сынып осы жүйеге көшірілді. Авторлар мен сарапшылардың жеткілікті деңгейде дайындығы мен айтарлықтай тәжірибесі болмады. Әрі оқу пәндері қалыптасқан модельге сәйкес келмеді», - деді сенатор.

Депутаттық сауалда оқулықтардың құрылымы мен мазмұны терең өзгерістерге ұшырағаны айтылған. Бүгінде оқулықтағы мәтін, грамматикалық қателер, иллюстрациялар және тағы басқа мәселелер жұртшылық тарапынан сынға ұшырап келеді. Сенатор бұл мәселенің себебі ауқымды екенін айтты.

«Қажетті зерттеулер, әдістемеліктер оқу бағдарламаларын жаңа тұжырымдамаға сай қайта құру, жаңа мазмұнмен толықтыру жағдайында жүргізілмеді. Барлық мектеп бағдарламасының мазмұны өте қысқа мерзімде қайта жаңғыртылды. Көптеген мектеп пәндерінің құрылымы мен мазмұны өзінің методологиялық жүйесінен, тұтастығынан, пәнаралық және деңгейаралық жағдайынан айырылып қалды. Оқушылардың жеке деңгейі ескерілместен оқу материалдары толықтырылды», - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Сенатор бағдарламалар оқулық әзірлеушілерден мүлде бөлек дайындалғанын айтты. Сапалы бағдарламасыз сапалы оқулықтар жасау мүмкін емес. Үстірт жасалған оқу бағдарламалары әзірлеушілер тарапынан да, мұғалімдер тарапынан да сұрақтар мен қайшылықтар тудырмауы керек. Депутат бұл проблемалардың бір себебі ретінде Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы қызметкерлерінің ғылыми атағы мен еңбекақысының төмендігін атады. Ал, бұл академия осы нормативтік құжаттарды әзірлеуші болып отыр.

«Академияның 85 қызметкерінің 24 пайызының ғана ғылыми дәрежесі бар (ғылым докторы - 3, PHD - 3, ғылым кандидаты - 17). Бас ғылыми қызметкердің жалақысы - 119 526 теңге, жетекші ғылыми қызметкер айына - 106 678 теңге алады, аға ғылыми қызметкердікі – 95 192 теңге, ал ғылыми қызметкердің алатыны - 81 955 теңге. Мұндай айлықпен отырған адамнан қандай сапалы жұмыс күтуге болады? Айта кетелік, бұл еліміз бойынша орташа айлықтан екі есе төмен», - деді депутат.

Сенатор сараптама жүргізу рәсімдері мен тетіктерін жетілдіруді, оқулық басылымдары сарапшыларын жаңа деңгейге көтеруді ұсынды. Олардың біліктілігін арттыру әдістемесін әзірлеу, қажетті құзыретін және олардың жауапкершілік дәрежесін айқындау керек. Баспалардың барлығы дерлік оқулықтар жазуға жоғары оқу орындарының ғалымдарын, мектеп мұғалімдері мен әдіскерлерді тартады. Айтуынша, барлық тартылған авторлардың негізгі жұмысы бар, олар үшін шығармашылық демалыс жоқ.

Сенатор терминология мәселесіне де тоқталды.

«Лингвистердің өзі кейбір ғылыми терминдерді пайдалануда бір пікірге келе алмайды. Авторлар терминдерді әр кезде әртүрлі пайдаланып, шатастырады. Оқу әдебиетіне қатысты терминдерді бекіту үшін ауқымды жұмыс жүргізу керек», - деді экс-министр.

Сенатор мектеп оқулықтары авторлардың қалауы бойынша жасалатын білім беру саласындағы дербес өнім емес екенін атап өтті. Оқулықтар Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарлама талаптарына сай жасалуы тиіс. Бапқытжан Жұмағұлов осы мәселелердің барлығын кешенді түрде қарастыру қажеттігін айтты. Ұсынылған оқулықтарды алдын ала талқылау үшін кәсіби сараптаманы, авторлар ұжымын, баспагерлер мен педагогикалық қауымдастықты қатыстыра отырып өткізген жөн.
Просмотров материала: 583

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 772 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 595 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 564 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 498 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 481 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 766 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 317 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 468 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 908 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930