18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Көлік саудасына пандемияның көлеңкесі түспеді

31 октябрь 2020, 11:28
Көлік саудасына пандемияның көлеңкесі түспеді
Елімізде жаңа көліктердің саудасы қызып тұр. «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, алғашқы 6 ай ішінде 313,4 млрд теңгеге 35 мың жаңа көлік сатылған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 пайызға жоғары. Дегенмен індет кезінде «тұлпар» тізгіндеуге асыққандар саны көбейгені қызық-ақ, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өмір өзгерсе де, көлік өзгермеген

Төтенше жағдай кезінде авто­көліктерді онлайн тіркеу қызметіне жүгінгендердің саны да екі есе артқанын Цифрлық даму, инно­вация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеген еді. Яғни, жаңа көліктің саудасы жүріп тұр. Шілде айында көліктер 11 пайызға қымбаттаған болатын. Соған қара­мастан халықтың темір тұлпар тізгіндеуге деген құлшынысы арт­қанына қарағанда пандемия көлік саудасына кері әсер етпеген екен.

Биыл бір ғана маусым айында 83,4 млрд теңгеге 9 677 жаңа көлік сатылыпты. Қараңыз, бұл індеттің нағыз өршіп тұрған шағы болатын. Бұдан бөлек, отандық көліктерге сұрау көбейіпті. Осы аталған 6 ай ішінде еліміздің автозауыттарында құрастырылған 24 314 көлік са­тылған. 10 772 автомобиль им­портқа жөнелтілген. Соған сай осы уақыт аралығында көлікті өз атына онлайн тіркегендер де күрт көбей­генін айттық.


Пандемия басталған шақта еліміздегі көлік саудасы 40 пайызға кеміген болатын. Бірақ бұл Kolesa.kz сайтындағы кө­ліктерге қатысты дерек. Сол кезде көлік саудасы тұралап қалғанымен, автокөлік бағасы арзандамады. Байқасаңыз, аталған сайтта көбіне бұрын біраз жүрген көліктер сатылады, ал жоғарыда айт­қаны­мыздай, жаңа авто­көліктердің саудасы жүріп тұр. Жаңа автокөлік пен ескі көліктің сатылым деңгейі неге біркелкі емес?

– Біз биыл наурыз айында автомобиль нарығында көлік саудасының ең жоғары деңгейін байқадық. Өткен жылдың нау­рызымен салыстырсақ, өсім 40 пайызға жетіпті. Бұған автомобиль нарығындағы сұраныстың артуы мен АҚШ долларының бірден көтеріліп кетуі себеп болды. Халық көлік қымбаттап кетеді деген үреймен автомобиль алып қалуға тырысқан сияқты. Ал наурыз айының соңына қарай елде ка­рантинге орай ХҚКО жабылып қал­са да, дилерлер онлайн сауданы тоқтатқан жоқ. Ал мемлекет те онлайн түрінде көліктерді тіркеуге қоюға қадам жасады. Осының бәрі айналып келгенде көлік саудасын қарқынды етті, – дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева.

Жаңа көлікке сұраныс көп

Сонымен, биыл алғашқы тоқ­санда сатылым жағынан Ravon көлігі көш бастапты. Өйткені осы марканың жаңа түрлері нарыққа көптеп шықты. Оны Қостанайдағы автомобиль зауыты конвейерге қойды. Жақында бұл авто Chevrolet брендімен сатыла бастады. Бұл танымал атау осы көліктің саты­лымын одан әрі ұлғайтпаса, кеміт­пек емес. Наурыздың соңында «Са­рыарқа Автопром» Chevrolet маркасымен Damas, Labo, Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Onix және Spark модельдерін құрастыруды бастады. Зауыт жы­лына 26 мың автомобиль шығаруды жоспарлап отыр екен. Демек, жақын арада отандық зауыттардың тасы өрге домалауы мүмкін.

Ең өтімді автомобильдер на­рығын бұрынғыдай Ресейдің автоөндірісі бастап тұр. Lada-ның бағасы салыстырмалы түрде арзан болғандықтан, көп сатылатын көліктер тізімінің ұшар басына сол жайғасқан. Одан кейін корей автоөндірісінің мақтанышы Hyundai маркасының 3 094 данасы сау­даланған. Ал үштікті Toyota түйін­дейді. Оның 2 653 данасы сатыл­ғанымен, былтырдың осы ке­зеңімен салыстырғанда 8,7 пайыз аз өтіпті.

Автокөлік модельдері ішінде Lada Granta – 1 628 дана, Ravon R3 Nexia – 1 354 дана, Kia Rio – 1 205 дана, Toyota Camry – 1 159 дана, Hyundai Tucson – 1 081 дана, ал Lada Vesta-ның 937-сы дана сатылған. Бұл – алғашқы тоқсан көрсеткіші. Ал екінші тоқсаннан кейін Lada – 7 957, Hyundai – 6 792, Toyota – 4 731, Ravon – 4 195 және KIA-ның 3 080 данасы сатылғаны мәлім болды. Бір қызығы, әңгіме еткен Ravon R3 Nexia өтімділігі жағынан әйгілі Toyota Camry седаны мен Hyundai Tucson крос­соверін де басып озған.

Дегенмен көлік бағасы мен келешектегі сұранысына қатысты түрлі болжам бар. Мәселен, Тәуел­сіз автобизнес одағының басқарма мүшесі Мақсат Мейір­мановтың ойынша, карантин аяқ­талған соң автокөлік құны кем дегенде 20 пайызға шарықтап шықпақ. Сарап­шылар оны төтенше жағдаймен емес, доллардың жиі құбылуымен байланыстырады. Шетел валю­тасына байланған барлық өндіріс ошағы мен дилерлік орталықтар бағаны өзгертіп отыруға мәжбүр болады.

– Баға бірден 20 пайызға кө­теріліп кетеді деп айта алмаймыз. Оның ауыртпашылығын тұты­нушы сезінбес үшін ақы­рындап көтеріп, өзгерте береді. Клиент­тердің сұ­ранысы да өзгеріске ұшы­райтыны анық. Қалтасындағы ақшасына қарай пікірін өзгертіп, неғұрлым арзанын іздейтіндерді айтып отыр­мын. Мысалы, Mercedes өз тауарын 20 пайызға арт­тырса, Lexus өнді­рушілермен ке­лісіп, 1 пайызға асықпай көтеруі мүмкін. Ең өкі­ніштісі, тұтынушы үшін таңдау ер­­кіндігі анағұрлым азаяды, – дейді Мақсат Мейір­манов.

Түйіндей келе ұққанымыз – пандемия Қазақстанның авто­көлік нарығына кері әсер ете алмады. Осылайша, жаңа кө­ліктердің дәу­рені жүрді. Алайда Kolesa.kz-тегі бұрын жүрген авто­мо­биль­дердің жайы басқа. Сон­дықтан жаңа автокөліктерге қа­тысты сұраныс артқанын жалпы авто­мобиль нары­ғындағы өрлеу деп айта алмаспыз.

Просмотров материала: 754

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 470 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 294 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 262 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 198 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 177 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 432 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 221 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 651 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 783 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 655 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 290 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 223 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 374 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930