10 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Семейде 90 жастағы кейуана 17 мың теңге зейнетақыға күн көруде

Семейде 90 жастағы кейуана 17 мың теңге зейнетақыға күн көруде
Семейде 90 жастағы кейуана 17 000 теңге зейнетақығы күн көруде. Тыл ардагері зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасын жоғалтып алып, салдарынан өзіне тиесілі ақшадан қағылған. Жұмыс істеген жылдарын растайтын құжаттарды қалпына келтіргісі келгенмен, күні бүгінге дейін еш нәтиже шықпапты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Серафима Ивановна 20 жылдан бері 17 000 зейнетақысын әрі тартып, бері тартып, әйтеуір тірлігіне жаратып келген. Себебі қосымша табыс көзі ретінде моншаға арналған сыпырғыш жасап, сатты. Ал, одан түскен тиынды күнделікті шай-пұлына жұмсайтын. Кейуанада қазір ондай қауқар жоқ. Басы ауырып, буыны сырқырап, тысқа шығудың өзі мұңға айналыпты.

Серафима Васинькова, Семей қаласының тұрғыны:

Өте аз. Жетпейді он жеті мың теңге. Дәріге де жетпейді. Мен не аламын бұл ақшаға? Қыс та келе жатыр. Көмір керек. Ағаш керек. Қалай күн көремін?!

Еңбекке ерте араласқан әжей соғыс жылдарында да біраз тірліктің басын шалған. Одан бөлек, қаладағы түберкүлезге қарсы диспансерде 9 жыл тер төгіпті. Бірақ 1997 жылы еңбек кітапшасы мен төлқұжатын жоғалтып алған. Жеке куәлігі қайта қалпына келгенімен, қызмет еткен жылдарын растау оңайға соқпай тұрған көрінеді.

Татьяна Воропаева, С.Васинькованың қызы:

Қайта-қайта бардым. Ешқандай нәтиже жоқ. Мұрағатқа сұрау салдым. Іздедім. Табылмай жатыр. Олар ізде, ізде, тауып көріңіз дегеннен басқа ештеңе айтпайды. Екі ортаға жүгіріп шаршадық. Анам бұрын зейнетақым аз деп мойымайтын. Қазір ауырып қалды. Зейнетақасына қарап отыр. Әр айдың басын балаша күтеді.

"Тиісті құжаттар архивтен табылмаған жағдайда, мәселені шешудің тағы бір жолы бар", - дейді мамандар. Ол үшін кейуананың жұмыс өтілін растайтын куәгерлер тауып, сотқа жүгіну керек екен. Сонда ғана қария өзіне тиісті ақшаны ала алады.

Марина Часовникова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы топтағы азаматтарға арналған төлем секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы:

Зейнетақысы шынымен де аз. Іс еңбек өтілінің расталмауына байланысты қайта қарауға жатпайды. Бірақ сот ұйғарымы бойынша, куәгерлерді тауып, еңбек өтілін дәлелдеу мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі кейуанаға тыл еңбеккері мәртебесін ұсынып отыр. Бірақ ол үшін де архивті айналшықтауға тура келеді. Соғыс жылдарында атқарған жұмысы жайында анықтама берілсе, зейнетақы мөлшері артып, 9 мамыр сайын сыйақы алады.

Просмотров материала: 1 699

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 178 599 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 178 103 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 177 695 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 177 745 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 178 042 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 576 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 805 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 953 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 107 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 736 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 045 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 436 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 267 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 092 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 296 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 354 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 033 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 428 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 148 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 153 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 983 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 823 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 086 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 023 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 539 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 050 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 856 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 125 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 488 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 870 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 823 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 873 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 838 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 067 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 210 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031