19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтты

30 октябрь 2020, 10:33
Тоқаев мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды, деп хабарлайды AZattyqRuhy.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады.

Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз тегеуріндеріне тап болған кезде саяси жігер мен экономикалық сана синергиясы ерекше мәнге ие, деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың ортақ құндылықтарға, өзара қолдау мен тығыз байланыстарға негізделгенін айта келе, елімізде өмір сүріп жатқан, достықтың «алтын көпірі» саналатын жүз мың корей қауымдастығының екі ел арасындағы қарым-қатынасқа қосқан үлесін атап өтті.

«Кореяның Қазақстан экономикасына жасаған инвестициясы 7 миллиард доллардан асты. Жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан, екіжақты тауар айналымы артты. Орталық Азияның барлық бес елінің ортақ жалпы ішкі өнімнің 70 пайызы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Корей мемлекеті жетекші инвесторлардың арасындағы 10-орынға ие. Бұл ретте, өзара тиімді ынтымақтастықты одан ары жалғастырудың әлі де пайдаланылмаған үлкен әлеуеті бар», – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 2019 жылдың сәуір айында Мун Чжэ Иннің елімізге жасаған тарихи сапары екіжақты өзара іс-қимылдың жаңа белесін ашты деп санайды. Сапар аясында қол қойылған «Самал жел» бағдарламасы қазақ-корей экономикалық, сауда және мәдени жан-жақты байланыстарды жандандыруға бағытталған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал жел» бағдарламасы мен «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясы «Цифрлы Қазақстан», «Нұрлы жол» секілді ұлттық бағдарламаларда белгіленген стратегиялық міндеттерге сәйкес келетінін айтты.

Мемлекет басшысы әлемдегі ұзаққа созылған мұнай дәуірінің аяқталып келе жатқанын айтып, Қазақстан үшін әртараптандырылған және тұрақты экономика құрудың ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Осыған байланысты мен Жаңа экономикалық бағыттың бастамашысы болдым. Бұл бағыт құрылымдық реформалармен ғана емес, сондай-ақ барынша қарқынды әрі мықты мемлекет құрумен байланысты. Қазақстан корей инвесторлары үшін арнайы әзірленген құралдарды ұсынуға әзір. Бұл ретте, салық және кеден артықшылықтары, жобаларды қоса қаржыландыру, экспортты қолдаудың ішінара кепілдіктері мен тетіктерін айтуға болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы ағылшын құқығы бойынша қызмет көрсететін «Астана» халықаралық қаржы орталығының әлеуетін де сөз етті. Президент бұл орталықтың шетелдік бизнеске арналған экожүйесінің бірегейлігін ерекше атап өтті.

Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форум қатысушыларына жұмыстың табысты, ал Оңтүстік Корея Президенті мен Үкіметінің игі бастамаларының сәтті болуына тілектестік білдірді.
Просмотров материала: 739

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 610 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 432 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 402 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 338 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 317 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 705 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 264 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 415 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930