29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сотта LRT құрылысына жауаптылар миллиардтарды қалай жымқырғаны айтылды

29 октябрь 2020, 15:06
Сотта LRT құрылысына жауаптылар миллиардтарды қалай жымқырғаны айтылды
Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT құрылысына қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қылмыстық топтың басшылары іздеуде жүр

Сот алдында жеті адам жауап беріп жатыр. Олар – жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы бастығы Рәшид Аманжолов, Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының бұрынғы хатшысы және депутаты Жанат Нұрпейісов, "Astana Innovations" АҚ экс-басқарма төрағасы Талғат Әшім, сондай-ақ, әртүрлі кәсіпорындардың қызметкерлері Улугбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мусенов және Дәурен Әбдіхамитов.

Ал елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр. Тергеу материалдарына сәйкес, Сұлтанбеков пен Ардан қылмыстық топ құрып, LRT құрылысына кететін шығындарды 24 миллиард теңгеге артық көрсеткен. Осы қылмысқа әкімдіктің басқарма басшылары, сондай-ақ, шетелдік және отандық компаниялардың өкілдері қатысқан.

Жалған келісімшарттар жасалған

Бүгінгі процестің басында судья Қажымұқан Мекемтас барлық қатысушының құқықтары мен міндеттерін таныстырды. Ал прокурор Жангелді Есебаев айыптау актісін оқып берді. Оның айтуынша, 2012 жылы елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков қылмыстық топ құрып, алдымен Талғат Ардан мен Рәшид Аманжоловпен сөз байласқан. Ал Ардан жақын досы Дәурен Әбдіхамитовты топқа қосылуға көндірген.
Ал Сұлтанбеков әрқайсының міндетін анықтап берген.

"Қылмыстық топтың барлық мүшесі бір-бірін тікелей танымаса да, әрбір сыбайласының мақсат-міндетін білген. Бәрі бір нәтиже – бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыруды көздеді, соған жұмыс істеді. Мысалы, Аманжолов мемлекеттік органның басшысы ретінде кедергілерді анықтап, қылмысты жасауға жағдай жасаған. Сол үшін тиісті құжаттарды әзірлеп, қол қойып отырған. Соның ішінде ресми хаттар, артық шығындар туралы жобалық-сметалық құжаттар, техникалық-экономикалық негіздемелер, қаржы есептері және тағысын тағы. Осы құжаттардың негізінде бюджеттен ақша бөлінген", - деді Есебаев.

Ал Дәурен Әбдіхамитовқа қылмыстық жоспарды іске асыруға көмектесетін заңды тұлғаларды іздеу міндеті қойылды. Олар мердігер және қосалқы мердігер қызметін атқарған. "Астана LRT" ЖШС бұрынғы басшысы Талғат Ардан болса, техникалық-экономикалық негіздеменің шығындарын артық көрсетіп, мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізіп отырған. Конкурстық комиссияға өзі төрағалық еткен. Содан таныс компаниялардың көмегімен бәсекелестіктің бар екенін көрсетіп, қылмыстық топқа тәуелді заңды тұлғаларға конкурс жеңімпазы атануға жағдай жасаған. Артынан олармен келісімшарт жасалып, шын мәнінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтердің актілері рәсімделіпті.

"Осылайша, қылмыстық топтың бақылауында болған ұйымдардың есепшоттарына бюджет қаржысы аударылған. Әбдіхамитов осы ақшаның бір бөлігін қолма-қол шығарып, жалған келісімшарттардың негізінде жымқырып отырған. Сөйтіп, одан кейінгі қаржының талан-таражға салынуына жағдай жасалды", - деп түсіндірді Есебаев.

Қылмыстық топтың басшысы ауысты

2013 жылы Сұлтанбековтың тапсырмасымен техникалық бақылау және жобалау жұмыстарына француз және испан компаниялары тартылды. Бірақ бірлескен консорциум құру талабы қойылды. Ардан оның мүшелерін өзі таңдады. Шетелдік компаниялардың ішінен сыбайластар та табылды. Олар артық ақшаны қазақстандық компанияларға аударып отыруға көмектескен. Ал отандық кәсіпорындардың құрылтайшылары қылмыстық топ мүшелерінің өздері немесе олардың туыстары болған. Әбдіхамитов әрбір компанияның бас директоры қызметіне өз таныстарын тағайындаған. Олардың ішінде Улугбек Ачилов та бар.

"Ачилов бұрын Әбдіхамитовтың қол астында жұмыс істеген. Ол - бухгалтерлік есептің шебері. Әбдіхамитов осыны біліп, бұрынғы әріптесін қылмыстық топқа тартқан. Ачилов консорциумның атынан орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып отырған. Ал бюджет қаражатын алғаннан кейін жалған келісімшарттар арқылы қолды қылған", - дейді Есебаев.

2014 жылдың соңында Қанат Сұлтанбеков өз еркімен жұмыстан кетті. Алайда қылмыстық топтың әрекеті тоқтаған жоқ. Талғат Ардан басқаруды өз қолына алды. 2015-2016 жылдары оның басшылығымен бюджет қаражатын жымқыру жалғаса берді. Ал 2017 жылы шілде айында Арданның өкілеттілігі тоқтатылды. Сол кезде ғана қылмыстық топ тарқап кетті.

"Сұлтанбеков әкім орынбасары қызметінен кеткеннен кейін "Қазақстан инжиниринг" АҚ-ға барды. Сол жерде 2015-2016 жылдары тауарлар мен қызметтерді жеткізуші компаниялардан тұрақты түрде пара алып отырған. Заңсыз ақша әкелгендердің ішінде өзі құрған қылмыстық топтың өкілдері де болды. 2017 жылы ақпан айында Сұлтанбеков қамауға алынды", - деп атап өтті Есебаев.

Бүгінде қылмыстық топ мүшелері 5,8 миллиард теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

Атышулы LRT

2013 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев LRT құрылысы тым қымбатқа түсетінін мәлімдеді. Бірнеше жылдан кейін қытайлық инвесторлар келді. Ал 2019 жылы шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл рельсті көлік құрылысын сынға алып, осы жобаның тиімділігіне сенбейтінін айтты.

LRT-ның құрылысы 2019 жылдың соңында аяқталады деген жоспар болған. Алайда қытайлық инвесторлар қаржыландыруды тоқтатты. Артынан "Астана банкінде" тағы 200 миллион доллардың бұғатталып қалғаны туралы ақпарат тарады. Биыл наурыз айында Есеп комитеті осы жобаның өзін ақтамайтынын мәлімдеді.

Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен LRT-ның міндетте түрде аяқталатынын айтты. Қазіргі кезде жергілікті билік инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр.


Просмотров материала: 640

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 525 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 364 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 352 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 290 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 245 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031