28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Жылдар бойы жиған артық салмақтан 2 айда арылу мүмкін бе?

28 октябрь 2020, 17:16
Жылдар бойы жиған артық салмақтан 2 айда арылу мүмкін бе?
Артық салмақ – әлемдік эпидемияға айналып барады. Статистикаға сүйенсек, семіздікке шалдығатын адамдардың саны әр 10 жылда 10 пайызға көбейіп отырады. Соңғы уақытта бұл көрсеткіш тіпті қарқын ала бастаған. Адам ағзасының артық салмақ жинауға бейімділігінің себебі мен арылу жолдарын Azattyq Rýhy тілшісі зерттеп көрген еді.



СЕМІЗДІК АУРУ МА, ЖАҒЫМСЫЗ ӘДЕТ САЛДАРЫ МА?

Қазақстан тағамдану академиясының зерттеуіне сәйкес, елімізде ересектердің 30 пайызы артық салмақ жинаған. Ал семіздік дертіне әйелдердің 26 пайызы, ер азаматтардың 15 пайызы шалдыққан. Бұл дегеніміз, Қазақстан халқының жартысынан көбі. Диетолог маман Арай Әміре адам ағзасына май жиналуының бірнеше себебін атады. Әсіресе стресстік жағдайлар артық салмақ жинауға себепкер болады.

«Артық салмақ жинаудың себебін 3-ке бөліп қарастыруға болады. Бірінші, анатомиялық-физикалық. Яғни адам сырқаттанып қалып, дәрі-дәрмек қабылдаса соның кері әсерінен артық салмақ қосып алуы ықтимал. Ол сырқатынан толық айыққан соң, олқылықты жарты немесе бір жылдың ішінде қалыпқа келтіруге болады. Екінші, психологиялық себеп. Бүгінгі күні адамдардың көпшілігінің ағзасында, нақтылап айтсақ, 80-90 пайызында картизол гармоны көп. Ол стресс, депрессияға алып келеді. Басты себебі – қарбалас өмірде ұйқының қанбауы. Дұрыстап тынықпаған адам психо-эмоционалдық өзгерістерге ұшырайды. Адам өмірден рахат алмағанда оны тамақтан іздей бастайды. Үшінші, химиялық себеп. Біздің қазір тұтынып жүрген тамақтардың барлығында химиялық консерванттар бар. Тағамды дәмді жасау үшін зиянды қоспаларды көп пайдалану – адамды тәуелділікке әкеледі. Үнемі соны жегісі келіп тұрады. Яғни, дұрыс тамақтанбау салдары да семіздікке алып келеді», - дейді маман.

Петропавл қаласының тұрғыны Наталья Кузьмина (кейіпкердің өтініші бойынша есімі өзгертіліп берілді) жасөспірім шақта семіздікке шалдыққанын айтады. Жасы 50-ге жақындап қалған әйел артық салмақтан арылғысы келсе де, нәтиже жоқ. Бірнеше рет салмақтан арылуға арналған сусындар мен түрлі препараттарды қолданып көрген. Бірақ аз мөлшерде салмақ тастап, кейін бірнеше есе көбейтіп алған. Содан кейін ештеңе өзгертпеуді ұйғарған. Қазір оның салмағы 130 келіге жақын.

«6-7 сынып оқыған кезде тез салмақ қоса бастадым. Анам марқұм толық болатын. Сондықтан бұл қалыпты жағдай деп санадым. Шешемді қатты жақсы көргендіктен бе, оның дене бітімі маған оғаш болып көрінбейтін. Үнемі тамақ жегім келе беретін. Үйдегілер де ақыл айтып, маған ешқашан тыйым салған емес. 16-17 жасқа келгенде өзімнің басқалардан өзгеше екенімді аңғара бастадым. Келісті киім табу мен үшін үлкен проблемаға айналды. Жанымдағы жіптіктей қыздарға қызыға қарайтынмын. Бірақ тәбетімді жеңе алмадым. Мүмкн бәріне салғырт қарағандық болар. Дегенмен, артық салмақтың кесірінен өмірде опық жеген емеспін. Шамалы келеңсіздіктер болмаса, жұрт қатарлы отбасы құрып, балаларымды дүниеге әкелдім. Бірақ оларды кішкентай кезінен дұрыс тамақтануға үйреттім», - дейді ол.

ДҰРЫС ТАҢДАЛМАҒАН ДИЕТА – ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУІПТІ

Диетолог Арай Әміре кейіпкеріміздің басынан өткен оқиға сынды жағдайларға тап болған жандары жиі кездестіретінін айтады. Адамдардың басты қателігі де осы – түрлі препаратарды дәрігер нұсқауынсыз қабылдау.

«Кез келген аурудың басты себептерінің бірі – дұрыс тамақтанбау. Артық салмақ та солай. Одан арылу үшін диета ұстап, түрлі коктейль мен таблеткаларды тұтынатындар көп. Осындай әрекетке бару арқылы кей азаматтар жылдар бойы жинаған 20-30 келі салмақтан 1-2 айда арылғысы келеді. Аталған препараттар несепті айдап, тәбетті басады. Ағзадағы еритін дәрумендерді шығарады. Біріншіден, бұл бүйрекке кері әсер етеді. Көптеген елдерде мұндай дәрмек дәрігер рұқсатынсыз сатылмайды. Бізде оның барлығы еркін саудада жүр. Мұндай препараттар адамның үлкен-кіші дәретінің шығуына жағдай жасайды. Кейін ағза оған үйреніп қалады. Сондықтан асқазан мен бүйрек қызметі бұзылады. Оның зиянын ойламай, байыбына бармай, арықтау үшін пайдаланатындар көп. Олар көбіне уақытша әсер береді. Кейіннен адам бұрынғы салмағынан да артық қосып алады», - дейді маман.

АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУДЫҢ ДҰРЫС ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?

Мамандардың айтуынша, семіздіктен арылу мақсатында диетаға отырудың қажеті жоқ. Ол көптеген ішкі ағзалардың ауруына алып келуі мүмкін. Кез келген адам артық салмақтан арылу үшін – дұрыс тамақтанса болды. Және оған бірден қол жеткіземін деу – әбестік.

«Бәрін біртіндеп жасау керек. Мәселен, бірінші қанттан, одан кейін тұздан, кейін фаст-фудтан бас тартуы керек. Күн сайын суды қажет мөлшерде ішкен абзал. Және маңызды шарттардың бірі – адам кешкі асын түнгі ұйқыға жатардан кем дегенде 3 сағат бұрын ішуі шарт. Адам арықтау үшін кешенді тексерістен өтуі керек. Ағзаның гормоналдық жағдайын, қандай дәрумендер жетіспейтінін анықтау керек. Сонда ғана ол арылған артық салмағын қайта қоспайды», - дейді маман.


Просмотров материала: 1 044

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 465 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 305 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 292 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 231 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 186 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 318 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 605 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 394 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 310 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 220 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 262 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 377 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 414 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 969 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 908 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031