25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Ол жақта тек тозақ бар - Сириядан келген әйелдің әңгімесі

27 октябрь 2020, 15:03
Ол жақта тек тозақ бар - Сириядан келген әйелдің әңгімесі
Қарағандылық Әсел (есімі өзгертілді) «Жусан» операциясымен Сириядан оралған. Бейбіт елден от пен оқтың ортасына кетуіне жат ағымның жетегіне еріп кеткен күйеуім себепші болды дейді. Тоғыз жыл Шам елінде өмір сүрген отандасымызбен Azattyq Rýhy сұхбаттасты.

КҮЙЕУІ СОҒЫСТА КӨЗ ЖҰМҒАН

Әсел Шам еліне күйеуімен бірге 2011 жылы аттанған. Бүгінде екі баласы бар. Күйеуі соғыс алаңында көз жұмған.

«Мен жоғары оқу орнын бітірген, бір үйдің еркелетіп өсірген қызы едім. Күйеуіммен 2010 жылы достарымыздың туған күн кешінде таныстық. Ол бойы ұзын, түр-тұлғасы келіскен сымбатты жігіт еді. Оған ғашық болғаным соншалық, жоғары білімі, тұрақты жұмысы жоқ екеніне мүлдем қарамадым. Біз ұзақ уақыт қыз бен жігіт болып жүрмедік те. Себебі ол дінде қыз бен жігіттің жеке кездесуіне болмайтынын айтты, өзі ұялшақ болатын. Агент арқылы хат алмасып, бір айдай сөйлесіп жүрдік. Сосын ол өзінің жақын достарын ортаға салып, менімен некесін қиғысы келетінін айтты. Бәлкім ғашықтық шығар, мен ата-анамның «оқуыңды бітір, білімді, өзіңе тең болатын адаммен бас қос» деген сөзіне құлақ аспадым. Осы жігітке шықпасам, ешқашан тұрмыс құрмаймын деп отырып алдым. Әкем жақсы қызметте, анам мектепте мұғалім еді. Ол кісілер менің қайтпайтынымды көрген соң, ақ баталарын беріп, ұзату той жасайтындарын айтты. Сол кездің өзінде күйеуім ата-анамның ұзату тойда дастарханға спиртті ішімдік қоюына қарсы болды. Әкеме де күйеуім онша ұнамайтын. Әсіресе оның сақалын көрсе, намыстанатын еді. Мен үшін ғана үндемей, шыдайтын. Тұрмыс құрған алғашқы жылдары бәрі жақсы болды. Күйеуім әйтеуір ішерге тамақ, киерге киім тауып жүрді. Кейде апталап жоқ болып кететін. Мен аяғым ауыр болған соң, көп нәрсеге мән бермейтін едім. Қайын атам мен енем ұлдарының намаз оқитынын аса құптамайтын. Өйткені ол кісілердің өзі дінге жақын емес еді», - дейді келіншек.
Ол жақта тек тозақ бар - Сириядан келген әйелдің әңгімесі



ХАЛИФАТТАҒЫ «ЖҰМАҚ» ӨМІР

Әселдің күйеуі 2011 жылдың басында қатты өзгеріп, әйелінің намаз оқуын, орамал тағуын талап етіп, оған қол көтеретінді шығарған.

«Күйеуім 2011 жылдың басында қатты өзгеріп кетті. Оның бойынан агрессия көп байқалатын болды. Кешке дейін YouTube-тан Дарынның, Абдуллах Костейскийдің уағыздарын тыңдайтын. Аптасына үш-төрт рет «ахи» бауырларының жиынына баратын. Намаз оқымайтындардың бәрін «кәпір» деп санайтын. Үйге достары келсе, мені басқа бөлмеге отырғызып қоятын. Ата-енем қанша қой десе де, оларды тыңдамайтын еді. Үйдегі тамақтың етін харам деп теріп тастайтын. Ол кезде мен аяғым ауыр, өзімнің денсаулығыммен алысып жүріп ештеңеге мән бермейтін едім. Сол жылдың наурыз айында ол аяқ астынан Түркияға демалуға баратынымызды айтты. Тұңғышым бір айлық еді, үйдегі ата-енемді достарымызбен Алматыға барамыз деп алдап, Түркияға кеттік. Менің ойымда ештеңе жоқ болды. Бірақ біз сол кеткеннен ары Сириядан бірақ шықтық. Мен басында жат елге бармайтынымды, Қазақстанға қайтатынымды айтқан едім. Бірақ жолдасым халифатта жақсы өмір сүретінімізді, ұнамаса қайтып кететінімізді айтып, жалынып жатып мені көндірді. Қазір ойлап отырсам ақымақ болған екенмін», - деп күрсінді ол.

«СИРИЯДАҒЫ ӨМІРІМДІ ЕСКЕ АЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ»

Әсел Сириядағы өмірі туралы көп еске алғысы келмейтінін жасырмады. Адам айтса сенгісіз небір сұмдықтарды көрдім деген кейіпкеріміз балаларым қатты дауыстан әлі де шошып, бастарын бүркейді дейді.

«Сириядағы өмір туралы талай келіншек айтты ғой. Оны айта бергеннен еш пайда жоқ енді. Біз көрген сұмдықты ешкімнің басына бермесін. Аштан аш ажалымызды күтіп жатқан талай сәттер болды (көзіне жас алып). Басыңа салса, бәріне көнеді екенсің. Күйеуім барған соң, екі жылдан кейін қаза тапты. Ол бар кезде әйтеуір күнделікті тамағымыз бар еді. Күйеуім өлген соң, медицина саласындағы білімімнің пайдасы тиіп, жергілікті тұрғындардың балаларын қарап, босандыруға көмегімді тигізіп, бірдеңе тауып келетінмін. Оған дейін мен үйден шыққан емеспін. Кейін күрдтердің қолына түсіп, лагерьде болдық. Шынын айтсам, өткен күннің бәрін жауып тастағым келеді. Балаларым әлі күнге дейін түнде шошып оянады. Тасыр еткен дауысты естісе бастарын бүркеп, бауырыңа тығылады. Енді-енді ғана ұлым сыныптастарымен араласып, сабағын жақсы оқып, түрлі-түсті сурет алып, домбыра курсына барып жүр. Туған ата-апасына барғанды жақсы көреді. Күйеуім ұлдан жалғыз еді, қайын атам мен енем қолдарынан келгенше көмектерін беріп, екі балама қарайласып жатыр»,- деді Әсел.



«КӨП ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТІҢ ТАҢДАУЫ БОЛМАДЫ»

Әсел Сирияға барған қыз-келіншектердің көпшілігінің таңдауы болмағанын айтады.

«Мемлекетімізге, президентімізге алғысым шексіз! Ақтауға келгелі бізге бар көмекті көрсетіп жатыр. Елге келіп курс оқып, сән салонына жұмысқа тұрдым. Балаларымды мектепке орналастырдым. Сіз білесіз бе, тыныштықта ұйықтаудың өзі қандай бақыт?! Ата-анамның, бауырларымның қасында осы күніме шүкір деп өмір сүргім келеді. Маған басқа ештеңе керек емес. Бізді көпшілігі «сатқындар» деп айтады. Бірақ Сирия асқан қазақстандық қыз-келіншектің 70-80% күйеулерінің айтқанынан шыға алмады. Бізге ешкім таңдау құқын берген жоқ. «Жусан» операциясымен келген қыздар отыратын чатымыз бар. Сол жақта көбі өз еркімен емес, күйеулерінің бұйрығымен барғандарын енді айтуда.

Қыздар, ақымақ болмаңыздар! Сіздер ойлаған шариғатқа сай, халифаттағы жұмақ өмір ол жақта жоқ. Ол жақта тек тозақ бар, жұмақ туған еліңде ғана. Соны түсіну үшін аш-жалаңаш арып ашып, әділетсіздікті көріп, өліммен бетпе-бет келудің қажеті шамалы. Мен бірде-бір қазақтың қызы да, ұлы да біз көрген өмірді көрмесін деп тілеймін! Ата-аналар балаларыңыз намаз оқыса, бұл Алла жолында деп мәз болып жүре бермеңіздерші. Ұл-қызыңыз кімнің уағызын тыңдайды, қандай мәзхабты ұстанады, кімдермен араласады, осының бәріне о бастан мән беріңіздер. Діни сұрақтарыңыз болса, мешітке барыңыздар. Интернеттен ақпарат іздеп, не болса соған сенбеңіздер. Біз осы қателіктің бәрін елге келіп түсініп жатырмыз», - деп аяқтады ол әңгімесін.
Просмотров материала: 1 327

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 143 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 965 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 935 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 875 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 856 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 011 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 537 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 686 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930