5 декабря 2020 г.

Мы в соц сетях:



Күзетші жігіт 9 баланы жалғыз өсіріп отыр

26 октябрь 2020, 17:02
Күзетші жігіт 9 баланы жалғыз өсіріп отыр
Тоғыз баласын жалғыз баққан әке! Анасына керек болмаған ұл-қыздарына бір өзі бас-көз болып, өзгелерден кем қылмай асырап отырған азамат Түркістан облысында тұрады. Ханәділ Жұмабаевтың кенжесі жақында ғана төртке толыпты. Өзі шағын ғана ауылда қарапайым күзетші болып еңбек етеді. Ал ұрпағынан бас тартқан тасжүрек әйел қайда жүр? Жалғызбасты әкенің арманы қандай? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

- Аяла не тамақ істеп жатырсың? Білмей жатырсың ба?
- Торт.
- Тортты қалай істейді?

Аялаға тәтті тортты дайындап беретін әзірге анасы жоқ үйде. Сондықтан, сүйікті асын бүлдіршіннің өзі әзірлеуге тура келеді. Ойыншықтарын реттеп, ойша тәтті қиялға беріліп отыр.

Ханәділ Жұмабаевтың күнделікті тірлігі осы. Балалары үшін қара қазанның да бабын үйреніп алған. Күніне екі мезгіл ас-ауқат әзірлеп, ыстық тамақ пісіреді. Әкелерінің әрбір тағамы қара домалақтарына ұнайды.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Енді тағдыр ғой. Басқа түскен соң тамақ істеуді үйрендік. Тек жұмыртқа қуыруды ғана білетінмін. Қазір палау, бәрін істеп жатырмын.
Отағасы соңғы екі жылдан бері жалғыз өзі балаларына бас-көз болып жүр. Жұбайы отбасынан кетіп қалған екен. Алысқа емес, көрші ауылда тұрады. Анда-санда перзенттерінен хабар алғаны болмаса, үйге келмейді екен. Оған балалары да үйреніп қалған. Анасынан гөрі, әкелері жақын.

Мейрамбек Пернехан, мектеп оқушысы:

Әкеме үй жұмыстарына көмектесем. Бос уақытымда үй жинаймын. Сабақ орындаймын. Ініме шығара алмай жатқан есебі, жазуына көмектесемін.
Мейрамбек ауылдағы мектепте 7-ші сыныпта оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы. Оқу озаты болғандықтан, бауырларына қарайласады. Үй тапсырмасын қадағалайды. Кейде оған әкесі де қосылады. Әйтеуір, екі жақтап жүріп, мұғалімнің үйге берген тапсырмасын орындап үлгереді.

Ханәділ жұбайы жайында сыр ашып ештеме айтқысы келмейді. Не себепті ажырасқанын да айтпады. Ауыл ақсақалдары кезінде татуластырмақ та болыпты екеуін. Бірақ, ортақ келісімге келе алмапты.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Енді тағдыр ғой. Басқа түсті. Басымен көтересің енді. Көнем ғой, тіршілік қой.

Дегенмен, енді қайттім деп отырған отағасы жоқ. "Береке басы - бірлікте" екенін жақсы білетін ол биыл қаңтарда Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдіріпті. Сұранысы қанағаттандырылып, әр тоқсан сайын 300 мың теңгеге жуық жәрдемақы алады екен. Аудан әкімдігі жұмысқа орналастырып берген. Және үкіметтен 864 мың теңге алуға жәрдемдесіпті. Ақшасына есік алдына жылыжай салып, қызанақ, қияр өсірумен айналысады. Тапқан табысын балаларына жұмсайды.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Табыс қой енді. Балаларға әйтеуір, ары қарай өздерін ептеп кетер. Үйренгеннің еш айыбы жоқ. Тіршілік естеп, өздерінің күнін көретін әрекет істеп жатыр.

Тағдыр тауқыметіне мойымаған отағасы балаларына әкелік қамқорлықпен қоса аналық мейрімді де қатар сыйлауға барын салып келеді.

Ханәділ Жұмабаев, Ораз ата ауылының тұрғыны:

Папа, папа деп әйтеуір, іш бауырыма кіріп жүрген осылардың барына шүкір. Бала- шағам қолғанат болып, мен істейтінді олар істеп қояды. Тамақты жылытады. Күнімізді көріп жатырмыз. Жақсы.

Отағасының бар арманы – жақсы тәрбие беріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондыру. Бұл шаруа бір өзіне оңайға соқпасын бідеді. Сондықтан жұбайы қайта оралатын болса, перзенттері үшін жаңа өмір бастауға дайынмын деп отыр.

Просмотров материала: 2 777

Поделиться материалом


11:10 Алматыда 1500-нан астам жұмысшы қар тазалау жұмыстарына... 0 Просмотров

11:05 Бетономешалка упала на Toyota близ Алматы: погибли два... 27 Просмотров

10:55 Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ... 11 Просмотров

10:49 Опубликованы данные по заболевшим коронавирусной пневмонией... 32 Просмотров

10:38 IVI представит оригинальный сериал «Мёртвые души»... 57 Просмотров

10:35 Атырауда жолаушылар жатып жүретін автобус-қонақүй анықталды... 63 Просмотров

10:24 Тела четырех женщин обнаружены в квартире в Боровом... 81 Просмотров

10:23 5 желтоқсанға арналған ауа райы... 66 Просмотров

10:11 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 792 заболевших... 57 Просмотров

10:10 Бурабайдағы төрт әйелдің денесі табылды... 296 Просмотров

10:00 Прогноз погоды на 5 декабря... 55 Просмотров

18:02 Иностранца с крупной партией наркотиков задержали в Актобе... 340 Просмотров

18:01 Құран Кәрімді 5 млн теңгеден саудалап жатыр... 376 Просмотров

17:51 80-летняя женщина погибла в результате пожара в СКО... 343 Просмотров

17:47 Оралда жол апатынан 4 адам зардап шекті... 359 Просмотров

17:36 Трое подростков избили прохожего в Нур-Султане... 350 Просмотров

17:33 Йогурттың ішіне шөп пен дәрі салып, тергеу изоляторында... 362 Просмотров

17:25 Четыре человека пострадали в ДТП в Уральске... 346 Просмотров

17:23 Туды бір реттік қолданыстағы заттарға бейнелеуге болмайды –... 394 Просмотров

17:17 Нұр-Сұлтанда үш жасөспірімнің ер адамға шабуылдаған сәті... 366 Просмотров

17:13 Смерть младенца в холодильнике: врачи выступили с последним... 356 Просмотров

17:00 Прокуроры проверят возможную подмену детей в роддоме спустя... 327 Просмотров

16:53 Сайлау заңнамасын бұзған журналиске қандай жаза қолданылады... 379 Просмотров

16:42 37-летний мужчина облился бензином и пытался поджечь себя в... 372 Просмотров

16:37 Алматыда жалған ақша жасаушылар заттай айғақты ваннада... 348 Просмотров

16:25 Вспышка коронавирусной инфекции зафиксирована на... 337 Просмотров

16:19 Ақтауда екі қабатты автобустар жүреді... 212 Просмотров

16:12 Мошенников осудили за изготовление фальшивых купюр в Алматы... 202 Просмотров

16:05 Оралда 8 үйге түскен 25 жастағы ұры ұсталды... 234 Просмотров

15:53 Қазақстандықтар алдағы қаңтарда қанша күн демалады?... 342 Просмотров

15:38 Алаяқтар "тегін интернет-трафик береміз" деп аңқау жұртты... 236 Просмотров

15:30 Теңіз кен орнына қосымша 8 маман жіберілді... 243 Просмотров

15:11 Қазақстандықтарға қашаннан бастап ресейлік "Спутник V"... 220 Просмотров

15:05 Партии в соцсетях: NurOtan устоял перед атакой фейков... 266 Просмотров

15:00 Алматыда үш көлік соғылып, 2 адам жарақат алды... 211 Просмотров

14:44 2021 жылғы жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшері... 560 Просмотров

14:33 Президент тапсырмасы: Көлік жүргізшілері үшін құжат саны... 248 Просмотров

14:18 Қазақстанда бір аптада коронавирустан 44 адам қайтыс болды... 252 Просмотров

14:06 Қазақстандықтардың салық бойынша қарызы 20 млрд теңгеге... 242 Просмотров

13:09 22 декабря Казахстан запустит производство российской... 236 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031