29 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алексей Цой: Санитарлық талап сақталса, қатаң карантин болмайды

Алексей Цой: Санитарлық талап сақталса, қатаң карантин болмайды
Пандемия Қазақстанды ғана емес, дүниежүзін алаңдатып тұр. Коронавирус дертінен әлемде көз жұмғандар өте көп. Негізгі салмақ денсаулық сақтау саласы мамандарына түскені анық. Бұл жүкті дәрігер қауым қалай көтерді? Алда екінші толқын басталады деген болжам бар. Бұған дайынбыз ба? Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойған сауалымыз да – осы, деп жазды Aiqyn.

– Алексей Владимирович, «ко­ронавирустың екінші толқыны» бас­талатыны туралы ақпарат тара­ды. Бірінші кезеңде аурухана, тех­ни­ка­лық жабдықтардың жеткілік­сіз­дігі бай­қалды. Осы олқылық тағы қай­­таланбай ма? Ауруханада орын­дар, дәрігер, қаржы жеткілікті ме?

– Бүгіндері Қазақстанда жалпы эпидемиялық жағдай тұрақты, КВИ-ге байланысты жедел жәрдем шақырушылар шілде айымен са­лыстырғанда 5 есе азайды, ин­фекциялық және реани­ма­циялық төсек-орынның тек 15 пайызында науқас бар. Алайда арқаны кеңге салып, босаңси алмаймыз.

Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп дайындық жұмыстарын жүргізуде. Күзгі маусымда жалпы 51 126 инфекциялық төсек-орын болады, 5 542 реанимациялық орын дайын.

Бір тәулікте 164 адамнан коронавирус анықталды
Елордада оқу жылы басталғалы бері 18 оқушы коронавирусқа шалдыққан
Бір тәулікте пневмонияға шалдыққандар саны коронавирус көрсеткішінен де асып түсті
Қазір инфекциялық және провизорлық стационарларда өк­пені жасанды желдететін 3 535 ап­парат бар, қосымша тағы 2 030 да­насын сатып алудамыз. 24 548 төсек-орын оттегімен қам­тылған және жыл соңына дейін 8 100 мың төсек-орынды қосымша қамту жоспарланған. 11 өңірдегі аудандық ауруханаларға 53 отандық рентген аппараты сатып алынуда. Азамат­тарды дер кезінде қажетті медици­налық көмекпен қамтама­сыз етуге толық мүмкіндік бар.

Мемлекет басшысы мен Үкі­меттің тапсырмаларына сәйкес «Жұмыспен қамту» жол картасы, жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты аясында 12 модульді инфекциялық аурухана салынып жатыр. Бүгінгі күні Алматы мен Талды­қорған қалаларында құ­рылыс-монтаж жұмыстары аяқ­талды. Жезқазған, Көкшетау, Қос­танай, Ақтау, Атырау, Павлодар, Петропавл секілді 7 өңірде қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Орал, Түркістан және Қызылорда қалаларында құрылыс-монтаж жұмыстары осы жылдың қараша-желтоқсан айла­рында аяқталуы керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қа­зақстанда ПТР-тестілеу құны 22%-ға арзандайды. Тиісті келісімнен кейін тариф осы айдың соңына дейін бекітіледі.

Сондай-ақ еліміздегі зерт­ханалар тәулігіне 48 мыңға жуық тест жасай алады. Өңірлерді зерт­ханалық жабдықтармен қам­тамасыз ету, мамандарды оқыту жұмыстарының нәтижесінде жал­пы тестілеу қуатын тәулігіне 63 мың зерттеуге жеткізуге болады. Бүгінде елімізде 74 мыңнан астам дәрігер бар. Коронавирус инфек­циясына қарсы күреске 28 мың бейінді маман тартылған. Сонымен қатар республикалық клиникалардағы медицина қызметкерлері, ЖОО профессор-оқытушылар құрамы және резидент дәрігерлерден кадр­лық резерв жасақталды.

– Індеттің қашан келетіні, қанша адамның ауру жұқтыратыны туралы деректер нақты айтылады. Бұл болжамдар қалай жасалады және бұл жолғы дерт балаларға қауіпті деген сөз рас па?

– Өздеріңіз білесіздер, қазір әлемде COVID-19-ға шалдық­қан­дар мен қайтыс болғандар қа­тары қайта көбеюде. Еуропа мен Азия­ның кейбір елдерінде науқас саны өсіп келеді. Италия, Германия, Беларусь жерінде сырқаттанғандар 30 пайыздан 60 пайызға артты.

Арнайы болжамдарға сәйкес, Қазақстанда да эпидемияға қа­тысты үш сценарий жасалды. Пессимистік сценарий бойынша егер адамдардың 60%-ы бетперде киіп жүретін болса, биыл қазан-желтоқсан айында науқастар саны шамамен 190 мыңға жетеді, 65 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет. Мұндай жағдайда желтоқсанның ортасында локдаун енгізілуі мүмкін. Екінші сценарий бойынша аза­маттардың 70 пайызы әлеуметтік арақашықтық пен бетперде режи­мін сақтаса, қазан-желтоқсан айын­да шамамен 90 мың адам ауырады, 30 мың адамды ауруханаға жатқызу қажет. Қаңтарда локдаун болжануда. Адамдар санитарлық дәрігердің талаптарын 100 пайыз сақтаса, қатаң карантиннің қажеті жоқ.

Енді балаларға келсек. Оқу­шылар арасынан да КВИ анық­талды, кішкентай науқастармен байланыста болғандардың барлығы 14 күндік карантинде жатыр. Індет жұқтырғандар саны, әсіресе Шы­ғыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ­стан, Павлодар облыстарында көп. Дәрігерлер 41 балаға мульти­сис­темалық қабыну синдромы диаг­нозын қойды. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларында екі бала қайтыс болды.

Негізі, карантин режимінің талаптарын сақтауға қатысты 1 322 мектепте тексеру жүрді, еліміздің 10 өңірінде 159 орта білім беру мекемесі ереже бұзғаны анықталды. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласындағы мектеп­терде қызметкерлер медициналық бетперде режимін сақтамаған.

Ереже бұзғандар туралы аудан, облыс әкімдері жазбаша түрде хабардар етілді. Барлық мектепте түсіндіру жұмысы жүргізілді. Білім басқармасы басшыларының және мектеп директорларының қаты­суымен кеңестер өтті, сол жерде мониторинг барысында анықталған келеңсіздіктер тал­қыланды.

– Бірінші толқында науқастанған дәрігерлерге, көз жұмған дәрігер­лердің отбасына жәрдемақы қалай төленді? Қанша дәрігерге төленді? Екінші толқында дәрігер жұмыста коронавирус жұқтырса, олар көк­темдегідей ауырғанын дәлелдеу үшін тағы қол жайып, құжат жинап, жүгірмей ме?

– Биыл наурыз бен тамыз аралығында медицина қызмет­керлеріне жалпы 77 млрд теңге үстемеақы төленді. Инфекция та­раған қауіпті жағдайда жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің саны эпидемиялық жағдайға бай­ланысты ай сайын өзгеріп отырады. Бүгінгі таңда 5 913 меди­цина қыз­меткері өтемақы алды. Әрине, эпидемияға қарсы күреске қатыс­қан барлық медицина қыз­меткерін әлеуметтік төлемдермен қамта­масыз ету үшін тиісті шаралар қабылдаймыз.

Сонымен қатар кәсіби қызметін атқарып жүріп коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 млн теңгеден әлеуметтік өтемақы та­ғайындалды. Осылайша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың коро­навирус инфекциясының жаңа толқынына дайындық, қайтыс болған дәрігерлердің отбасына тиісті жәрдемақыны тексерусіз толық төлеу жөніндегі тапсырмасы аз уақытта орындалды.

COVID-19 және вирустық пневмонияға қарсы күреске тар­тылған медицина қызмет­керлеріне үстемеақыны ай сайын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. Үстемеақы алатындардың тізімін өңірлердегі арнайы ко­миссия жасақтайды. Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауында COVID-19-ға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне жыл соңына дейін ынталандыру ретінде өтемақы төлеуді тапсырған еді. Осы мақсатта 137 млрд теңге қаражат бөлінді.

– Вирустың бірінші толқынында дәрі-дәрмек жетіспеді. «СҚ-Фар­мация» тек мемлекеттік дәрі­ха­наларға дәрі жеткізуге міндеттіміз деп отырып алды. Қазір дәрі-дәрмек жете ме? Тағы да қоймаларда жатып қалмасына кепілдік бар ма? Про­визор, дәрігерлердің жасырын дәрі сатуының қалай алдын аласыздар?

– Қазақстанда жазда дәрі-дәрмек тапшы болды. Осы келең­сіздік қайталанбау үшін ми­нистрлік дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету мәселесі бойынша бірқатар шұғыл шара қабылдады. Бүкіл ел бойынша инфекциялық және провизорлық орталықтарда қор құрылды, осы­лайша бірыңғай дистрибьютор 16 млрд астам теңгеге дәрілік зат­тар­дың 91 атауын жеткізді.

Аталған шара инфекциялық және провизорлық орталықтардың жұмысын жеңілдетуге, COVID-19 жеңіл түрін амбулаториялық дең­гейде емдеуге, халықтың дәрілік заттарға жұмсайтын қалта шығы­нын төмендетуге, мемлекеттің стационарлық емге бөлетін шы­ғынын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар амбула­то­рия­лық деңгейде дәрі-дәрмектер тізі­мі кеңейтілді. Мәселен, дәрілік заттардың 5 атауын қамтитын COVID-19 жаңа нозологиясы ен­гізілді. Үйде коронавирусты ем­деу үшін 1 миллион науқасқа тегін дәрі-дәр­мектер қарас­тырыл­ған. Сондай-ақ халықтың осал топ­тарын вакци­нациялау үшін тұ­мауға қарсы вакцинаның 2 млн дозасы сатып алынды. Вакци­нация 15 қыр­күйекте басталды, бүгінде 1 млн адам екпе жасатты.

Бүгінгі таңда барлық өңірде 13 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттардың тұрақтандыру қоры ұйымдастырылды.

– Мемлекет басшысы Жолдау барысында алғашқы медициналық көмектің қызметін қайта қарауды тапсырды. Қазір қандай жоспар әзір­ленуде? Жедел жәрдемнің тиім­ділігін арттыру үшін оны кезең-кезеңімен ақылы қылу қажетін ұсынатындар бар. Оған қалай қа­райсыз?

– Денсаулық сақтау министрлігі халыққа көрсетілетін қызметтің сапасын және қолжетімділігін арттыру үшін 2021-2023 жылдарға дейінгі кешенді жоспар әзірлейді. Атап айтқанда, елді мекендердегі фельдшерлік-акушерлік, дәрігерлік амбулаториялық пункттердің мате­­риалдық-техникалық жағ­дайына айрықша мән береміз. Шалғайдағы елді мекендер үшін көліктегі меди­­­цина механизмі дамиды. Ауыл-аймаққа 100 бірлік жылжымалы медициналық кешен жеткізіліп, тиісті медициналық ап­параттармен (рентген, УДЗ, ЭКГ, гинекология­­лық тексеру жабдығы) қамтамасыз етіледі.



Енді балаларға келсек. Оқу­шылар арасынан да КВИ анық­талды, кішкентай науқастармен байланыста болғандардың барлығы 14 күндік карантинде жатыр. Індет жұқтырғандар саны, әсіресе Шы­ғыс Қазақстан, Солтүстік Қазақ­стан, Павлодар облыстарында көп. Дәрігерлер 41 балаға мульти­сис­темалық қабыну синдромы диаг­нозын қойды. Өкінішке қарай, Нұр-Сұлтан мен Алматы қала­ларында екі бала қайтыс болды.



Айта кететін мәселе, еліміздегі жедел жәрдем қызметі шақыр­туларға қызмет көрсетіп үлгермейді. Сондықтан қосымша 3 мың мо­бильді бригада құрылды. Өзіңіз айтып отырған жедел жәрдем қызметін кезең-кезеңімен ақылы ету мәселесі осыған байланысты туындаса керек. Бірақ бұл алғашқы көмек көрсететін жедел жәрдем емес, мобильді бригада екенін ескерткім келеді. Осының аражігін ажыратып алған жөн. Бригадалар коронавирусқа күдікті немесе тұмау жұқтырғандарды қарап, олардан тест алады. Бір шақырған адамға екінші рет бармайды. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі. Ел аумағындағы азаматтарға алғашқы көмек қашанда тегін көрсетіледі.

– Қазір портал арқылы квота алып, ота жасату да, емханаға ба­рып, ем алу да машақатты дүние. Ұзын сонар кезек. Дәрігерлер күніне 3-4 сағат жұмыс істейді. МӘМС медицинадағы кемшіліктердің көп­шілігін жоя алмады. Аймақтарды айтпағанда елорда, Алматы емха­наларында қаншама дәрігер жетіс­пейді. DAMUMED-те емдел­гендер туралы жалған ақпарат көп екені белгілі болды. Бұл бағытта қандай шаралар қабылдамақсыз?

– Әлеуметтік желілерде тараған жағдайдың барлығы шындыққа жанаспайды. Медициналық сақ­тандыру қоры көрсетілетін меди­циналық қызметтердің сапасына сараптама жүргізеді, әрбір өтінішті тексереді және заңбұзушылық анық­талса, шара қабылдайды. Қар­жы жалпы медициналық ұйымға бөлінеді, сондықтан қарапайым дәрігерге көрсетілмеген қызметті тіркеудің еш пайдасы жоқ. Қазір қорға пациенттер шағымдана алады – бізге бұл да көмек. Сон­дықтан ӘМСҚ халықты мо­бильді қосым­шадағы деректерді тексеруге және заңбұзушылық анықталған жағдайда қорға немесе қордың филиалдарына хабарлауға ша­қырады.

Медициналық ұйымдар па­циентке көрсетілмеген қызметті мекеменің жүктемесін көрсету үшін, қосымша қаржы алу үшін тіркеуі мүмкін.

ӘМСҚ 2020 жылы мониторинг жүргізіп, бірнеше кемшілік анық­тады. Мұндай жағдайда меди­циналық ұйымға көрсе­тіл­меген қызмет ақысының 300% мөл­ше­рінде айыппұл салынады. Тек­серу нәтижелері ҚР ДСМ Тауар­лар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау коми­тетіне және олардың аумақтық департаментіне жіберіледі. Шартты бұзған жеткізушілер бар, оларға қатысты мониторинг қорытындысы прокуратураға, экономикалық тергеу қызметіне тапсырылады.

– Коронавирус эпидемиолог, инфекционист, реаниматолог, пуль­монолог, кардиолог сияқты ма­ман­дардың аздығын байқатты. Бізде тағы қандай мамандар жеткіліксіз? Кадр тапшылығын шешу үшін қандай шаралар қабылдайсыз?

– Шынында да, пандемия ке­зінде бірқатар маманға сұраныс күрт өсті. Мәселен, 150-ге жуық эпидемиолог пен инфекционист, 321 реаниматолог, 41 пульмонолог, 144 кардиолог маманы қажет, сондай-ақ 128 рентгенолог, 244 педиатр, 44 жедел жәрдем дәрігеріне сұраныс бар. Кадр тапшылығын шешу үшін облыстардағы қажет­тілікке қарай грант бөлінеді.

Айта кету қажет, заң бойынша мемлекет қаржысына білім ал­ғандар, аймақтардағы мемлекеттік медициналық мекемеде кемі 3 жыл еңбек етуі тиіс. Бұл талап та маман тапшылығын шешуде нәтиже беріп отыр. COVID-19 инфекциясының алдын алуға 28 мыңнан аса маман қажет болды. Эпидемияға қарсы шараларды жүзеге асыру үшін жо­ға­ры оқу орны жанындағы клини­калық кафедралардың профес­сорлық-оқытушылық құрамынан 1 000 адам, рези­денттерден 2 000 адам, еріктілерден 1 509 адамнан резерв жасалды.

Биыл қаңтардан бастап 60 мың­­нан астам дәрігер, эпидемиолог пен медбике коро­навирусқа қарсы кү­рес және індетті емдеу бойынша қысқа мерзімді оқу-курсынан өтті. 7 мыңнан аста­мы эпидемиология, жұқпалы ау­рулар және био­қауіп­сіздік курс­тары бойынша оқы­­тылды. Ал 95 эпи­­демиолог қайта даярлаудан өтті, биыл 20 қарашада қосымша 95 эпидемиолог, 100 ин­фекционист және 165 жедел шұғыл көмек көр­сететін маман даяр­­ла­нады.

– Соңғы жылдары медицина уни­верситеттеріндегі студенттердің көп­­­шілігін «жалпы практика дәрігері» (ВОП) етіп даярлау өзін-өзі ақтады ма? Бір салаға маманданған дәрі­герлердің санын азайтып жіберген жоқ па? Өйткені резидентураға бөлінетін грант саны соңғы кезде күрт азайып кетті.

– Жалпы практика дәрігеріне қатысты қоғамда екіұшты пікір қа­лыптасқан. Десе де, денсаулық сақ­тау саласында сапалы қызмет көрсету үшін бұл таптырмас бас­тама деуге толық негіз бар. Мәселен, науқастарға емханаға барғанда жалпы практика дәрігерінің кеңесі ауадай қажет. Себебі ол терапевт, отоларинголог, кардиолог, аллер­голог, офтальмолог және басқа да мамандардың орнын алмастыра алатын маман. Отбасылық дәрігер келушіні әрлі-берлі жүргізбей, қолда бар құралдармен нақты диагнозын да қойып бере алады. Әсіресе, кішкентай баласы бар ата-аналар үшін бұл өте ыңғайлы. Яғни, балаңызды өзіңіз барып жүрген дәрігерге апара аласыз. Ата-ана­сының денсаулығын білетін дәрі­­герге баланың да жағдайын түсіну жеңіл болады. Бұл жалпы практика дәрігеріне деген қажеттіліктің бір ғана мысалы.

Биыл «Жалпы медицина» ма­мандығы бойынша интер­натураны мамандар 5 мамандық бойынша бітірді. Ал интернатураға түсушілер ЖПД бойынша қабылданды. Негізі, ЖПД маманы үшін тағы­лымдама тек 2021 жылы аяқталады. Биыл резидентураға мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 1 500-ді құраса, 950 отбасылық дәрігерге қажеттілік байқалады.

Отбасылық медицинада рези­ден­тураға бөлінген грант саны – 205. Келер жылы 651 отбасылық дәрігер бітіреді. 2020 жылғы ақ­панда бекітілген мем­лекеттік стан­дарттың 647 бұйры­ғына сәй­кес, дәрігерлерді оқыту траек­ториясы өзгереді. Интер­нату­ра тек жалпы дәрігер үшін біржыл­дық болады және барлығы резиден­турада оқуды жалғастыруы керек.

– «Аңсаған сәби» арқылы квотаға ие болу қалай іске асырылады? Жас мөлшері шектеле ме?

– Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының мәліметі бойынша, елімізде 9 467 әйел бедеулік диагнозымен есепте тұр.

2021 жылы іске қосылатын «Аң­саған сәби» бағдарламасына жа­санды жолмен ұрықтандыру арқы­лы бала сүюге үмітті жұптар қаты­сады. Еліміздегі емнің тиім­ділігін дүниеге келген бала саны­мен баға­лайтын болсақ, 30% деңгейінде, бұл еуропалық ең жақ­сы кли­ника­лар­дағы нәти­жемен бірдей. Па­циент МӘМС аясында жылына 1 рет ЭКО жа­сата алады.

Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры 2020 жылы 1 105 ЭКО-ға 943 млн 826 мың теңге (1 ЭКО құны – 854 141 теңге) қарастырған. Президент халыққа Жолдауында ЭКО квотаны 7 мыңға жеткізуді, яғни 7 есе көбейтуді тапсырды. Қазақстанда 26 ЭКО-орталық жұмыс істейді, оның 21-і же­ке­меншік. Жалпы, осы күнге дейін елімізде ЭКО-ның көмегімен 22 мыңнан астам бала дүниеге келген.

– Коронавирусқа қарсы қазақ­стандық вакцинаның тиімділігі дә­лелденді ме? ДДСҰ қандай баға берді? Оны егу жоспары қандай?

– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус ин­фекциясына қарсы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерт­теулерден өткізуге ресми түрде келісім берді. Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшы­сының тапсырмасын ескере оты­рып, COVID-19-ға қарсы вакци­нация жасататын контингентті кеңейтуді ұсынады. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында 2020 жылғы 17 қыр­күйекте Ұлттық фтизио­пуль­мо­нология ғылыми орта­лығының базасында қазақстандық вакци­наны клиникалық зерттеудің I ке­зеңін жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің кли­никалық зерттеулері және 2021 жылдың 24 сәуірінде III кезең аяқталады.

Елдің COVID-19 вакцинасына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияланатын қауіпті топ­тарды анықтады: олар 60 жастан асқан созылмалы аурулары бар адамдар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер. Алдын ала есепке сәй­кес республика бойынша 2,8 млн адам немесе халықтың 15%-ы вак­цина салдыруы тиіс. Ол үшін 5,6 млн доза вакцина қажет.

Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі тексеріліп, ресми тіркеу­ден өткеннен кейін халықты жап­пай вакцинациялау үшін қажетті доза сатып алынады.

– Әңгімеңізге рақмет!
Просмотров материала: 630

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 520 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 359 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 347 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 285 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 240 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 620 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 277 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 429 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031