17 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстанда мемлекеттік акті, жерге орналастыру жобасы мен жер комиссиясы жойылады

23 октябрь 2020, 16:33
Қазақстанда мемлекеттік акті, жерге орналастыру жобасы мен жер комиссиясы жойылады
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жетілдіру, ішкі істер органдарын цифрландыру және жер телімдері мен инженерлік коммуникациялардың цифрлық картасын жасау мәселелері қаралды.

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев, ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, энергетика министрі Н.Ноғаев баяндама жасады.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінде цифрландыру жөніндегі жұмыстың нәтижелеріне талдау жасауды және бөлінген қаражатты қайта бөле отырып, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын қайта қарауды тапсырды.

Қойылған міндеттерді шешу шеңберінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, АКТ саласының мамандары және бизнес-қоғамдастық өкілдері "Цифрлық Қазақстан" жаңартылған жобасының 10 басымдықты бағытын әзірледі (бұрын 5 бағыт). Олар әлеуметтік қатынастар саласын цифрландыруды, энергетика мен өнеркәсіпке арналған "Индустрия 4.0" технологиялық платформасын, AgriTech және Govtech технологиялық платформаларын құруды, сапалы АКТ инфрақұрылымын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, "Smartcity" технологиялық платформасын іске асыруды, азаматтардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған цифрлық құралдарды, "FinTech" және электрондық сауданы, жасанды интеллектті дамытуды және инновациялық экожүйені құруды қамтиды.

Мемлекеттік бағдарламаның жаңартылған редакциясында мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің жұмысын жақсарту, FinTech секторының мүмкіндіктерін кеңейту, ақылды қалалар жүйесін әзірлеу, АКТ инфрақұрылымын дамыту жобаларына ерекше назар аударылды.

Полиция қызметін цифрландыру шеңберінде Бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру және ІІМ Ахуалдық орталығын жаңғырту, азаматтардың өтініштерін қабылдаудың түрлі арналарын ықпалдастыру, облыс орталықтарын, республикалық маңызы бар қалалар мен елорданы бейнебақылау жүйесімен толық жабу, "Цифрлық полицей" жобасын іске асыру, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің Кешенді қауіпсіздік жүйесін құру және басқа да шараларды іске асыру көзделген.

Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы ұлттық дерекқорды құру шеңберінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, кеңістіктік деректердің Ұлттық инфрақұрылымын және цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жер ресурстарын цифрландыру қорытындысы бойынша, бүкіл ҚР аумағында ашық пайдаланылатын цифрлық карта, жер қатынастары және сәулет саласында электрондық қызметтер көрсету құрылып, жер учаскелеріне құқық беру мерзімі 1 жылдан 20 күнге дейін қысқартылады, мемлекеттік акті, жерге орналастыру жобасы, сондай-ақ жер комиссиясы алынып тасталады.

Жалпы, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын өзектендіру аясында ағымдағы 125 іс-шараға қосымша 145 жаңа іс-шара, 3 жаңа индикатор және 41 көрсеткіш әзірленді. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаның жаңа нұсқасында 15 индикатор, 67 көрсеткіш және 270 іс-шара қамтылған.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100%-ын онлайн-форматқа көшіру, цифрландыру саласына инвестициялар көлемін 500 млрд теңгеге дейін жеткізу, IT және электрондық өнеркәсіп экспортының көлемін 200 млрд теңгеге дейін жеткізу, 1 мыңнан астам жаңа инновациялық компанияларды құруға және 100 мың IT-мамандарды даярлауға ықпал ету жоспарлануда.

Премьер-Министр Үкімет отырысында қарастыру үшін "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының жаңартылған редакциясының жобасын енгізуді тапсырды.
Просмотров материала: 708

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 265 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 088 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 056 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 90 994 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 90 972 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 422 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 187 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 211 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 635 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 768 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 580 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 284 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 457 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 368 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 286 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 158 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 437 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 130 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 077 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 309 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 819 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 001 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930