19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дариға Сабденова: Әйелдер денсаулыққа салғырт қарайды

23 октябрь 2020, 10:32
Дариға Сабденова: Әйелдер денсаулыққа салғырт қарайды
Кейінгі 5-10 жыл ішінде гинекологиялық аурулар «жасарып» барады. Бұл жөнінде Belon Medical орталығының директоры Дариға Сабденова ой қозғап, мәселе көтерген еді. Оған қоса, қыз-келіншектер үй жағдайында емделуге әуес екен. Гинекологтер әйелдердің тексеруден өтуді кейінге қалдырып, салғырттық танытатынын айтады. Көбінесе мұның соңы аурудың асқынуы мен бедеулікке әкеледі. Сондықтан дәрігерлер әйелдердің гинекологиялық сауатын арттыруды жолға қоюды ұсынады.

Бақсы-балгерлерге баратындар әлі бар

Гинекологтер тексеруден өтудің, кон­сультация алудың маңызды екенін жиі ай­тады. Неліктен? Өйткені етеккірдің уақы­тылы келуі денсаулықта кінәрат жоғын білдірмейді. Гинеколог Дариға Сабденова БАҚ-қа берген сұхбатында 16 жастағы бойжеткеннен де жатыр мойны аурулары анықталғанын айтқан. Демек, уақытылы тексеруден өту – денсаулық ке­пілі. Се­бебі қоғамда жатыр мойны жаралары, жа­тырдағы қатерсіз ісік, жыныстық жолмен жұғатын ауру түрлері көбейген. Сол үшін гинекологтер жүк­тілікті жоспарлаудан бастап, витамин мен екпе қа­былдауды дәрі­гермен ақылдасып шешкен дұрыс еке­нін ескертеді.

«Еліміздегі біраз әйелдің қателігі – өз білгенінше әрекет ету. Жүктілікке жос­парды медрогил мен ыстық екпе сал­дырудан бастайды. Мұның арты асқынуға алып келетінін білмейді. Елден не естісе, соны істеуге құмар. Содан жатырдағы инфекцияға қарамастан бала көтереді. Соңы түсік тастау, ерте босану мен іштегі баланың дамуына кері әсер етеді. Мысалы, қыздар тұрмысқа шыққан соң 1-2 ай бала көтере алмаса, дюфастон препаратын қа­былдайды. Ал бұл овуляция кезеңі жұ­мысын шектейді. Яғни, аталған дәріні іш­кен әйелде біразға дейін овуляция бол­майды. Ал бала көтеру үшін овуляция ке­зеңі маңызды. Бала көтере алмау себебін ги­неколог тексеруден соң айтып береді. Мә­­селен, әйелге жай ғана микроэлемент же­тіспеген болар», – дейді гинеколог Сым­бат Нұрқожақызы.


Дәрігердің айтуынша, бала көтермес бұрын ке­шен­ді тексеруден өтіп, қан тал­дамасын жасау ке­рек. Бұл арқылы ағзаға же­тіспейтін витаминдер мен кем­шілікті анық­тауға болады. Әрі ер-азаматтың да қа­былдауға келіп, қан талдамасын жасағаны аб­зал. Өйт­кені әйелдің де, ер адамның да ағзасында инфек­ция болуы мүмкін. Сымбат Нұрқожақызының сөзіне мән берсек, бала көтерген соң да дәрігерге бармай, «өзім білемінге» салатындар бар екен. Себебі қазір әйелдер арасында бақ­сы-балгердің көмегіне жүгініп, өзіндік ем қолданушылардың қатары көп.

«Бізде әйелдер бала көтере алмаса, бақсы-бал­гер­лерге барады. Бұл – дұрыс емес. Алдымен қан талдамасын тапсырып, бойындағы кемшілікті білу керек. Мы­салы, маған осыған ұқсас оқиғасын ай­тып бір келіншек келді. Оған қоңыр түс­ті етеккір келген. Бұл – іштегі балаға қа­уіп төнгенін білдіретін сигнал. Ал әйел себебін анықтау үшін гинекологқа емес, бақсы-балгерге барған. Ол жатырға мас­саж жасап берген. Артынша әйел түсік тас­таған. Осындай жағдайға тап болмас үшін әйелдердің гинекологиялық сауатын ашып, ақпарат кеңістігін кеңейту қажет», – дейді гинеколог Сымбат Нұрқожақызы.

Комплекс дейтін бір түйін…

Ал гинекологтер айтқан тексеру құны қанша теңге? Мұны қарапайым әйел­дің қалтасы көтере ме? Айта кетерлігі, егер бала көтерген әйел өзі тіркелген ем­ханада талдамалардың бірқатарын тегін тап­сыра алады. Талдаманы жекеменшік кли­никада тапсырғысы келсе, 30-40 мың тең­ге қаражат керек. Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ЭКО бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Тілеу­лесқызының айтуынша, бедеулік себебін анықтау талдамалары 70 мың теңгеден бас­талады.

Әйелдердің дені талдаманы жеке­меншік клиникада жасауды құп көреді. Консультация мен кешенді тексерілуде де аталған емханалардың қызметіне жүгінеді. Мәселен, кейіпкеріміз Самал Мақсатқызы бірінші жүктілігінде түсік тастаған. Себебі мен салдарын анықтау үшін өзі тіркелген емханаға барған.

«Түсік тастағаннан кейін екінші рет мұндай жағдай қайталанбауы үшін ем­делуді жөн көрдім. Гармон түріне, ин­фекцияға және тағы басқаларына тал­дама жасаттым. Мұның бәрі 70-80 мың теңге тұрады. Алғашында тіркеуге тұрған №17 поликлиникаға бардым. «От­басын жоспарлау» кабинетіндегі гине­кологтер бірнеше сұрақ қойып, жауап алды. Кейіннен олардың жеке кітапшама «жа­ғын­дыға (мазок) талдама алдым» деп жаз­ғанын білдім. Оның үстіне, алғашқы жүк­тілік кезінде цистит мазалаған. Сонда ги­некологтерден «осы уақытқа дейін қа­лай емделмей жүрсің?» деп кекесін біл­діргені бар. Мұндай атмосферада тек­серуден өткім келмей, жекеменшік кли­никаны таңдадым», – дейді Самал Мақсатқызы.

Салғырт қараудың соңы – бедеулік

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әйелдер арасындағы бедеуліктің 20, ер­лер арасындағы бедеуліктің 22 себебін анықтаған. Бірінші кезекте – инфекцияны асқындырып алу мен өзін-өзі емдеу тұр. Ана мен балаұлттық ғылыми орталығы ЭКО бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Тілеулесқызының айтуынша, үй жағдайында ем-шара қолдануға мүлдем болмайды.

«35 жасқа дейінгі әйелдер 1 жыл ішінде бала кө­термесе, міндетті түрде тексерілуге келуі керек. Ал 35 жастан асқан жандар көп уақыт өткізіп алмай, 6 ай ішінде тексерілуден өтуі қажет. Ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт балалы болмаса, «шешімі – ЭКО» деп ойлау қате. Мүмкін, әйел жас кезінде жатырында қабыну болып, оны өз білгенінше немесе толыққанды емдемеген болар. Содан жатыр түтікшелері бітеліп қалғанын білмеуі мүмкін. Неғұрлым се­бе­бін ерте анықтаса, соғұрлым жақсы», – дей­ді гинеколог Гүлнар Тілеулесқызы.

Сондай-ақ дәрігер әйелдердің пси­хологиялық күйі де бала көтеру-көтер­меуіне әсер ететінін атап өтті. Оның айтуынша, іштей дайындықты да гине­колог­пен бірге бастаған жөн. «Анам 8 бала көтерген жан, менің бала көтермеуім мүм­кін емес» деп ойлаудың қате түсінік екенін баса айтты. Өйткені орталыққа келген әйелдердің біразы спортпен ай­на­лысатынын, көпбалалы отбасында тәр­биеленгенін алға тартады екен.

«Орталықта әйелдер арасында анонимді сауал­нама жүргіздік. Себебі неліктен олардың дәрігер көмегіне кеш жүгінетінін білгіміз келді. Нәтижесін ағылшын тілінде жарық көретін халықаралық журналда жарияладық. Расымен, елімізде әйелдердің гинекологиялық сауаты төмен. Өйткені сауалнамаға жауап бергендердің көбі тексеруден өту жолдары жайлы ақпаратты білме­ген», – дейді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы ЭКО бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Тілеулесқызы.

Жоғары білікті дәрігер жастардың ақпаратпен сусындап, гинекологиялық сауатын көтергенін қалайды. Сонда бедеу­ліктің алдын алуға, дені сау ұрпақ сүюге мүмкіндік көп екен. Өйткені сәбидің жа­тыр ішінде 6 айға дейін қалыпты дамуын қадағалау маңызды. Мәселен, жатырдағы нәресте ұл болса, анасы қабылдауға бол­майтын препараттарды ішсе, бала крип­торхизмге шалдығуы мүмкін. Ал крип­торхизм ерлер арасындағы бедеулікке әке­ле­ді. Әрине, мұны да ерте сатыдан анық­тап, емдеуге болады. Сондықтан дерт­ті дер кезінде анықтап, шипа табу кім­ге болмасын қажет-ақ.


Дерккөз: Aikyn.kz.
Просмотров материала: 976

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 583 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 405 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 375 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 310 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 290 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 695 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 293 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 255 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 406 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 419 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930