20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Отбасында зорлық көрген елордалық 320 әйел көмекке жүгінген

21 октябрь 2020, 16:36
Отбасында зорлық көрген елордалық 320 әйел көмекке жүгінген
Биылғы тоғыз айда елордада 320-дан астам әйел зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторларына көмекке жүгінген. Бұл туралы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Шырахметова бүгін баспасөз конференцияда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«2020 жылдың тоғыз айында 320-дан астам әйел біздің көмегімізге жүгінді. 160-қа жуық әйел Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының жеке қабылдауында болды. Бала-шағалы 39 әйел Дағдарыс орталығына орналастырылды. Олардың өтініштері бойынша 93 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 127 қорғау нұсқамасы шығарылды. 47 әйелге азаматтық-құқықтық қатынастарда көмек көрсетіліп, 89 адам мәжбүрлеп емдеу мекемелеріне орналастырылды. Олардың кейбіреуі балаларымен бірге Дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Ал кейбіреуіне үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен бірге көмек көрсетілді», - дейді Гүлмира Шырахметова. Инспекторлар тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерге мәселелерін шешуге, жұмыс табуға, кейде құжаттарын қалпына келтіруге көмектеседі.

«Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық бюро Украинадан Кеңес Одағы кезеңінде келген әйелдің құжаттарын қалпына келтірді. Бұған дейін оның ешбір құжаты болмаған. Тиісінше, әйелдің балаларында да ешбір құжат болмаған. Құжаттарды қалпына келтіргеннен кейін ол балаларына әлеуметтік төлемдер ала бастады және жұмысқа орналасып, баспаналы болды. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады», - дейді аға инспектор.

Оның айтуынша, әйелдер инспекторларға әртүрлі мәселемен жүгінеді.

«Біз үйлестіруші орган ретінде үкіметтік емес ұйымдарға хабарласып, оларға көмектесеміз. Көптеген әйел күйеулерімен де жұмыс жасағанымызды қалайды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы бар. Олар қазір 12 отбасымен жұмыс істеуде. Бұл отбасыларға қиындықтарды жеңуге және отбасыдағы қарым-қатынасты реттеуге көмектеседі», - дейді Гүлмира Шырахметова.

Инспектордың сөзінше, отбасылық дау-дамайда ерлі-зайыптының біреуі ғана кінәлі болуы мүмкін емес.

«Біз отбасыны барынша сақтап қалуға тырысамыз. Ал отбасын сақтап қалу мүмкін емес жағдай болса – онда әңгіме басқаша, әрине. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда ішімдік ішкен күйде болады және қол көтеруге де көп жағдайда қызғаныш себеп болады», - дейді ол.

Еске салайық, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер үшін 1409, ал жыныстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін +7081060810 және 150 нөмірі бойынша байланыс орталықтары жұмыс істейді. Бұл сенім телефондары арқылы құқықтық және психологиялық кеңес алуға болады.
Просмотров материала: 555

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 762 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 585 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 554 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 488 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 471 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 448 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 209 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 234 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 670 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 802 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 761 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 297 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 467 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 379 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 312 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 447 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 161 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 133 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 463 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 826 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 422 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930