23 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Полицейлер өзара атысып жатса, басқасынан не қайыр?

Полицейлер өзара атысып жатса, басқасынан не қайыр?
Жамбыл облысы Шу ауданында бір аптада үш бірдей шулы оқиға болды. Ең алдымен Батыс шағынауданында полиция қызметкерін бұзақылар соққының астына алып, тіпті қызметтік көлігін айдап кетсе, арада үш күн өтпей өкпе тұсынан жарақат алған жас жігіт қалалық ауруханада жан тәсілім етті. Енді өткен жұмада Тасөткел ауылының маңында тәртіп сақшылары бір-бірімен атысып, соңы адам қазасымен аяқталып отыр, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы, оқиға желісін баян етсек, Көліктегі Полиция департа­ментінің өзіндік қауіпсіздік бас­қармасы қызметкерлері арнайы операция өткізіп, заңсыз есірткі айналымымен айналысты деген күдікпен аудандағы желілік по­лиция бөлімінің қызмет­кер­лерінің ізіне түскен. Күдік­тілерді қолға түсіру кезінде олар берілуден түбегейлі бас тартып, із суытпақ болады. Басқарма қызметкерлері «Тойота Лэнд Кру­зер» автокөлігін тізгіндеген әріптестерін тоқтатпақ болғанда олар 32 жастағы полиция қызметкерін қағып өте шыққан. Мұндай ауыр соққыдан тәртіп сақшысының екі аяғы мен мойын сүйегі сынып, өзге де дене жара­қатын алған. Бұйрыққа бағынбаған заң бұзу­шылардың артына түскен құқық қорғау органының қыз­меткерлері қару қол­дануларына тура келіп, соңында бір күдікті оққа ұшса, екіншісі дене жара­қатын алып отыр.

Аталған арнайы операция кезінде ізін суытпақ болған автокөліктен 55 келі кептірілген марихуана табылды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 297-ба­бының 3-бөлігі (есірткі құрал­дарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын сату, жө­нелту немесе сату мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау) бойынша қыл­мыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс аяқ­талып, күдіктілердің кінәсі дәлел­­денетін болса, олар 10 жыл­дан 15 жылға дейін бас бостан­дығынан айырылуы мүмкін. Со­нымен қатар 345-баптың 2-бө­лігі бойынша (көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ере­желерін бұзуы, денсаулығына зиян келтіруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бө­­лек, Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі (билікті немесе лауа­­­зымдық өкілеттіктерді қаруды қолдану арқылы асыра пай­далану) бойынша тағы бір іс тергелуде.

Бұл оқиғаға қатысты Жамбыл облыстық Полиция департаменті жақ ашпады. Ондағылар ақпаратты тек Ішкі істер министрлігі бере алатынын айтты. Ал аталған құры­лымдық орган ресми сайтында «Шудағы арнайы операция бары­сында полицей­лерге қару қол­дануға тура келді» деген мате­риалды шығарды.

«ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция қата­­рындағы қылмыстылықты түп-тамырымен жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауды жалғас­тыруда.

Бұл жолы назарға Көліктегі полиция департаменті Жамбыл облысы Шоқпар стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ілінді.

атыс
Жабайы қарасораны заңсыз егіп, жинау фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында қызмет ба­­бындағы полицейлердің заңсыз есірткі затын жинап, сату үшін Кұмөзек жеріне баратыны туралы мәлімет түсті.

Қылмыстың жолын кесу үшін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы арнайы мақсаттағы бөлініс қыз­­­мет­керлерімен бірлесіп, операция жүргізді.

Күдіктілер мінген көлікті тоқ­тату үшін қызметкерлер Шу-Тараз авто­жолын жапты. Осы уақытта күдіктілер бой тасаламақ оймен, арнайы бөлініс қызмет­керін қа­сақана қағып өтіп, оған ауыр дене жарақатын келтірді.

Атыс қаруымен қаруланған авто­көліктегі үш күдікті қатты жыл­дамдық­пен қуғыншылардан сытылып кетпек болған.

Полицейлер ескерту жасап, аспанға оқ атса да күдіктілерлер құлақ аспаған, бұдан соң көлік құралын тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды.

Үш адамның екеуі жарақат алып, нәтижесінде олардың біреуі меди­циналық мекемеде көз жұм­ды. Ал екіншісіне стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілді. Үшінші күдікті Қыл­мыстық-процессуалдық кодексі­­нің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген министр­ліктің сайтында.

Бір сөзбен айтқанда, барлығы тергеу амалдарына келіп тіреліп отыр. Ол дұрыс та шығар. Алайда айнал­дырған бір аптаның ішінде болған оқиғалардан қазір шулық­тар шулап қалды. По­лицейді соққыға жыққан алғашқы оқи­ғадан кейін Шу ауданында екі күндік «Учаске» жедел профи­лактикалық іс-шарасы өткізіліп, нәтижесінде об­лыстық Полиция департаменті 900-ге тарта құ­қықбұзушылықты анықта­ған­дарын айтты. «Екі күнде 900-ге тарта заң бұзушылықты анық­тадық» деген департаменттің мәліметі кімге жұбату болып тұр­ғаны түсініксіз. Егер Шу ауданында екі күнде осынша құқық­бұзу­шылықтың беті ашы­лып жатса, бұл дегеніңіз масқара ғой. Демек, ауданда мүлде заңның үстемдігі жоқ немесе құқық қорғау орган­дары бұзақыларды бастарына шығарып алды деген сөз. Әй, бірақ тәртіп сақшыларының өзі есірткі тасып, бір-бірімен атысып жатса, бұл өкпеміз де бекер шығар.

Просмотров материала: 1 010

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 918 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 741 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 713 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 651 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 473 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 229 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 256 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 707 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 838 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 926 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 307 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 480 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 389 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 161 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 304 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 462 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 133 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 459 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 167 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 139 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 085 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 937 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 146 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 112 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 612 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 829 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 981 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 188 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 426 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 921 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 957 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 009 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 910 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 145 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 273 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930