23 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Заң солай болса...»: Жәбірленушілердің экс-полицейге тағайындалған жазаға көңілі толмайды

20 октябрь 2020, 15:26
«Заң солай болса...»: Жәбірленушілердің экс-полицейге тағайындалған жазаға көңілі толмайды
Алматы қаласы маңындағы блок-бекетте екі полицейдің өмірін қиған жол апатына кінәлі деп танылған Азат Азаматовқа қатысты Қарасай аудандық соты тағайындаған жазаға жәбірленуші тарап көңілі толмайтынын жеткізді. Айтуынша, заңның осалдығынан қаншама жастарымыз қыршыннан қиылып жатыр. Мамыр айында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болған қос полицейдің туыстары судья Мәди Көшікбаевтың шығарған үкімімен келіспейтінін білдірді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Көлік апатына кінәлі деп танылған 26 жастағы экс-полицей бүгін сот шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.



«Азат Азаматов ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1,4 бөлігімен кінәлі деп танылсын және оны өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мемемесінде өтеу тағайындалсын. Азат Азаматовқа қарсы күзетпен бұлтартпай ұстау шарасы өзгертусіз қалдырылсын», - деді Қарасай аудандық сотының судьясы Мәди Көшікбаев.

Қайтыс боған қос полицейдің артында кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала қалған. Марқұм Жарас Жанғазиев көптен күткен ұлының жарық дүниеге келгенін көре алмаса, Дастан Әбдіқанов қайтыс боларынан бір ай бұрын ғана ұлды болған. Марқұмдардың туысы бірнеше отбасын қара жамылдырған кінәліге берілген жаза тым жеңіл деп санайды.

«Заң солай болса...»: Жәбірленушілердің экс-полицейге тағайындалған жазаға көңілі толмайды


«Баламнан айырылып отырмын. Біз үшін өмірлік қайғы, орны толмас қасірет. Ұлыма (марқұм Дастан Әбдіқанов - авт.) патриоттық тәрбие бердім, әскерге де барып келді. Ол осы жолды таңдап, еліне қызмет жасамақшы болды, жайнап тұрған баламды өлтірді. Әкесі де, өзі де (А. Азаматов – авт.) полицияда жұмыс жасады, заңды біліп тұрып мас күйінде көлік жүргізді, жауапкершілігі жоқ. Соттың жазасымен біз келіспейміз. Өте жеңіл жаза тағайындап отыр. Заңды гуманизациялаймыз деп жүргенде, мына жақта заңның осалдығынан жас балалар қырылып жатыр», -деді марқұм Дастан Әбдіқановтың анасы Жанаткүл Абирова.

Динара Аманның айтуынша, айыпталушы Азат Азаматов жолдасы (марқұм - авт.) Дастанмен ТЖ кезінде бірге жұмыс істеген.

«Күйеуім қайтыс болғанда бір рет келген. Одан бері 6 ай өтті, не анасы, не әкесі келіп кешірім сұраған жоқ. Оларды сотта бірінші рет көрдім. Адам ісіне шынымен өкінсе, келіп кешірім сұрайды. Азат Азаматов полиция қызметкері болған. Ол жолдасым Дастан екеуі ТЖ кезінде наурыз, сәуір айларында бірге жұмысқа шыққан, қалада патрульде де бірге жүрді», - деді Динара Аман.



Сондай-ақ, судья 10 жылға сотталған экс-полицейден ірі көлемде ақша өндіру туралы да үкім кесті. №4 блок-бекеттегі атышулы апат салдарынан қайтыс болған қос полицей – Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың жақындарына және жарақат алған Еркебұлан Сейдазымға материалдық- моральдық өтемақы, мемлекетке келтірген залалды да қоса төлеуге міндеттелді. Мәжбүрлі түрде өндірілетін ақшаның жалпы көлемі 66 миллион теңгеден асады.

«Судья заңнан аса алмаймыз деп отыр, айтарым жоқ. Заң солай болса, Алла жазасын берсін. Артында жылап қалған әке-шешелерінің көз жасы жібермесін. Өтемақы біздің талабымыз бойынша қанағаттандырылды. Алайда мәселе ұлдарымыздың мәңгілікке маскүнемнің кесірінен кетіп қалғанында», - деді жәбірленуші Маратжан Сиыршев.

Еске салай кетейік, 25 мамыр күні Алматы облысы Қарасай ауданындағы Көксай шағынауданына қойылған блок-бекетте жол-көлік оқиғасы тіркелді. Полицияның мәліметінше, BMW көлігін тізгіндеген Азат Азаматов алдымен бетон қоршауына соғылып, артынша полиция қызметкерлері отырған патрульдік автокөлікті қаққан. Тәртіп сақшыларының бірі оқиға орнында, бірі ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ, тағы бір полицей зардап шекті.
Просмотров материала: 728

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 457 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 182 978 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 551 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 182 601 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 182 921 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 723 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 841 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 086 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 344 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 486 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 030 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 171 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 470 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 298 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 126 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 350 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 378 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 066 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 462 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 196 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 179 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 009 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 852 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 127 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 060 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 568 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 120 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 158 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 521 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 857 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 921 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 879 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 101 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 246 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031