3 декабря 2020 г.

Мы в соц сетях:



Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді
Техногенді сипаттағы төтенше жағдай орын алған Мақтаарал ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлауда. Апат аумағында қираған үйлер қалпына келтіріліп, Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

386 отбасын қуанышқа бөлеген қоныс той салтанатты түрде атап өтілді. Қоныс иелерінің қуанышымен бөлісу үшін Мақтаарал ауданына арнайы келген Премьер-Министрдің орынбасары Р.Скляр, Өзбекстан Республикасының су шаруашылығы министрі Ш.Хамраев, Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев тұрғындарды құттықтап, баспана кілттерін табыстады.

Алғаш боп сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Төтенше жағдай жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Роман Скляр мақтааралдықтарды құттықтап, игі тілегін жеткізді.
Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

Сонымен қатар, Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше қызмет атқарған бір топ азаматтарға ҚР Премьер-Министрінің алғыс хаттарын табыс етті. Олардың арасында Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев пен Өзбекстан Республиасының Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Кулдашов та бар.

Жаңа шағынаудан тұрғындарының қуанышына ортақтасқан облыс әкімі қиындықтың артта қалғанын айтып, әр отбасы үшін баспаналарының берекелі болуын тіледі. Сондай-ақ, өңір басшысы жаңа мөлтекауданның құрылысына атсалысқан бірқатар азаматтарға ҚР Президентінің алғыс хаттары мен «Халық алғысы» медалін табыстады.

«Сардоба су қоймасындағы бөгеттің бұзылуы шекаралас екі ел үшін де оңайға соқпады. Апат айтып келмейді. Осы тосын жағдайды естіп, мақтааралдықтардың тағдырына алаңдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Мақтааралға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілді. Зардап шеккен ауылдардың әрбір азаматы қамқорлықсыз қалмады. Бүкіл ел болып көмек қолын созды. Қиындықтар артта қалды, осы сәт өмірлеріңіздің жарқын кезеңі болсын. Жаңа қоныстарыңыз жайлы да, берекелі болуына шын жүректен тілектеспін», – деді Өмірзақ Естайұлы.

70 гектар жерде орналасқан жаңа қалашықтағы 386 үйге Жеңіс, Жаңатұрмыс және Достық елді мекендерінің тұрғындары көшіп келетін болады. Мұнда барлық инженерлік инфрақұрылым тартылған. Ауыз су, жарық, жылу мен кәріз жүйесі жасақталып, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 1200 орындық мектеп пен бала-бақша және дәрігерлік амбулатория салынуда. Балалардың ойын алаңдары орнатылып, ағаштар отырғызылған. Желілік саябақ пен гүл бақтары мөлтекауданның көркіне көрік қосып тұр.

Мамыр айында орын алған апат кезінде 30 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жаудан құтқарылған халық Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен ашылған 24 эвакуациялық орынға орналастырылды. Мақтааралға бүкіл ел болып көмек қолын созды.

Көрші елден апат салдарымен күресуге арнайы техникалар мен 200 адам келді. Өзбекстандық жасақ елді мекендерге жайылған суды тазалау мен су сору жұмыстарын жүргізді. Егістік алқаптарды қалпына келтіріп, шитті мақта етуге атсалысты.

«Nur Otan» партиясы мен басқа да қазақстандық кәсіпкерлер апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуде елеулі үлес қосты. Еліміздің түкпір-түкпірінен 700 тоннадан астам азық-түлік пен гуманитарлық көмек келді. Су басқан аймақтағы әрбір тұрғын республика бюджетінен 100 мың теңгеден қаражат алды. «Болат Өтемұратов қоры» зардап шеккендерге үй салып беру үшін 6 млн доллар бөлді.

Ресей кәсіпкері Әлішер Усмановтың қорынан эвакуацияға ұшыраған тұрғындар үшін 5,2 млн доллар аударылды. Бұл қаржы 5202 отбасына (30 420 адам) 1000 доллардан үлестірілді.

Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуынан зардап шеккен үш ауыл тұрғыны үшін Мырзакенттен жаңа қалашық бой көтерді. 386 үйдің ішінде 196 тұрғын үй үкімет резервінен бөленген қаражат есебінен, 150 үй Болат Өтемұратов қорының қаржысына салынды. 40 баспана «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» қоры мен «Салиқалы ұрпақ» қорларының қолдауымен бой көтерді.

«Біздің қорымыздың құрылтайшысы Болат Өтемұратов қазақстандық меценаттар ішінен алғашқы болып көктемде болған апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді шешті. Ол 6 млн АҚШ долларын бөліп, оларды апат салдарынан баспанасыз қалған 150 отбасына арнап үй салуға жұмсады. Бұл өңірдің қайта құрылуына ең қомақты үлес және салынған үйлердің ең жоғары саны боп есептеледі. Жобаны іске асыру барысында біз ең жақсы материалды таңдап, жұмыс сапасын қатал қадағаладық. Пандемия мен карантинге байланысты қиындықтарға қарамастан, төрт айдың ішінде жобаны орындадық», – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты. Тұрғындардың қуанышын бөліскен Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр мен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев баспаналы болған 2 отбасының шаңырағына кіріп, құтты болсын айтты.

Просмотров материала: 331

Поделиться материалом


19:06 В системе высшего образования происходят серьезные... 189 Просмотров

17:59 Вооруженные мужчины напали на ломбард в Алматы... 189 Просмотров

17:55 Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс... 219 Просмотров

17:50 Карагандинца осудили за изнасилование 60-летней женщины... 192 Просмотров

17:38 Павлодарда балалар үйінен кәмелетке толмаған екі қыз... 385 Просмотров

17:26 Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз - Тоқаев... 230 Просмотров

17:25 Фейковая игра крадет персональные данные казахстанцев... 228 Просмотров

17:15 Ущерб в 15 млн тенге: двое мужчин вымогали деньги у жителей... 193 Просмотров

17:14 "Тепкілеп жатыр". Алматыда әйелін ұрып-соққан ер адамды... 599 Просмотров

17:01 Атырауда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді... 224 Просмотров

16:59 Трое рабочих погибли при пожаре в Кызылординской области... 197 Просмотров

16:55 ДСМ екі апталық локдаунға қатысты ақпаратқа жауап берді... 226 Просмотров

16:47 На павлодарца завели уголовное дело за оскорбление... 203 Просмотров

16:31 Қызылорда тұрғыны компьютерлік клуб атын жамылып, казино... 235 Просмотров

16:26 Ограничительные меры продлили в ВКО... 190 Просмотров

16:23 Қостанай облысында обаға қарсы костюмдерді шетелге алып... 149 Просмотров

16:14 Мы настроены провести прозрачные и справедливые выборы -... 138 Просмотров

16:08 Қазақтың «Тақиялы періштесі» 85 жасқа толды... 1 100 Просмотров

15:58 "Это дезинформация" - Е.Байтанаев о двухнедельном локдауне... 139 Просмотров

15:52 Бердібек Сапарбаев: Кез келген төбелеске ұлтаралық сипат... 159 Просмотров

15:45 Под Алматы водитель пассажирского автобуса сбил девушку и... 141 Просмотров

15:45 4,5 млн тенге вложили казахстанцы в очередную финансовую... 141 Просмотров

15:35 4,5 млн тенге вложили казахстанцы в очередную финансовую... 130 Просмотров

15:30 Қызылордада әжетханадан шақалақтың денесі табылды... 358 Просмотров

15:16 Желтоқсанда ауа райы қандай болады?... 333 Просмотров

15:15 В мошенничестве с арендным жильем подозревают жителя... 131 Просмотров

15:04 Маңғыстауда ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар... 165 Просмотров

14:50 Елордада бала күтушісі үй иесінен 2 смартфон ұрлап кеткен... 141 Просмотров

14:39 Сапарбаев Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па... 168 Просмотров

14:31 Әншілер, есірткі. Желідегі жазбаға қатысты полиция түсінік... 342 Просмотров

14:20 15 жыл іздеуде болған ер адам Қарағандыда ұсталды... 164 Просмотров

14:05 Мүгедектік бойынша бірқатар жәрдемақы қайта қаралады –... 175 Просмотров

14:00 Три тонны нефтеотходов разлилось на дороге в Карагандинской... 153 Просмотров

13:52 Израиль передал гумпомощь Казахстану на 17 млн тенге... 158 Просмотров

13:40 Чиновники попрекают врачей высокой зарплатой - депутат... 168 Просмотров

13:25 Смерть младенца в холодильнике: главврачу запросили 20 лет... 180 Просмотров

13:05 Россиянин, подозреваемый в жестоком убийстве 15-летней... 166 Просмотров

13:00 2 млн теңге үшін кәсіпкерді қинап, өлтіргендер ұсталды... 565 Просмотров

12:53 Двух воспитанниц детдома ищут в Павлодаре... 151 Просмотров

12:51 Жақсылық Үшкемпіровтің арманы. Бұл шешім былай қабылданған... 182 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031