20 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді

"Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ": Ордабасы мақташылары жанайқайын жеткізді
Оңтүстіктің мақташылары қып-қызыл шығынға батып жатыр. Әсіресе, Ордабасы ауданындағы ақ алтынмен айналысатын диқандар егінін тек бір рет суарып үлгеріп, салдарынан мақта жылдағыдан екі есе аз өнім беріпті. Өйткені суды облыс Түркістанды абаттандырамыз деп бұрып жіберген. Енді аз өнімді өткізудің өзі мұң. Мақта қабылдаушы зауыттардың бағасы тым төмен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Күнгейлік диқандардың жағдайы биыл мәз емес. Суарылмаған мақтаның шығуы да әдеттегіден екі есе төмен бопты. Ордабасы ауданының диқандары ақ алтынның 80 пайызын айналасы екі аптада жинап үлгерді. Қалғанын бірер күнде теріп бітуі тиіс.

Диқандар мақтаны жылда екі мәрте суаратын. Бірақ биыл жаздың ортасында су беру мүлдем тоқтапты. Тіршілік нәрі болмаған соң, егіннен күй кетіп, өнім күрт төмендеген. Ал судың жартысы Түркістанды абаттандыруға жіберілген көрінеді.

"10-шілдеден бастап су тоқтады. Көп жерде 70 пайыз сумен қалды. Енді орта есеппен 16-17 центнерден келіп жатыр. Ал 16-17 центнермен тек шығынға батамыз. Баға саясаты дұрыс емес", – дейді диқан Қасен Дүйсенбі.

Қолдан жасаған құрғақшылықтан өнімнің жартысынан айрылдық дегендер қазір сол аз мақтаны зауыттарға өткізіп жатыр. Бірақ олар да қитұрқылық жасап, бағаны тым төмен ұсынады екен. Алдыңғы жылы келісін 180 теңгеден алған мақта зауыттары былтыр 150 теңгеден берсе, биыл тіпті 100 теңгеге түсірген.

"Бұл кісілер қорасындағы ең соңғы малын сатып, осы мақтаны егіп отыр. Енді несиесіне несін сатып құяды? Бала-шағаны биыл қайтіп бағады? Диқанға 230 теңгеден шит тұқымын алып, 100 теңгеден мақтаға ақша алғаннан қандай пайда? Бір литр жанармай 187 теңге, ал мақтаң 100 теңге. Мұны есептеуге білімнің де керегі жоқ", – деп ашынады күйінген диқанның бірі Жасұлан Қуандықұлы.

Жекеменшік зауыттарға талатып жатыр деген егіншілердің аудандық шенеуніктерге де өкпесі қара қазандай. Себебі, мемлекеттен берілетін субсидияның құжаттарын өткізетін кезде аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі түрлі сылтаумен құжат қабылдамай, азын-аулақ жеңілдіктен де қағылдық деп отыр.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімі өзбектердің арқасында мақта өндірісі қалай өзгеретінін айтты

Агроном Арапбай Әбішұлы диқаншылар әкімдік алдына күнде жиналғанымен, база ашылмағанын айтады.

"Осы арада, біздің компьютерде база ашылмайды. Сондай сылтау айтылды. Қалып қойдық. Өзіміздің кооперативтен 970 тонна мақтаға субсидия алынбай қалды. Осыны іздеуден басталды", – дейді ол.

Ал бұл мәселеге қатысты пікір білдірген облыстық ауыл шаруашылығына жауапты ақжағалылар еш саспады. "Түркістанды абаттандыруға су бұрғанымыз рас, бірақ оған көп су кеткен жоқ, деген олар Ордабасыда тіршілік нәрі жеткілікті болған деседі.

Жалпы облыста 90 мың гектар ғана мақта егілуі тиіс болса, қазір ақ алтын алқаптары 125 мың гектар. Сондықтан сұраныс та аз. Оның үстіне қазақ мақтасы, өзбек пен тәжіктің өнімінен сапасы төмен болғандықтан, халықаралық нарықта да арзан көрінеді.

"Мақтаға сұраныс жоқ. Сұраныс болғанда, ол шаруаға да пайда емес. Мен екі-үш жылдан бері айтып келе жатырмын, мақта дақылын тоқтатыңдар. Кейбір азаматтар бар еңбекқор, ниеті түзу азаматтар. Қазір жақсы өнім алып жатыр. Ал кейбір азаматтар кем өнім алғанын біреуден көреді", – дейді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Оспанов.

Осылайша, мақта егуді қысқарту керек деген шенеунік оның орнына картоп ексін деп кеңес береді. Бірақ егінге не су бермейтін, не мақта бағасына араласа алмайтын облыстық басшылардан қайран жоқ деген ел енді мәселені оң шеше алатын елордадан ғана көмек күтеді.
Просмотров материала: 587

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 698 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 521 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 490 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 425 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 408 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 444 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 206 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 231 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 666 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 799 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 736 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 295 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 464 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 376 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 291 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 444 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 108 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 441 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 824 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 978 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 004 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930