28 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Курсанттар жаппай төбелесті": Қарағандыдағы ІІМ академиясынан тағы шу шықты

"Курсанттар жаппай төбелесті": Қарағандыдағы ІІМ академиясынан тағы шу шықты
Қарағандыдағы ІІМ академиясына Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссия барды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Болашақ полиция қызметкерлерін дайындайтын оқу орнынан тағы шу шықты. Белгісіз біреулер желіге видео жариялаған. Онда погондағы курсанттардың төбелесіп жатқанын көруге болады. Ал бірнеше сағаттан соң интернетте академия қызметкерлерінің видеоүндеуі жарияланған. Олар академия күмәнді мемлекеттік сатып алуларды жүргізіп отырғанына шағымданған.

Осыған байланысты елордадан Қарағандыдағы ІІМ академиясына арнайы комиссия жіберіліпті. Ішкі істер министрлігі желідегі бірнеше видеоны тексеруге кіріскен.

Алдымен белгісіз біреулер жаппай төбелестің видеосын жариялап, онда болашақ полиция қызметкерлерінің бейнеленгенін айтқан. Яғни академия курсанттары бардағы күзетшілермен сөзге келіп, салдарынан бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Алайда Қарағандыдағы ІІМ академиясы бұл деректі жоққа шығарып отыр.

"Жараланған курсанттар жоқ. Барлығы аман. Олар білім алып жатыр. Ешкім көмек сұрап келген жоқ, ешкімді емдеген де жоқпыз. Жарғымен белгіленген тәртіп бойынша курсанттар жеке іспен айналаса алады. Алайда қазіргі таңда екі курсант шешекпен ауруына байланысты 15 қазанға дейін карантин енгізілді", - дейді Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы басшысының орынбасары Юрий Колесников.

Ал бардың иесі курсанттардың төбелескенін айтып отыр. Бірақ бұл оқиға екі апта бұрын болыпты.

"Сол күні адам көп болды. Бірақ біз олардың кім екенін және қайда оқитынын сұраған жоқпыз. Біз басқалар сияқты түнгі 12-ге дейін жұмыс істейміз. Ал төбелес таңғы 4:30-да болды. Мен курсанттардың күзетшілермен төбелескенін естідім. Бірақ менің мекемемде күзет қызметі жоқ. Мұнда мен бәрін өзім қадағалаймын", - дейді бардың иесі Еркебұлан Сүлейменов.

Сонымен қатар, желіде тағы бір видео жарияланған. Онда академия қызметкерлері ректордың психологиялық қысым жасайтынына шағымданған. Салдарынан оқу орнынан тәжірибелі кадрлар кетіп жатыр. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын сатып алу бойынша тендер оларға күмәнді болып көрінеді екен. Осыған байланысты академияға Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссия келген. Тексерудің нәтижесіне қатысты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2019 жылдың басында Қарағандағыда ІІМ академиясынан шу шыққан еді. Онда оқу орнының оқытушысы әріптестерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, бәрін "Братва" деп атаған. Сонымен қатар, ол кинодағы қылмыс әлемінің серкелерін есіне алған болатын.
Просмотров материала: 703

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 113 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 635 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 205 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 258 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 575 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 756 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 875 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 118 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 379 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 526 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 063 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 178 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 477 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 304 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 131 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 360 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 383 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 069 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 469 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 202 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 184 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 014 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 856 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 135 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 067 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 570 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 127 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 883 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 164 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 526 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 866 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 925 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 890 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 107 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 252 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031