19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мемлекеттік қызметкерлерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі алып тасталды

13 октябрь 2020, 16:21
Мемлекеттік қызметкерлерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі алып тасталды
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысы Ә.Әшірбаев ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға енгізілген түзетулер туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ә.Әшірбаев Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңмен 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілгенін хабарлады.

Бұл Заң биыл 16 қазаннан бастап қолданысқа енеді.

Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы өзіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдар үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға, егер мұндай іс-әрекеттер қызметтік өкілеттіктерге кіретін болса немесе лауазымдық жағдайына байланысты оларға ықпал ете алатын болса, олардың іс-әрекеттері үшін сыйға тартушылардың пайдасына ұсынылатын қызметтерге толық тыйым салуды белгілейді.

Сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтар беруге тыйым салынған адамдар тобын депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік қызметшілері, квазимемлекеттік сектор басшылары және олардың отбасы мүшелеріне кеңейтті.

Азаматтық кодекстің 509-бабының мемлекеттік қызметшілерге 10 АЕК-ке дейін сыйлықтар беруіне мүмкіндік беретін алдыңғы нұсқасы Қылмыстық кодекстің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің және мемлекеттік қызмет туралы заңдармен, жемқорлыққа қарсы заңмен және басқа заңдармен қайшылықта болды және сол арқылы тұрғындар арасында түсініспеушілік тудырды. Сондықтан Азаматтық кодекстегі Заңмен мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі алынып тасталды. Сондай-ақ, Заңмен сыйлықтар мен сыйақыларды өткізу, сақтау, бағалау және сату мәселелері нақтыланды. Шенеуніктердің және олардың отбасы мүшелерінің сыйға тартушының пайдасына жасаған іс-әрекеттері үшін алған сыйлықтары не олар білмей келіп түскен сыйлықтар, сондай-ақ хаттамалық және басқа да ресми іс-шаралар кезінде оларға және олардың отбасы мүшелеріне берілген сыйлықтар мемлекетке тиесілі болғандықтан белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өтеусіз өткізу арқылы мемлекеттік мүлік құрамына түсуге тиіс.

Ал қызметтегі жетістіктері және басқа да еңбектері үшін берілетін сыйлықтар бұл тізімге жатпайды.

Түзетулердің екінші блогы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылатын тұлғаларға, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жатады.

Яғни, олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді толық көлемде қабылдайтын болады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда неғұрлым елеулі жауапкершілікке ие болады.

Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болатын. Енді бұл тізім айтарлықтай кеңейтілді. Өйткені, құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қатардағы қызметкерлерден айырмашылығы, өздері немесе үшінші тұлғалар үшін заңсыз, бірақ өзі үшін тиімді шешім қабылдауға, сондай-ақ өздерінің лауазымдық міндеттеріне байланысты сеніп тапсырылған бөлімше қызметкерлерінің сатып алуды жүргізу немесе жобаларды іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық схемаларына қатысуына жол бермеуге мүмкіндігі бар.

Түзетулердің үшінші блогы ясында квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларының адалдығы корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізіледі.

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап саяси қызметшілердің отставкаға шығуы және бағыныстылардың сыбайлас жемқорлық үшін тәртіптік жауапкершілік институтымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор басшыларының бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу міндеті енгізілгені белгілі ("Жемқорлыққа қарсы" Заңының 22 бабы.

Түзетулердің төртінші блогы бір мемлекеттік органда немесе ұйымда туыстардың жұмысын құқықтық реттеудегі олқылықтарды жоюға бағытталған. Осылайша, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар өзіне алатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бірі "жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бірге қызмет етуіне жол берілмейді".

Бұл шектеу бір мемлекеттік органда, мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде жұбайларына, жақын туыстары мен жекжаттарына жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдірмейді. Бұл шектеуде тек туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағыну жағдайлары туралы айтылған. Енді мемлекеттік лауазымға үміткер өзі лауазымға орналасуға үміткер ұйымның басшылығына онда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті (жұбайының (зайыбының) аға-інілері, апа-қарындастары, ата-аналары және балалары). "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңда осы алдын алу нормасының болуы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді.

Түзетулердің бесінші блогы Мемлекет басшысының өткен жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілікті белгілеу туралы тапсырмасын орындау үшін қабылданды. Заңмен Жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмысқа арандатқаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Түзетулердің алтыншы блогы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін белгілейді. Тұрғын үй мәселесін шешу қызметкерлердің тиісті мотивациясын қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де стратегиялық маңызды болып табылады.

Түзетулердің келесі блогы әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер сияқты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы болатын ерекше жағдайларды көздейді. Бұл тұрғыда қызметкерлердің ашық және аралық инвестициялық қорлардың, облигациялардың, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуы немесе сатуы туралы айтылады.

Түзетулердің соңғы блогымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі. ("Жемқорлыққа қарсы" Заңының 21 бабы). Бұрын бұл мемлекеттік сектордың уәкілетті органдары мен лауазымды тұлғаларынан ғана талап етіле алатын.

Мысалы, енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жол құрылысының сапасы бойынша – "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" РМК-нан, дәрілік заттар бойынша – "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" РМК-нан сараптама жүргізуді талап етуге құқылы. Немесе әр түрлі компаниялардан аудит және бағалауды жүргізуді талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тізіміне енгізілді.

Агенттік бастаған тағы бір жаңашылдық, Мемлекет басшысының бастамасы бойынша азаматтар мен қоғамдық ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимылға неғұрлым ауқымды тартудың катализаторы ретінде НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы қалпына келтіру бойынша заңнамалық түзетулер енгізілді. Конкурстық рәсімдер нәтижесінде осы жұмысты үйлестіруге ағымдағы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жауапты болып белгіленді. Университеттің басты міндеттерінің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл институты тиімділігінің негізі ретінде сарапшыларды сапалы іріктеу болып табылады.

Просмотров материала: 448

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 597 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 419 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 389 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 325 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 304 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 439 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 202 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 226 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 659 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 793 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 700 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 260 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 411 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930