29 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қоқысқа батқан өңірді ақша ғана құтқара алады

Қоқысқа батқан өңірді ақша ғана құтқара алады
Қарағанды қаласында қоқыс жинаумен айналысатын мекеме де тарифті 80%-ға өсіруді ұсынды. Бір адамға айына 214 теңге болатын төлем осыдан 3 жыл бұрын бекіген. Енді компаниялар тарифті кем дегенде 410 теңгеге дейін ұлғайтуды сұрап отыр. Олар да тариф аясында қызметкерлерінің жала­қысын көтеріп, жаңа арнайы техника сатып алмақ, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тарифті көтеру мәселесі қалалық қоғамдық кеңесте қаралды. Пандемияға байланысты талқылау ZOOM-да ұйым­дастырылды.

«Қоқыс таситын көліктерге 25 жүр­гізуші жетіспейді. Қазір біз жала­қы­ны көтере алмаймыз, өйткені қаржы ре­сурстары жеткіліксіз. Қазіргі та­риф 214 теңгені құрайды, ал біздің нақ­ты шы­ғындарымыз көпқабатты сек­тор­дың тұрғынынан 458 теңге және абат­тан­дырылмаған, яғни жеке сектордан 588 теңге мөлшерін құрайды. Бұл санды әкімдіктің тапсырысы бойынша тәуелсіз ау­диторлық компания есептеп шығар­ды, – дейді «ГорКомТранс» компаниясы­ның директоры Виктор Иванов.

Қоқыс таситын компания билік­пен өзара ынтымақтастық туралы Мемо­рандумға қол қоюға дайын. Егер билік ҚТҚ шығару және кәдеге жарату тарифін 410 теңгеге дейін көтеруге міндеттенсе, компания өз қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеріп, жаңа арнайы техника сатып алмақ. Нәтижесінде, Қа­ра­ғандының қоқыстан уақытында та­за­ратынына сенімді.

Қарағандыда қоқыс шығарумен «ГорКомТранс», «Ресайклинг-Сервис» және «ЭкоАлем Казахстан» атты үш ком­пания шұғылданады.

Қарағандылықтар қоқыстың көбеюіне көптен бері наразы. Шаһарды қоқыстан тазартуға полицейлер де кіріскен. Тәр­тіп сақшылары қалдықтарды қоқыс жәші­гіне төкпейтіндерге айыппұл салады. Әкім­шілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша жеке тұлғалардан 20 АЕК, яғни 55 мың теңгеден астам айыппұл өндіруге болады.

«Қатты тұрмыстық қалдықтарды жи­нау, шығару, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифі бір текше метр үшін 2 591 теңгені құрайды. Біз жиналыс өт­кі­зіп, әлеуметтік шиеленісті азайту үшін шешім қабылдадық, жеке сектор тұр­­ғындары үшін төлемді 15 пайызға, яғни 410 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдадық», – дейді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автожолдар бө­лімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.

Шенеунік биыл жазда Қарағандыда 1 000 контейнер алаңы абаттандырылғанын хабарлады. Олардың барлығы көпқабатты тұрғын үй секторында ғана орналасқан. Әр алаңда бетон негізі төселіп, жаңа қоқыс жәшіктері, шамдар мен бейнебақылау ка­мерасы орнатылған.

«Биыл біз қайталама шикізатты қай­та өңдеу деңгейін 20-дан 30 пайызға дейін арттыру міндетін өзімізге алдық. Сон­дықтан бізге қайталама шикізатты жеткізетін арнайы техника қажет. Біз көрсетілетін қызметтің сапасын дамыту мен жетілдіруге 1 миллиардтан астам теңге инвестиция салғымыз келеді», – дейді қо­қыс жинайтын компания басшысы.

Пришахтинск және Сұрыптау тұрғын­дарына қызмет «Ресайклинг-Сервис» компаниясының клиенттері аз, сондықтан олардың шығыны «Горкомтрансқа» қара­ғанда аз.

– Біздің шығын бір адамға – 430 теңге. 2016 жылы бекітілген алдыңғы тарифте ди­зель отынының бағасы литріне 80 теңге бол­ды. Жарты жылдан кейін ол 192 теңгеге дейін өсті, яғни екі есе артты. ЖЖМ шы­­ғын­дары біздің шығындарымыздың ша­мамен 40 пайызын құрайтынын атап өткім келеді. Егер қазіргі 214 теңге та­рифті алып, оны 30 күнге бөлсек, онда тәу­лігіне бар болғаны 7 теңге табамыз. Бұл өте аз! – дейді «Ресайклинг-Сервис» компаниясының бас директоры Айтпану Омарова.

Бас директордың айтуынша, қоқыс шы­ғаратын компания қызметкерлерінің жалақысы төмен. Жүк тиеушілердің алатыны – 70 мың теңге. Осының өзінде кәсіпорын үшін ол әжептеуір шығын, жалақы барлық шығындардың шамамен 45 пайызын құрайды екен.

Қоғамдық кеңес мүшелері арасында талқылау қызу болды. Қарсы болғандар да, қолдағандар да көп болды. Дауыс берудің өзі 40 минутқа жалғасты. Нәтижесінде, 11 адам тарифті өсіруді жақтап дауыс беріп, 9-ы қарсы дауыс берді, тағы 1 мүшесі қалыс қалды.

Енді қоғамдық кеңестің қоқыс жинау бағасын көтеру жобасын мәслихат депу­таттары қарайды. Болжам бойынша абат­тандырылған аумақтан қоқыс шығару үшін бір адам 380 теңге және жеке сектордан қоқыс шығарылғаны үшін бір адам 410 тең­ге төлейді.

«Егер жарты жылдың ішінде жағдайды жақсартпаса, олармен келісімшартты бұзу керек», – дейді Қоғамдық кеңес төрағасы Қабдығали Оспанов.



Просмотров материала: 660

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 184 278 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 801 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 183 371 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 423 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 740 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 764 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 883 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 126 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 388 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 533 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 070 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 180 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 477 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 305 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 131 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 363 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 383 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 069 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 469 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 203 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 184 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 015 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 856 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 135 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 067 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 570 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 129 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 885 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 164 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 526 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 919 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 867 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 926 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 893 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 109 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 253 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031