19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оқушылар каникул кезінде жеке сабаққа қатыса алады

12 октябрь 2020, 10:29
Оқушылар каникул кезінде жеке сабаққа қатыса алады
Елімізде мектеп оқушыларының білім алуына тең мүмкіндік жасау үшін қандай жұмыс атқарылып жатыр? Депутаттардың осы сауалына Үкімет басшысы Асқар Мамин жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қашықтан оқытуға оңтайлы жағдай жасау мақсатында нормативті құжаттарға тиісті өзгерістер енгізіліп, өңірлердің бәріне шектеу шаралары кезінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік кеңестер легі жолданды. Қазіргі уақытта 679 мың оқушыға (компьютер мен интернетке қолжетімділігі жоқ 730,3 мың оқушының ішіндегі) компьютерлік техника берілді. 7013 мектеп (97,6%) жылдамдығы 4 Мбит/с және одан да жоғары интернетке қосылды. Компьютермен қамтамасыз ету жұмысында әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар осы санаттағы 300 мың бала қордың есебінен 6,3 млрд теңгеге киіммен, мектеп қажеттігімен қамтамасыз етілді», - деп жауап берді Асқар Мамин депутаттардың сауалына.

Премьер-министр қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін 8 қазақстандық интернет-платфома таңдап алынғанын хабарлайды. Аталмыш интернет алаңдар оқу процесінің қатысушыларына ой алмасуға, оқушы мен мұғалімнің арасында кері байланыс орнатуға, онлайн сабақтарды, видеосабақ өткізіп, сабақты жазып алуға мүмкіндік береді.

«Педагогтардың авторлық цифрлық білім ресурстарын пайдалану үшін (1 мыңға тарта) Білім және ғылым министрлігі Online.edu.kz платформасы мен «Өрлеу» білім арнасын әзірледі. Ұялы байланыс операторларымен бірге оқушылар мен мұғалімдерге арналған арнайы «Білім» тарифі іске қосылды. Қосымша оқу ресурсы ретінде сағат 09.00-ден кешкі 18.00-ге дейін «Балапан» және «Ел Арна» республикалық арналарында телевизиялық сабақтар жүргізіледі», - дейді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Асқар Мамин қашықтан оқыту кезінде кемшіліктерге жол бермеу үшін Білім және ғылым министрлігі аймақ басшыларымен бірге оқушылардың оқу бағдарламасынан қалып қалу деңгейін анықтау және оны теңестіру, мониторинг, зерттеу, сауалнама арқылы проблемалық сұрақтарды зерттеу (12 мың оқушы мен 4 мың мұғалімнен, 12 мың ата-анадан сауалнама алынған), оқудан қалып бара жатқан оқушыларға дифференциалды кеңес беру бойынша жұмыс басталғанын жеткізді.

«Жүргізілген шаралардың нәтижесі бойынша ата-аналар мен оқушылардың талап-тілегімен каникул уақытында (қараша мен қаңтар айлары) қажетті кеңес пен жеке сабақтар өткізіледі», - деді Асқар Мамин.
Просмотров материала: 480

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 611 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 433 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 403 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 339 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 318 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 440 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 203 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 227 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 660 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 794 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 706 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 460 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 372 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 265 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 441 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 416 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 821 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 185 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 420 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930