18 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қарағандыда коммуналдық қызмет қымбат

Қарағандыда коммуналдық қызмет қымбат
Қарағанды қаласында жылу энер­гиясы тарифын өсіруге байланысты жария тыңдау өтті. Жаңа тариф қа­былданса 2021 жылдан 2025 жылға дейін төлем 66%-ға өспек, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды қаласында тозығы жеткен жылу желілерін жөндеуге қар­жы қажет. Оны табудың бір жолы – тұтынушының қалта­сына қол сұғу. Осыған дейін қарағандылықтар алаңның шар­шы метрі үшін жылу энер­гиясына 115 теңге төлеп келді. Егер монополистің ұсынысы қа­былданса, үйлерінде жылу есеп­тегіштері жоқ тұтынушылар әр алаңға 157 теңгеден төлейтін бо­ла­ды. Ал жертөлесіне жылу есеп­тегіш орнатылған көпқабатты үй тұрғындары жылу тарифі Гкал үшін 3 042 теңгеден 4 126 теңгеге дейін көтеріледі. Заңды тұлғалар мен бюджеттік ұйымдарға келетін болсақ, олар үшін жылу 1 Гкал үшін 8 020 теңгеден 10 879 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Жария тыңдауды Табиғи мо­но­полияларды реттеу комитетінің Қара­ған­ды облысы бойынша де­партаменті ұйымдастырды. Алайда агенттік шақырған азаматтар мен белсенділер тыңдауға қатыса ал­мады. Ғимаратқа коронавирус ин­фекциясына ПТР-талдаудың теріс нәтижесі бар азаматтар ғана кіргізіледі деген талап қойылды. Халықты есіктің сыртына тұр­ғы­зып қойған «Теплотранзит Ка­ра­ганда» ЖШС бас директоры Әлі­шер Ибрагимов қоғамдық тыңдауды Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өткізді.

«Жылу энергиясын беру және тарату қызметтерінің қол­даныстағы тарифі ҚҚС-сыз 2 097,14 теңгені құрайды. Біздің 2021-2021 жылдарға арналған өті­німімізде берілген орташа өл­шенген есептік тариф жылу энер­гиясының 1 Гкал-сы үшін ҚҚС-сыз 3 485 теңгені құрайды. Бұл ретте өсім 66,2%-ды құрайды, – деді мо­но­полист.

«Теплотранзит Караганда» ЖШС тарифке ескірген желілерді өзгерту, жаб­дықты жаңарту және жылу оқшаулауын қал­пына кел­тіретін инвестициялық қар­жыны енгізіп отыр. 5 жылға есептелген ин­­вестициялық бағдарламаны іске асыруға 3,6 млрд теңге қажет.

Қоғамдық кеңес мүшесі Ни­ко­лай Абт та жария тыңдауға қатыс­тырылмады, оны да ғимаратқа кір­гізбеді.

– Менің ойымша, олар жылыту та­рифін көтеру сияқты маңызды тыңдауға қатысуды әдейі шектеп отыр. Бұл тың­дауды жарамсыз деп тану үшін Қоғамдық кеңеске шағымданамын, – дейді жабық есік­пен бетпе-бет келген қоғамдық бел­сенді.

Қазақстан Коммунистік ха­лық пар­тиясының облыстық фи­лиалы мүшелері де тыңдауға кір­гізілмеді. Олар да Табиғи мо­нополияларды реттеу комитеті мен бас санитарлық дәрігерге өз құқықтарының бұзылуына орай шағым түсірмек.

«Біз карантин талаптарын бұзған жоқпыз. Бетперде, қолғап­пен келдік. Залда әлеуметтік қа­шықтықты сақтай отырып, бір-бі­рімізден 2 метр қашықтықта отыруға дайын болдық. Екіншіден, CОVID-19-ға ПТР-талдаудың теріс нәтижесі бар анықтама туралы талап – заңсыз. Неліктен 50 адам кіретін театрға тест нәтижесінсіз кіруге болады? Ал тариф бо­йынша тың­дауға небәрі 7 адам кел­се де, олардан ме­дициналық анықтаманы талап етті»,– дейді ҚКХП Қарағанды филиалының бірінші хатшысы Александр Зевахин.

Монополистің өз уәжі бар.

«Тыңдау Қазақстанның бас мем­ле­кет­­­тік санитарлық дәрі­герінің 15.08.2020 жылғы №48 қаулысының 4-қосымшасына сәйкес өткізілді. Онда көпшілік тыңдауға қатысушыларға қойы­латын талаптар орындалуы тиіс: 1) алған сәттен бастап 3 тәу­ліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің те­ріс нәтижесінің болуы; 2) ғи­ма­рат­та болған барлық кезең іш­ін­де респи­ратор­лық үлгідегі меди­циналық бетпердені пай­далану; 3) әлеуметтік қашықтықты сақ­тау; 4) қол алысуды не тіке­лей байланыстың басқа да нысан­дарын болдырмау. Көп­шілік тың­дауларды өткізудің негізгі мін­деті департаментпен қабыл­данатын ше­шімдердің ашықтығын қамтамасыз ету»,– дей­ді моно­полист.

«Теплотранзит Караганда» компаниясы тарифті өсіріп қана қоймай, оны 5 жылға шекті та­риф ретінде белгілеуді сұрап отыр. Бұған дейін де 2015 жылы монополист өз қызметіне қазіргі бағаны бекіттіріп, құбыр желілерін ретке келтіруге уәде берген бо­латын.

– Тарифтің көтерілуінің бер­неше себебі бар. Біріншіден, бұл нақты шы­ғындардың тарифтік сметадағы шығын­дарға сәйкес келмеуі. Қолданыстағы тариф 2015 жылы бекітілді. Оның өсуі барлық 5 жыл ішінде 11% -ды құрады. Осыған байланысты кәсіпорынның барлық нақты шығындары ескерілмеген. Тек инфляция деңгейі жыл сайын орта есеппен 6% ғана. Осыған байланысты бізде қазір барлық шығын баптары бойынша тапшы­лық бар. Әсіресе, еңбекақы төлеу, ЖЖМ, еңбекті қорғау және қауіп­сіздік техникасы, сондай-ақ са­лық төлемдері бойынша күрделі жағдай қалыптасып отыр, – дейді «Теплотранзит Караганда» ЖШС бас директоры Әлішер Ибрагимов

Сондай-ақ Қарағанды ЖЭО-1 және ЖЭО-3 жылу энергиясы мен электр энер­гиясын өндіру тарифтерін өсіруі де себеп болған.

– Тек 2020 жылдың өзінде жылу энер­гиясын өндіру 7%-ға және электр энергиясын өндіру 18%-ға қымбаттады,– дейді қызмет көр­сетуші.

«Теплотранзит Караганда» ком­паниясы Ленин, Гоголь көшелері, Құрылысшылар, Республика даңғылындағы магистральды желі­лерді жаңғыртуға алған несиесі бо­йынша мемлекетке 12 миллиард теңгеден астам берешек.

– Қызметкерлердің жалақысын арт­тыру қажет. Бүгінде ол орташа есеппен 110 мың теңгеге жетіп отыр. Ал біздің сала мамандарының орташа еңбекақысы Қарағанды облысында –160 мың теңге, – дейді Әлішер Ибрагимов.

Жылу тарифінің күрт өсуіне қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі, кәсіпкер Николай Абт қарсы.

– «Табиғи монополиялар ту­ралы» заңда инвестициялық бағ­дарламада қар­жыландыру көзі мен қаражатты қайтару жолдары болуы тиіс деп айтылған. Яғни, жылу энергиясына тұтынушылар салған ақшаны көтеріңкі тариф арқылы кейін бізге қайтару керек. Өтемақы тарифі арқылы. Әзірге бұл орындалмады. Сон­дықтан «Тепло­транзит Караганда» ком­паниясы алдымен ескі инвестициялық бағ­­дарламаға салынған ақшаны тұ­ты­нушыларға қайтарсын, содан кейін жаңа тариф сұрасын, – деді Николай Абт.

40 минутқа созылған эфирде сұрақтар қойылмады. Енді іс Қа­рағанды облысы бойынша Та­биғи монополияларды реттеу де­партаментінің құзырына берілді. Олар «Теплотранзит Караганда» ЖШС ұсынған дәйектерді тексеріп, жылытудың шекті тарифін бекітуі тиіс.
Просмотров материала: 970

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 468 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 292 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 260 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 196 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 175 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 432 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 196 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 221 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 651 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 783 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 654 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 290 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 459 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 370 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 290 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 222 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 439 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 131 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 078 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 106 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 373 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 820 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 976 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 184 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 418 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 952 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 002 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930