28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қабатовтың қазынаға қол салғаны ма?

10 октябрь 2020, 10:43
Қабатовтың қазынаға қол салғаны ма?
Жуырда журналист Гүлбану Әбенова Facebook парақшасында Nomad City Hall мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорны тарапынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның бұзылғаны туралы мәліметті жариялады. Иә, «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды кім бұзбай жатыр дерсіз, бірақ бұл жолы заң бұзушы – бірнеше жылдан бері теледидарымыздың төрінен түспей жүрген Тұрсынбек Қабатов болып шықты. Экранның арғы жағында елді қыран-топан күлкіге көміп жүрген Қабатов қалайша заң бұзды деп елең еткеніміз рас. Биліктің кемшілігін астарлы әзілімен түйреп өтетін өнерпаздың бюджет қаржысына қол салғаны қалай деп әріптесіміздің зерттеуін індетіп көрдік. Сөйтсек, әртісіміз «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 6-бабын аттап өткен екен.


Қабатов дегенде бірінші кезекте әзілкеш Тұрсынбек, сосын асаба Тұрсынбек елестейді. Қара халық оны танымал әзілкеш ретінде жақсы біледі, жақсы көреді, концертінен қалмауға тырысады, залда ине шаншар орын болмайтыны да рас. Ал оның елорда әкім­дігінің қолдауымен ашылған Nomad City Hall мемлекеттік кәсіпорнының директоры әрі көркемдік жетекшісі екенін екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Қабатов 2 жылдан бері құрамына Астана комедия театры, Назар аудар театры, Әзіл әлемі театры кіретін Nomad City Hall мемлекеттік кәсіпорнын басқарады. Атал­ған мекеме формасы жағынан квази­мемлекеттік секторға жатады.

Nomad City Hall-дың концерт залында кезінде «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қайырлы кеш, Қазақстан» жобасы тү­сірілген. «Әзіл әлемінің» жаңа бағдар­ламалары, талантты жастардың басын қосқан КТА ойындары, түрлі сала бойынша концерттер мен іс-шаралар да осы залда өтеді. Міне, осы іс-шараларды өткізуге қажет қызметтер мен жұмыстар, тауарлар мемлекеттік сатып алу порталы арқылы сатып алынады. Себебі мекеме Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті арқылы қаржыландырылады. Т.Қабатов мекеме басшысы ретінде қазына қаржысын заңға сай жұмсауы керек болатын. Ол үшін «Мем­лекеттік сатып алу туралы» заңдағы түр­лі шектеуді білуі тиіс еді. Мысалы, 6-бап­тың 1-бөлімінде әлеуетті өнім бе­руші жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жегжаттары басқаратын мекеме өткізетін мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайтынын тайға таңба басқандай етіп жазылғанымен, Қабатов осы бапты аттап өткен. Сөйтіп, Nomad City Hall МҚКМ директоры ретінде мемлекеттік сатып алу порталында әйелімен (Әйелі «Алтын бала ТМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін басқарады) бір көзден ( шарт сомасы – 500 мың теңге) шарт жасаған. Бұл – «Мем­лекеттік сатып алу туралы» заңды бұзу. Мемлекеттік сатып алу пор­талында бұл шарттың мәртебесі «орын­далған» деп тұр. Яғни, «Алтын бала ТМ» ЖШС шарт бойынша өз міндетін орын­дап, қызметі үшін қаржысын алған.

Егер журналист Гүлбану Әбенова жа­рияламаса, бұл дерек елеусіз қалуы мүмкін еді. Себебі біз хабарласқан мекемелерден осы дерек бойынша қандай бір шара қа­былданбағанын білдік.


«Мұндай заңбұзушылыққа жаза қаралмаған»

Бұл дерек бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылайтын құзырлы мекемелер назарынан тыс қалғаны таңғалдырып отыр. Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында бірнеше мекемеге хабарластық. Ә дегеннен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен осы агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметтеріне сауал жолдадық. Агенттіктің баспасөз қызметі көп күттірмеді: «Бұл мәселе Қаржы министрлігінің құзырында, мемле­кеттік сатып алулардағы бұзушы­лықтарды солар анықтайды. Біздің қызметкерлер жос­парлы сатып алуларға мониторинг жүргізеді және бағадан ауытқу бойынша рекомендация енгізеді» деп жауап берді. Агенттіктің айтқанын тыңдап, Қаржы ми­нистрлігінің Қаржы мониторингі комите­тіне қоңырау шалдық. Ол мекеме бұл мәселе мемлекеттік сатып алу саласына жауапты Қа­зынашылық комитетке қатысты екенін айтып жөн сіл­теді. Ал Қазынашылық комитет респуб­ликалық деңгейдегі меке­мелерге ғана жауап­ты екенін, сондықтан бізге қалалық деңгей­дегі басқармаға хабар­ласуға кеңес берді.

Нұр-Сұлтан қаласының активтер және Мемлекеттік сатып алу басқармасының міндетін атқарушы Дулат Ашкенов біз айтқан мәселеден хабардар болып шықты.

«Бұл оқиғаны естідік, тікелей келісім­шартқа отырған екен. Біз мұндай жағдайды болдырмау үшін, алдын алу үшін осы деректі басқа ұйымдарға таратамыз, осын­дай заң­бұзушылық анықталды, мұндайға жол беріл­месін деп. Әкімшілік құқық­бұзушылық ту­ралы кодекстің мемлекеттік сатып алуға қатысты 207-бабында дәл осы жағдайға қатысты нақты жаза көрсетілмеген. Егер бір көзден сатып алу дұрыс өткізілмесе, оған жауапкершілік бар, ал бұл жағдайда бір көзден алу тәсілінің қолданылуы дұрыс, бірақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 6-бабындағы нормалар бұзылып отыр. Бірақ бұл нормаға Әкімшілік құқық­бұзу­шылық кодексте жаза көрсетілмеген», – дейді ол. Сондықтан бұл жағдайда тәртіптік жауап­кершілік қана қолданылуы мүмкін екенін айтады. Ал тәртіптік жауап­кершілікке тар­тылған адамға ары кетсе сөгіс береді.

Дулат Кәрімұлының айтуынша, бас­қарма әкімдікке қарасты квази­мемлекеттік ұйым­дардағы сатып алуларға жалпы монито­ринг жүргізеді. Ол мониторинг кезінде негі­зінен сатып алудың үлесі қай тәсілмен өт­кенін ғана анықтайды. Ал қаладағы 340-тан астам ұйымның сатып алуларын жеке-жеке ба­қылап отыру мүмкін емес деп отыр. Осы мүмкіндікті бюджет қаржысын білдір­мей жымқырып қалушылар пайдаланып жатқан жоқ па екен? Себебі Нұр-Сұлтан қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу бас­қар­масы Nomad City Hall-ға қатысты аук­цион тәсілімен өтетін сатып алуларды ғана өткізеді екен. Ал бір көзден және баға ұсынысы бойынша сатып алу түрлерін Nomad City Hall мемлекеттік кәсіпорны өзі өткізеді.



Қабатов қателесуі мүмкін бе?

Туысымен сатып алу шартын жасаған Тұрсынбектің әрекетіне қатысты түсінік­теме сұрағымыз келген мекеменің бірі – Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі аудит департаменті еді. Алайда бұл департаменттің қабылдау бөл­месіне күні бойы қоңырау шалғаны­мыз­бен, тұтқаны көтерген адам болмады.

Бір апта бойы бірнеше мекеменің те­лефонын шырылдата жүргендіктен, бұл департаменттің де жауабы қалай бола­ты­нын түсінетін деңгейге жеткен едік. Себебі атал­ған департамент елордадағы мекеме­лердің мемлекеттік сатып алу са­ласындағы жұмыс­тарына екі жылда бір рет тексеру жүргізіп, кемшілікті анық­тайды және оны жоюға ұсыным берумен шек­теледі. Ал біздің мы­салымызда шарт орын­далып, қаржы ауда­рылып, жетер жеріне жетіп қойды. Мұндайда ары кетсе, тәр­тіптік жауап­кершілікке ғана тар­тыла­ты­нын жо­ға­­ры­да жаздық. Себебі квазимем­лекет­тік секторды басқаратын лауазым иесі мем­лекеттік қызметкер болып са­нал­майды. Демек, оны «Мем­лекеттік қызмет туралы» заңда көзделген жауап­кершілікке тарту мүмкін емес. Ол мемле­кеттік қыз­метті орындау үшін та­ғайын­далған өкілетті тұлға ғана. Бірақ солай екен деп мұндай лауа­зымдағы адамдар заң бұза беруі керек пе?

Біз өнер адамы заңнан бейхабар болған шығар, сатып алу өткізуге жауапты кадр­лары біліксіз шығар деген пікірлерді де естідік. Бір айтарымыз, Қабатов болсын, басқа болсын, бұл қызметке Ұлттық эко­номика министрі­нің 2015 жылғы 2 ақ­пандағы № 70 «Мемле­кеттік кәсіпо­рын­ның басшысын тағайындау және аттес­таттау жүргізу, сондай-ақ оның канди­датурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талабына сәйкес конкурс арқылы тағайындалады. Мұны Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет бас­қармасының баспасөз қызметі де растап отыр. Басқарма берген деректе «Т. Қабатов 01.11.2018 жылы ҚР Еңбек кодексінің 38-ба­бының 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің «Қуыр­шақ театры» МКҚК-нан Астана қаласы әкімді­гінің Nomad City Hall МКҚК-ның дирек­­торлық лауазымына ауыстыру тәртібі бойын­ша тағайындалды» делінген. Демек, конкурс арқылы та­ғайындалған директор мырза заңнан хабарсыз деуге кім сенеді?

Мәселе Nomad City Hall басшысы Тұр­сынбек Қабатовқа да қатысты емес, бұл шартты оның орнындағы басқа басшы өз әйелімен жасаса да, осы мәселе талқылауға тұздық болуы тиіс. Бізді бұл мәселеде заң­бұзушылықты журналист анықтап, атап берсе де, дәлелді деректерін жарияласа да, құзырлы орындардың қамсыз отырғаны алаңдатады. Себебі күні кеше ғана Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұ­мыс сапарымен Алматы об­­лысына барып, қоғаммен, блогерлермен, бизнес-қо­ғам­дастықпен және БАҚ өкіл­дерімен ашық диалогқа негізделген кездесу өткізді. Сол кездесуде қоғамның белсенді қаты­суынсыз сыбайлас жемқорлықты азайту, жою мүм­кін емес екенін айтты. Ендеше жем­­­қор­лыққа қарсы күрес саласының өкілдері жур­налист жария­лаған жемқорлық дерегін негізге алып неге тексеру жүр­гізбейді?

Айтқандай, қалалық антикорға жол­даған сұрағымыз сол күйі жауапсыз қалды. Осы­­­лайша, жемқорлық дерегі бойынша күн құрғатпай ақпарат таратудан бір тал­майтын құрылым сұрағымызға жауап бере алмады.

Дереккөз: Aikyn.kz.


Просмотров материала: 1 390

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 497 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 336 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 324 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 262 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 217 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 271 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031