7 марта 2021 г.

Мы в соц сетях:



Тоқаев әскери қызметкерлерге үндеу жасады

08 октябрь 2020, 16:37
Тоқаев әскери қызметкерлерге үндеу жасады
Алматы облысында Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны өтті. Оқу-жаттығу жиынын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бақылады, - деп хабарлайды Ақорда.

Оқу-жаттығу жиынына десантшы-шабуылдаушы әскердің, әскери-әуе күштердің, әскери полицияның, әскери медициналық мекемелердің, Бітімгершілік дайындық жүргізу орталығы мен Минадан тазарту орталығының мыңнан астам әскери қызметшілері, 100-ден астам әскери және арнайы техника жұмылдырылды.

Оқу орталығының командалық пунктінде Жоғарғы Бас қолбасшыға бітімгершілік полкінің жұмысы туралы баяндалды. Сондай-ақ қазақстандық бітімгершілік полкіне жүктелген міндеттерді орындаудың жалпы алгоритмі туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар Президентке бітімгершілік базаның үлгісі таныстырылды. Мемлекет басшысы оқу орталығының инженерлік, лингвистикалық, тактикалық және медициналық сыныптарын аралап көрді.



Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгершілік даярлық оқу орталығының инфрақұрылымымен танысқаннан кейін оқу-жаттығу жиынын бақылады. Оқу-жаттығу жиыны барысында бітімгершілік контингенттің гуманитарлық жүк тиелген колоннаны алып-жүру кезіндегі іс-әрекеттері пысықталды.

Жоғарғы Бас Қолбасшы оқу-жаттығулары аяқталғаннан кейін әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйледі. Мемлекет басшысы Қазақстанның заманауи армиясы Ұлы даланың ержүрек батырларының даңқы мен әскери дәстүрлерін мұраға алғанын атап өтіп, мұны әрдайым есте ұстау керек екенін айтты.



Мемлекет басшысы елімізде ғана емес, бүкіл әлемде бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан әлемдегі тыныштықты сақтау мақсатымен қақтығыс аймақтарына бітімгершілік әскерін тұрақты жіберіп отырады.

"Біздің басты басымдығымыз - ынтымақтастық пен әріптестік. Сіздер халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлкен үлес қостыңыздар. Бітімгер болу дегеніміз - әлемнің елшісі болу деген сөз. Сіздер бұл міндетті абыроймен атқардыңыздар. Осындай оқу-жаттығу жиындарының арқасында әскери шеберліктеріңіз шыңдала түседі. Армиямыздың әскери рухы мен даңқы одан әрі арта түсетініне сенімдімін", - деді Президент.



Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент - Елбасының өзі тікелей құрған Қарулы Күштердің бітімгершілік қызметі еліміздің бейбітшілік, халықаралық қауіпсіздік және тұрақтылық қағидаттарына іс жүзінде сай келетінін жеткізді.

Президент 2007 жылдан бері 35 қазақстандық әскери қызметші, оның ішінде төрт әйел азамат БҰҰ-ның Непалдағы, Кот-д’Ивуардағы, Батыс Сахара мен Ливандағы миссияларына штаб офицерлері мен әскери бақылаушылар ретінде қатысқанын айтты. 2018 жылы БҰҰ мандаты негізінде әрекет ететін алғашқы қазақстандық ротаның Ливанға жіберілуі еліміздің бітімгершілік әлеуетін нығайту үшін жасалған маңызды қадам.

"Қазіргі уақытта өз жауапкершілік аймағының бақылау-өткізу бекеттеріндегі әскери міндеттерін қазақстандық бітімгерлер ротасының төртінші құрамы атқаруда. БҰҰ бітімгершілік әлеуетінің дайындық жүйесіндегі міндеттер желісін кеңейту үшін Қазақстан саперлердің, әскери медицина қызметкерлерінің, барлау және әскери полицияның арнайы бөлімшелерін ұсынды. Бұл бөлімшелер қазіргі бітімгершілік операцияларында барынша сұранысқа ие", - деді Президент.

Жоғарғы Бас қолбасшы бітімгершілік даярлық оқу орталығы мұндай мамандарды жоғары деңгейде дайындайтынына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қызметкерлердің көрсеткен кәсіби біліктілігін атап өтіп, қазақстандық бітімгерлерге мінсіз жұмыстары үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы бейбіт өмірде үлкен міндеттерді атқарып отырған әскердің айрықша рөліне назар аударды.

"Биыл біз ел болып пандемиямен күресудеміз. Осындай жауапты кезеңде әскери қызметшілер әрқашан алдыңғы шепте болды. Сарбаздар мен офицерлер отандастарының игілігі жолында нағыз әскери ерліктің үлгісін көрсетті. Пандемияға қарсы іс-қимыл шараларына атсалысқан барша әскери қызметкерлерге алғыс білдіремін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев әскери қызметкерлерге үндеу жасады


Мемлекет басшысы әскери қызметшілерге арнаған сөзінде армияның іргетасы қатаң тәртіпке, ұлттық қауіпсіздікті сақтауға бағытталған дара басшылыққа негізделетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бітімгершілік контингенті аясында қызмет ету зор абырой және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Президент БҰҰ құрылған сәттен бері әлем көптеген аймақтық және ұлтаралық қақтығыстардан арылмағанын өкінішпен жеткізді. Ол барлық қақтығысты саяси-дипломатиялық жолмен шешуге үндейтін Қазақстанның дәйекті ұстанымын, халықаралық құқықтың базалық қағидаттарын сақтау қажеттігін айтты.

"Бітпейтін" немесе "ұзаққа созылған" деп танылған аймақтық қақтығыстар БҰҰ Жарғысының қазіргі халықаралық құқықтың қайнар көзі және негізі болып табылатын басты екі қағидатының арасындағы түбегейлі қарама-қайшылықтарды айқындады. Бұл - мемлекеттердің аумақтық тұтастығы мен ұлттардың өз тағдырын өзі таңдау құқығы. Соңғы қағидат мемлекеттер тәуелсіздік алып, отарлықтан құтылған кезде өте өзекті бола түсті. Қазіргі уақытқа дейін әлем өзінің даму бағытын анықтады. Сондықтан бүгінде мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты бірінші орынға шығып, басымдыққа ие болды. Қазіргі қақтығыстарға баға беру кезінде БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын басшылыққа алуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштерді дамытудың перспективаларына арнайы тоқталды.

"Екі мақсатты көздейтін" компоненттерді дамытуға басымдық беру қажет. Пандемиямен күрес тәжірибесі олардың сұранысқа ие екендерін көрсетті. Атап айтқанда, біз әскери-көлік авиациясын дамытатын боламыз. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныш әскерлері өз міндеттерін орындауға әрқашан дайын болуы тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, мұндай әскерлерді заманауи техникамен жабдықтауға басымдық беріліп, бұл жұмысқа отандық кәсіпорындар тартылуы қажет.


Мемлекет басшысы әскерді басқаруда цифрлық технологияларды дамыту қажеттігіне, сондай-ақ, кибер және ақпараттық кеңістіктегі тактика мен әрекеттердің стратегиясын пысықтауға көңіл бөлді.Жоғарғы Бас Қолбасшы сержанттар мен офицерлерді дұрыс дайындамаған және ынталандырмаған жағдайда қуатты Қарулы Күштер құру мүмкін емес деп есептейді.

"Біздің басты міндеттеріміздің бірі - сержанттық құрамға кәсіби әскери білім беру ісін дамыту. Бұл мәселені шешуде "Жас Ұлан" мектептерінің және Кадет корпусының барлық әлеуетін пайдалану қажет. Қалыптасқан жағдай командирлерге де ерекше талап қояды. Олар бақылаушы органдар тарапынан өткізілетін түрлі шараларға алаңдамай, қажетті бастама мен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие болу керек. Егер әскери қызметшілердің тарапынан құқық бұзушылық деректері анықталса, олар заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылуы тиіс. Бірақ командирлерді жұмыстарынан себепсіз ажыратуға жол берілмейді. Бұл мәселелер құқық қорғау жүйесін реформалау аясында қарастырылуы керек, - деді Президент.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің заманауи әскери инфрақұрылымын және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің логистикалық жүйесін құру қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында армияны және әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселелері әрдайым мемлекеттің басты назарында болатынын атап өтті.
Просмотров материала: 666

Поделиться материалом


13:04 Ақмола облысының әкімі әйелдерді 8 наурыз мерекесімен... 707 Просмотров

13:00 Главный санврач Казахстана подписал новое постановление... 653 Просмотров

12:47 Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері әйелдерге қатысты мәлімдеме... 749 Просмотров

12:38 В Павлодаре мужчина распилил дом на две части и построил... 700 Просмотров

12:25 Опубликовано постановление главного санврача Мангистауской... 634 Просмотров

12:21 Экология министрлігі Қарағандыдағы «жолаушы» арыстан... 836 Просмотров

12:05 У прилетевшего из Дубая казахстанца выявлен коронавирус... 631 Просмотров

12:04 Еліміздің төрт облысында жол қайта ашылды... 737 Просмотров

11:56 Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда... 714 Просмотров

11:53 Строители трамплинов в Алматы 11 лет не могут получить... 675 Просмотров

11:41 Льва в машине засняли в Караганде... 628 Просмотров

11:31 Землетрясение зарегистрировали близ Алматы... 653 Просмотров

11:20 150 фур застряли на дороге из-за бурана в Акмолинской... 649 Просмотров

11:19 2 мегаполис пен 4 облыс сары аймақта тұр... 445 Просмотров

11:07 Пять пассажирских автобусов сгорели на месторождении Тенгиз... 436 Просмотров

11:00 Елімізде коронавирус пен пневмониядан 10 адам көз жұмды... 230 Просмотров

10:55 Трое взрослых и один ребенок погибли от угарного газа в... 217 Просмотров

10:46 6 наурыз күнгі ауа райы болжамы... 280 Просмотров

10:43 Пропавшего подростка из Тараза нашли в Алматы... 265 Просмотров

10:35 Атырау облысында үйден 4 адамның мәйіті табылды... 260 Просмотров

10:25 ЕНТ пройдет с 10 марта по 10 апреля... 277 Просмотров

10:21 Теңіз кен орнында бес жолаушылар автобусы өртенді... 242 Просмотров

10:12 Еще 10 казахстанцев скончались от коронавируса и пневмонии... 237 Просмотров

10:06 Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіп дәрі-дәрмек өндірмек... 227 Просмотров

10:02 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 832 заболевших КВИ... 269 Просмотров

18:01 Республиканские командно-штабные учения «Көктем - 2021»... 602 Просмотров

17:59 COVID-19: І-кезең бойынша қазақстандықтарға 28 мыңнан аса... 580 Просмотров

17:54 Әкімнің қызметтен кетуі Жаңатастағы оқиғаға еш қатысы жоқ... 585 Просмотров

17:45 Болельщиков могут пустить на матч сборной Казахстана с... 551 Просмотров

17:40 Санитарлық дәрігердің қаулысы. Мектеп оқушылары қалай оқиды... 569 Просмотров

17:29 Трассы закрыли из-за непогоды в двух регионах Казахстана... 547 Просмотров

17:25 Банк атынан хабарласатын алаяқтарға қалай жауап беру керек?... 593 Просмотров

17:21 До 29 марта продлили карантин в Шымкенте... 525 Просмотров

17:10 Қарағанды облысында жол апатынан үш адам қаза тапты... 586 Просмотров

17:08 Штормовое предупреждение объявили в шести областях... 537 Просмотров

16:56 Екі қызды зорлағаны үшін сотталған маньяк үйленбекші(ВИДЕО)... 844 Просмотров

16:52 Более 28 тысяч человек получили прививки от коронавируса в... 516 Просмотров

16:42 Ashyq қосымшасы Алматыда қай мекемелерде қолданылады... 577 Просмотров

16:40 Как будут учиться школьники с 1 марта... 442 Просмотров

16:30 Руслан Бекетаев назначен министром по экономике и... 317 Просмотров





Опрос


«    Март 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031