19 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Зейнетақы жинағы: бүгін үй керек, ертең күй керек

03 октябрь 2020, 11:00
Зейнетақы жинағы: бүгін үй керек, ертең күй керек
Келесі жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігі мерзімінен ерте беріле бастайтыны белгілі. Елді елең еткізген жаңалықты осы күні екінің бірі әңгіме қылып жүр. Бәрінің де қомақты қаржыдан дәмесі бар. Алайда сарапшылардың ойы он саққа, санасы сан саққа жүгіреді. Біреулер «зейнетақы жинағы қамсыз қарттық үшін қажет» десе, қарсы тараптың пікірінше, бұл реформа қоғамдағы еңбек қатынасын реттеп, зейнетақы жүйесін дамытатын пәрменді құралға айналады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Салымшылар жинақтың шекті мөлшерден асқан бір бөлігін үй немесе жер сатып алуға, ипотека қарызын жабуға, оқуға, жекеменшік компанияларға инвестиция ретінде құюға құқылы. БЖЗҚ 721 мың азаматқа қордан шамамен 1,4 трлн теңге таратуы мүмкін. Дегенмен кей сарапшылардың уәжіне сүйенсек, зейнетақы жүйесінің басты міндеті – қамсыз қарттыққа кепілдік беру, яғни қартайғанда кедей болу қаупін төмендету. Ал жинақты мерзімінен бұрын жұмсап жіберу негізгі мақсатқа қарсы жұмыс істейді.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрағасы Үміт Шаяхметованың айтуынша, салымшылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағын шешіп алса, инфляция шарықтап, алып­сатарлық асқынады.

– Бұл – бір реттік науқан. Салымшылардың 6 пайызын ғана қамтиды. Зейнетақы жинағын алуға мүмкіндігі бар адамдар тап осы қаржыға мұқтаж емес. Ал тұрмысы нашар отбасылар қордағы жи­наққа қол жеткізе алмайды. Бұл бастама мемле­кетке тиімсіз: инфляцияның қысымын күшейтеді, алыпсатарлыққа жол ашады, эко­номикаға кесірін тигізеді. Жалпы, зейнетақы қорын мерзімінен бұрын пайдалану – популистік шара. Зейнетақы жиналуы керек. Жинақ үй алуға емес, аннуитетке бағытталуы керек, – дейді топ-ме­неджер.

Оның ойынша, идея авторлары халықтың нақты жағдайын ескермеген. Қазіргі таңда 6 миллионға жуық азаматтың жинағы 500 мың теңгеге де жет­пейді. Демек, салымшылардың 94 пайызына зейнетақы жинағы әзірге жабық.


Қаржы сарапшысы Олег Чеботарев зейнетақы қорының есебінен құрылыс компанияларын жарылқауға үзілді-кесілді қарсы.

– Зейнетақы қорындағы қаржының бір ғана мақсаты бар. Ол – зейнеткерлікке шыққан соң игілігін көру. Оның мақсаты қор нарығын дамыту емес. Сондықтан мен зейнетақы жинақтарын екінші деңгейлі банктерге, экономиканың дамуына жұмсауға қарсымын. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржы тиімді басқарылуы керек. Қазір тиімді басқарылып отырған жоқ – дейді ол.

Экономист Олжас Құдайбергенов мүлде бас­қаша пайымдайды. Бензинді арзандату, қызмет көр­се­ту түрлерін тегін қылу, кредитті кешіру сияқты баста­малар – шын мәнінде популизм. Себебі ұсы­нысты жүзеге асырудың нақты механизмі жоқ. Ал зей­нетақы қорындағы жинағын тұтынудың жөні бөлек.

– Бұл жерде тегін ештеңе жоқ. Керісінше, азаматтарға дамыған елдердегі секілді зейнетақы қорындағы ақшасын үй алуға немесе емделуге алу ұсынылған. Әлемде азаматтардың зейнетақы жинағын қажетіне қарай пайдалану қалыпты нәрсе деп қабылданады. Мұны жоққа шығару қате және бұл мүмкіндік тұрмысы нашар азаматтарға емес, орта тап өкілдеріне беріліп отыр. Бұған дейін үнемі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ғана жағдай жасалып келді. Ал жұмыс істеп, салық төлейтін орта тап өкілдері назардан тыс қала берді, – дейді маман. Экономистің есебінше, бұл науқан алыпсатарлық пен инфляцияға негіз болмайды. Өйткені қордан алынған ақшаның 60-70 пайызы несие төлеуге жұмсалады. Ал несиенің басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар арқылы үлестірілген. Яғни, қарыз кері қайтады. «Ақшаның қалған 30-40 пайызы – шамамен 420-680 млрд теңге тұрғын үй сатып алуға кетуі мүмкін. Дәл осы қаражат тұрғын үйге сұраныстың қайта артуына әсер етеді», – дейді Олжас Құдайбергенов.

Тұрғын үй демекші, риэлторлар зейнетақы қорындағы ақша жаппай нарыққа шығарылса, баспана бағасы өсіп, әр шаршы метрі 5 пайызға дейін қымбаттайды деп болжайды.

Әрине, Қазақстан Үкіметі мұндай үлкен іске кіріскенде ең алдымен шетел тәжірибесіне жүгінетіні анық. Қоғамда Сингапур үлгісі қызу талқыланып жатыр. Сингапурда да зейнетақы жинағын тұрғын үй мен оқуға жұмсау үшін қордағы ақша біздегідей белгілі бір шекке жетуі қажет. Бірақ ел азаматтарының жала­қысынан зейнетақы қорына біздегідей 10 пайыз емес, 37 пайыз ұсталады. Тағы бір айыр­машылық – Қазақстанда орташа жалақы мөлшері 200 мың теңге болса, Сингапурда теңгеге шаққанда 1,5 миллионға жуықтайды. Яғни, сингапур­лық­тардың шектік сомаға жетуге мүмкіндігі жоғары. Кіп-кішкентай арал-мемлекет осы тәжірибенің арқасында тұрғын үй бағдар­ламасын өте табысты жүргізіпті. Бүгінде азамат­тарының 90 пайызында жеке баспана бар және оның 80 пайызын мемлекет салып берген. Дегенмен олар да кемшіліксіз емес. Көбінің үйі болғанымен, қар­тайғанда күйі болмай қалған. Қариялар еңбегінің жемісін жей алмай, тұғырдан тайғанда кендірді жіпке жалғап, мар­дымсыз зейнетақысын місе тұтуға мәжбүр.

Қысқасы, екі тараптың да уәжі орынды. Тара­зының қай басы ауыр тартатыны әлі беймәлім. Уақыт көрсетеді.



Просмотров материала: 858

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 91 672 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 494 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 464 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 399 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 382 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 443 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 205 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 230 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 664 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 798 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 11 727 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 294 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 463 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 375 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 157 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 293 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 283 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 129 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 443 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 160 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 132 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 079 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 933 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 142 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 107 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 433 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 823 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 977 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 186 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 421 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 917 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 953 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 003 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 907 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 267 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930