27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



6 миллиондай салымшының жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді

01 октябрь 2020, 9:12
6 миллиондай салымшының жинағы 500 мың теңгеге де жетпейді
Қазір үш адамның екеуі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақ жайлы әңгімелеседі. Себебі, әркім жинағының бір бөлігін алып, кәдесіне жаратқысы келеді. Алайда, салымшылардың барлығының мүмкіндігі бірдей емес, деп жазды inbusiness.kz.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылар зейнетақы жинағының жеткілікті мөлшерден асқан бөлігін бастапқы немесе қайталама нарықтан үй сатып алуға, ипотекалық қарызын жабуға, жер телімін сатып алуға, емделуге, білім алуға және зейнетақы активтерін инвестициялау үшін жекеменшік компаниялардың басқаруына беруге пайдалана алатынын мәлімдеді. Сол кезде 721 мың салымшының қордан шамамен 1,4 трлн теңге ала алатыны айтылды. Бүгін біз 721 мың салымшының қатарына қосылған азааттарды қоя тұрып, зейнетақы жинағын жеткілікті шекке жеткізе алмаған, тіпті, қорда қалуға тиіс жинаққа салым сомасын маңайлата алмаған азаматтар жайлы сөз қозғағалы отырмыз.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, БЖЗҚ-да 10 млн 800 мыңнан астам салымшының зейнетақы жинағы бар. Салымшылардың 5 млн 600 мыңнан астамы – ер, 5 млн 200 мыңнан астамы – әйел. 5 906 632 салымшының шотында – 500 мың теңгеге дейін; 1 590 837 салымшының шотында – 501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін; 2 348 114 салымшының шотында – 1-3 млн теңгеге дейін; 634 188 салымшының шотында – 3-5 млн теңгеге дейін; 238 931 салымшының шотында – 5-8 млн теңгеге дейін; 151 908 салымшының шотында – 8 млн теңгеден астам қаржы бар.

Салымы 500 мың теңгеге де жетпеген салымшылар келесі жылы жүзеге асырылатын жобадан әлдеқашан күдер үзген. Бұл – олардың осы күнге дейінгі жалақысы мардымсыз болғанының және айлығын шайлығына әрең жеткізіп келгенінің көрсеткіші. Зейнетақы қорына 1 млн теңгеге дейін қаржы жинаған салымшылардың да жағдайы мәз емес. Жинағы 1 млн мен 3 млн теңге аралығындағы азаматтар да алысқа бара алмайтындарын біліп отыр. Қазір жинағы 3-5 млн теңгені құрайтын және 8 млн-нан астам қор қалыптастырған салымшылардың ғана жағасы жайлауда.

Біле жүріңіз, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағы 12,2 трлн теңгеден немесе 28,6 млрд доллардан асты. Жыл басынан бері салымшыларға 2 млрд доллардан астам таза инвестициялық табыс аударылды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 443,1 млрд теңгеге артық.

Зейнетақы жинағы жыл басынан бері 1,4 трлн теңгеге немесе 13%-ға ұлғайды. Зейнетақы жинағының 97,6%-ы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен қалыптасып, 11,9 трлн теңгені немесе 27,8 млрд долларды құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы 294 млрд теңгеге немесе 689 млн долларға жетті. Ерікті зейнетақы жарнасы 2 млрд теңгеден немесе 4,6 млн доллардан асты, - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Жария етілгендей, салымшылардың шоттарына жыл басынан бері 685,6 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарнасы түскен. Ал жыл басынан бергі төлемдер 117,5 млрд теңгені немесе 275 млн долларды құраған.

Салымшылардың жасына байланысты, төлемдерге – 39,5 млрд, ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшу төлемдеріне – 23,3 млрд, сақтандыру ұйымдары аударымдарына – 31,5 млрд, мұрагерлік төлемге – 19,8 млрд, жерлеу рәсіміне – 2,4 млрд теңге берілді, - деп хабарлады БЖЗҚ.
Просмотров материала: 596

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 406 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 224 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 197 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 139 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 123 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 500 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 255 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 280 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 743 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 878 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 105 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 320 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 620 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 145 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 769 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930