27 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Заңсыз айналымнан 98,2 мың препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды

30 сентябрь 2020, 15:37
Заңсыз айналымнан 98,2 мың препарат пен жарты миллионға жуық медициналық маска алынды
Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал қаралды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндады, деп хабарлайды NEGE.

Ішкі істер министрлігі карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қамтамасыз ету бойынша денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетеді. Бұл шараларға күн сайын 10 мыңға жуық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері және мыңға жуық ерікті жұмылдырылады. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 299 карантиндік объектіні бақылайды. Медициналық мекемелердің сұрауы бойынша аурумен байланыста болған адамдардың мекенжайын анықтау жұмысы жүргізілуде (Төтенше жағдай енгізілгеннен бастап – 32 461). Мониторинг топтарының жұмысы шеңберінде (ағымдағы жылғы 5 шілдеден бастап) 50 мыңнан астам бірлескен рейдтік іс-шаралар (денсаулық сақтау органдарымен және жергілікті атқарушы органдармен), оның ішінде қызмет көрсету саласындағы объектілер бойынша өткізілді. 28 мыңнан астам карантин бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Оның ішінде 4 600-ден астамы сауда орталықтары, дүкендер мен базарларда, 1,7 мыңы мейрамханалар, дәмханалар және басқа да демалыс орындарында анықталды. Олардың ең көбі Қостанай (5 116), Батыс Қазақстан (2 674), Түркістан (3 532), Шығыс Қазақстан (2 124) облыстарына, сондай-ақ Алматы қаласына (3 876) тиесілі. Барлық анықталған фактілер бойынша денсаулық сақтау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік материалдар жасайды. «Төтенше жағдай кезінде ішкі істер органдары карантин режимін бұзушыларды жауапқа тартқанын атап өткен жөн. ТЖ құқықтық режимінің тоқтатылуына байланысты карантинді бұзу фактілерін әкімшілендіру мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне өтті», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару барысында 15 мыңнан астам карантин шараларын өрескел бұзушылықты тіркеді. «Олар — той және еске алу іс-шараларын өткізудің 600 фактісі, демалыс аймақтарының, оның ішінде су қоймаларының жанында жұмыс істеудің мыңнан астам фактісі. Мәселен, өткен демалыс күндері (26 және 27 қыркүйекте) салтанатты іс-шараларды өткізудің 41 фактісі тоқтатылды. Мысалы, Қызылорда облысындағы “Орда” мейрамханасында 100-ге жуық адамның қатысуымен “той” өткізілді. Осы облыс бойынша карантин режимі қатаңдатылған сәттен бастап (а. ж. 5 шілдеден бастап) осындай 225 факті анықталды», — деді Е. Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, елордада 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке қараған түні жұмыс істеп тұрған 4 түнгі клуб анықталды, олардың бірінде тексеру кезінде 65 адам болған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, мониторинг топтарының құрамында, сондай-ақ жеке азаматтардың маска режимін бұзуының 11,8 мың дерегі анықталды. Әкімшілік іс қозғау үшін жиналған материалдар денсаулық сақтау органдарына берілді. Бұл ретте полицейлер халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағдарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, полиция ағымдағы жылғы 5 шілде мен 17 тамыз аралығында дәрілік заттар мен дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың 933 фактісінің жолын кесті.

«Заңсыз айналымнан 98,2 мың қорап медициналық препарат (527 атаулы); жарты миллионға жуық медициналық маска; 41,8 мың дана перчатка мен өзге де медициналық бұйымдар (термометрлер, көзді қорғау құралдары, құю жүйелері); 705 литр антисептик алынды. Оларды жасағаны үшін полицияға 605 адам жеткізілді, оның ішінде 349-ы медицина саласының қызметкері», — деді ішкі істер министрі. Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр еліміздің 12 аймағында әрқайсысы 200 төсек-орындық модульдік инфекциялық ауруханалар салынып жатқанын айтты. 9 өңірде құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы аптаның соңына дейін аяқталады. Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында құрылыс-монтаж жұмыстары қазан айының соңына дейін аяқталады.

«Автобус негізінде жасалған отандық жылжымалы медициналық кешені глюкометр, рентген, ЭКГ және ультрадыбыс сияқты қажетті цифрлық жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар тиісті медициналық аймақтарға бөлінген (тіркеу аймағы, анализ қабылдау аймағы, рентгендік флюорография аймағы)», — деді Р. Скляр. 1 қазаннан бастап сол айдың ортасына дейін Қостанайдағы өндіруші зауыттан дайын жылжымалы медициналық кешендерді жеткізу аяқтайды. Жоспар бойынша отандық өндірістегі 360 жедел жәрдем көлігін жеткізу осы аптаның соңында басталып, қазан айының ортасына дейін аяқталады.
Просмотров материала: 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 439 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 258 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 230 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 175 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 156 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 502 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 257 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 746 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 883 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 118 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 322 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 397 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 321 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 632 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 467 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 173 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 146 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 090 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 780 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 838 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 985 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 196 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 963 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 279 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930