28 марта 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өлім жазасынан қылмыс азаймайды»: Сарапшылар пікір білдірді

28 сентябрь 2020, 10:09
«Өлім жазасынан қылмыс азаймайды»: Сарапшылар пікір білдірді
2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Сыртқы істер министрлігіне азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің факультативтік екінші хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырды, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Омаров аталған хаттамаға қол қойды. Яғни, Қазақстан өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылды. Бұл шешімді сол күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саяси пікірталас барысында сөйлеген сөзінде жариялады.

Ал біздің қоғам өлім жазасынан бас тартуға дайын ба? Сарапшылар пікірі қақ жарылды.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ҚЫЛМЫС САНЫН АЗАЙТПАЙДЫ - АЙМАН ОМАРОВА

Өлім жазасынан бас тарту туралы адвокат Айман Омарованың да пікірін білдік.

«Өлім жазасынан бас тарту дұрыс деп санаймын. Себебі, ең бірінші проблема - ол сыбайлас жемқорлық. Екіншіден, сот жүйесіндегі мәселелер. Қаншама адам сотталған кезде әділетсіз жазаланып кетуі мүмкін. Он адамның біреуі әділетсіз атылған болса, өлген адамды қайтара алмайсыз. Үшінші, полицияның кәсіби деңгейі. Профессионалдар аз. Төртінші, өлім жазасы қылмыс санын азайтпайды. Сосын баскесерлерге деген қажеттілік туындамайды», - дейді адвокат Айман Омарова.

Адвокат педофилдер мен террористерге қатысты жазаға байланысты пікір айтты.

«Ал ауыр жаза жасаушы педофил, террористерге қатысты айтатын болсам, алдымен адам, әйел, ана ретінде, педофилдерді атпақ түгілі, беске бөліп таста деп айтар едім. Ал құқық қорғаушы, адвокат ретінде айтарым, олай істеуге болмайды. Педофил деп сотталған адамдардың ішінде жүздің ішінде біреу болса да, айыпсыз адам бар. Және, маңыздысы, педофилдерді ату емес, оларды зерттеу. Мәселен, педофил деп сотталғандардың бәрі бірдей кішкентай балаға зорлық көрсетуді көздемейді. Ол тек әлсізді іздеуі мүмкін. Медициналық тұрғыдан зерттеу қажет, сонда проблеманы шешуге болады. Террорист болса, оған жалғыз өзі емес, қоғам да кінәлі. Ешкім бір күнде террорист болып тумайды. Біз өзіміз айналамыздағы көп адамның ерсі қылығына көз жұмып қараймыз, маған тимесе болды деп. Атыс тастаумен мәселе шешілмейді», - дейді Айман ханым.

БАС ТАРТУДЫҢ ПАЙДАСЫ ДА, ЗИЯНЫ ДА БАР - ТІЛЕУЖАН ЖҰМАБЕКҰЛЫ

Адвокат Тілеужан Жұмабекұлы өлім жазасынан бас тартудың керек жағы да, керек емес тұсы да бар деп есептейді.

«Қазақстан басқа елдермен жан-жақты байланыс жасап отырғаннан кейін өлім жазасынан бас тартты. Бірақ бас тартудың пайдасы да, зияны да бар. Зиянды жағы - бұндай қылмыстар қайталанбас үшін өлім жазасының болғаны дұрыс деп ойлаймын. Бұрынғы жағдайда ата-бабаларымыз өлім жазасын көп қолданған. Салт-дәстүрге сай елдегі жағдайдың бұзылмауын, тәртіп сақтау үшін қолданған. Мысалы, келіні мен атасының көңілдес болғаны халықтың ойын улайды деп өлім жазасын қолданған. Қазір енді өлім жазасы жоқ болғандықтан, мұндайға таңғалмайтын болдық. Ондайға ешқандай өлім жоқ. Былайынша айтқанда, әркім ойына келгенін істеуге еркіндік беріліп қойды. Осының салдарынан тәрбие бұзылып жатыр. Сондықтан, мен тәрбиені қатты қылу үшін бұрынғы заңдарды да сақтау керек деп ойлаймын. Мұндай жағдай қайталанбасын деп, халықтың алдына шығарып, дарға асу, сондай шаралар дұрыс деп ойлаймын. Бұрын қазақ қыздарының етегі ашылмай, тәрбие болған. Қазір демократия деп әркім ойына келгенін істеп жүр. Қазір Саинның бойына шығып, не жасасаң да, ешкім саған қой демейді. Жезөкшелерге қатысты да заң жоқ. Енді, өлім жазасының керек жері сол. Сосын, мысалы, Челахты туралы халықтың пікірі екіге жарылды. Оның жазығы жоқ дейтіндер көп. Шынымен, ол айыпсыз болса, жазықсыз атылайын деп тұр. Өлім жазасынан бас тартудың керек жағы да, керек емес тұсы да бар», - дейді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, педофил, террористер шынымен кінәлі болса, жазалануы тиіс.

«Қытай сияқты қатаң жаза қолданса, елде тәртіп болады. Адвокат ретінде тағы айтарым, сот жүйесінде жазықсыз жазаланып кететіндер көп. Тергеу органдары өз жұмысын көрсету үшін жазықсыз адамды да көрсетіп жіберуі мүмкін. Оларды жазықсыз ату әділетсіз. Пайдалы тұсы, жазықсыз адамдар атылуының алдын алуы», - деп тоқталды.

ӨЛІМ ЖАЗАСЫН ЖОЮДЫ ӘРҚАШАН ЖАҚТАЙМЫН – ДЖОХАР ӨТЕБЕКОВ

Адвокат Джохар Өтебеков өлім жазасын жоюды әрқашан жақтайтынын, бұл гуманизмге қадам екенін айтты.

«Адам өзімен тең басқа адамдардың өміріне қатысты шешім шығара алмайды. Екіншіден, өлім жазасы кесілсе, оны ешкім өзгерте алмайды. Яғни, өлген адамды қайтара алмайды. Ал біздің сот жүйесінде және құқық қорғау органдары тарапынан қателік кетуі мүмкін. Үшінші себеп, мен еліміздің өркениетті елдердің қатарына қосылғанын қалаймын. Мысалы, Еуропалық Одақтың құрамына кірудің бірден бір шарты – өлім жазасынан бас тарту. Мен еліміздің Еуроодақ мүшесі болғанын қалаймын», - дейді адвокат.

Ал, адвокаттың педофил, террористерге қатысты жаза туралы ойына келсек.

«Педофил, террористерге қатысты. Он жеті жыл болды (2003 жылдан бері), өлім жазасын орындау ісі жоқ. 2007 жылы тағы бір маңызды оқиға болды. Конституцияның он бесінші бабына депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бейбіт заманда кісі өлімімен байланысты террористік қылмыстар тіркелгенге дейін өлім жазасын қысқартты. Яғни, 2007 жылдан бері педофилдер бұл тізімге енбейді де. Яғни, әлемдік трендке қарай қадам басып келеміз.

Біздің қоғам бұл өзгерістерге дайын. Себебі, соңғы он төрт жылда біздің елде өлім жазасына кесілген бір-ақ адам бар. Ол қылмыскер деп танылған Күлекбаев. Яғни, біздің қоғамға өлім жазасы қажет те емес. Тағы бір маңызды факт - өлім жазасының бар-жоғы қылмыс санының азаюйына әсер етпейді», - дейді Джохар Өтебеков.

Еске сала кетейік, Қазақстанда соңғы рет өлім жазасы туралы үкім 2016 жылы шығарылды. 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев полицейлерге қарулы шабуыл жасаған. Оқиға 2016 жылы 18 шілдеде Алматыда болды. Бұрын екі рет сотталған Руслан Күлекбаевтың қылмысы «теракт» деп танылып, өлім жазасына кесілді. Алайда, бұл артынша ол өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап 536 өлім жазасы орындалды, соңғысы 2003 жылы тіркелді. 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін елде өлім жазасына мораторий жарияланған. Қазіргі уақытта өлім жазасы жойылды.

2003 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторий енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Балама жаза ретінде Қазақстанда өмір бойы бас бостандығынан айыру енгізілді. Қазақстан Президенті әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мораторий енгізу туралы жарлыққа берген түсініктемесінде өлім жазасының өзі қылмыстық жаза түрі ретінде жойылмайтыны, соттар шығарған өлім үкімдерінің орындалуы ғана тоқтатыла тұратыны атап өтілді. Мораторий мерзімсіз, бірақ қажет болған жағдайда жойылуы мүмкін еді.

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде қол қойылған халықаралық құжат өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бағытының жалғасы болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен толығымен тоқтатылды.

Жақында Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылуына қатысты пікір білдірді.

«Жуырда ғана Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу жөнінде шешім қабылданды. Кезінде Тұңғыш Президентіміз тарапынан өлім жазасына жарияланған мораторий күшінде болғандықтан, бұл шешім Конституцияға толық сай келеді және Ата заңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Шын мәнінде, елімізде өлім жазасы жоқ. Тек Конституцияда қарастырылған екі ғана болмашы ерекшелік бар. Олар факультативті хаттаманың талабына толық сай келеді», - деді Президент.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйекті ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның өлім жазасын жою туралы халықаралық хаттамаға қосылғанын хабарлады.
Просмотров материала: 545

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 88 500 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 88 339 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 88 327 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 88 265 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 88 220 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 107 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 127 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 499 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 635 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 10 614 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 217 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 396 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 312 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 149 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 221 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 8 271 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 119 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 379 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 142 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 118 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 069 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 925 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 093 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 8 423 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 802 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 174 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 408 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 909 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 941 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 4 993 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 898 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 137 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 262 Просмотров





Опрос


«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031