12 апреля 2021 г.

Мы в соц сетях:



Біз ауыл мен қала арасындағы шекараны жоятын боламыз

26 сентябрь 2020, 18:38
NurOtan партиясы атынан парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат әрі кәсіпкер Бекет Әбішев иесіз және бос жатқан жерлерді қолданысқа беру арқылы ауыл тұрғындарының табысын көтеруді, сондай-ақ, ауылда өмір сүру деңгейін арттыру мәселелерін үнемі қозғап келеді. Осы орайда, кәсіпкердің келелі сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.


- Бекет Құдайбергенұлы, сіз ауылда туып, ауылда өстіңіз. Ауыл шаруашылығымен шұғылданып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға арналған қызықты идеялар тізбегін ұсынып жүрсіз. Бірақ агроөнеркәсіп кешені дегеніміз тек қана ауылшаруашылығын дамытумен шектелмейді. Бұл дегеніңіз – ауылдар мен селолардың, соларда тұратын адамдардың тағдырына жауапты сала. Сіз Қазақстандағы заманауи ауылдар қалай болуы керек деп есептейсіз?

- Біз 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, осы замандағы ғылым мен технологияның, білім мен мәдениеттің даму деңгейіне сай болуымыз керек. Ауыл ма, қала ма – маңызды емес.

Алайда, біздегі ауылдардың жағдайы 21 ғасырдағы өмір сүру деңгейіне сай келмейтінін өкінішпен айтқым келеді. Ғылым мен техникадағы соңғы жетістіктерді іс жүзінде қолданып жүргенімізге қарамастан, жағдай осындай. Бұл тұрғындардың рухани тұрғыда дамуын да айтарлықтай кешеуілдетеді.

- Бірақ жапондардың сутекті қозғалқышы мен Илон Масктың зымырандарына әзір жете алмайтынымыз анық қой?

- Ауылға бұлардың қажеті шамалы. Біз қазіргі талапқа сай нәрселермен айналысуымыз қажет.

- Мәселен, немен айналысқан дұрыс? Сіз қандай жағдайларға басымдық бересіз?

- Бұл бірінші кезекте - әлеуметтік және мәдени бағыттағы нысандар. Бізге аурухана, емхана және ауылдық амбулаториялардың жетіспейтінін коронавирус (жалғыз бұл ғана емес) көрсетті. Бізге мектептер, балабақшалар, спорт залдары мен спорт алаңқайлары ауадай қажет. Инфрақұрылымға келер болсақ, мұндағы жан ауыртатын мәселелер – жол мен таза судың жоқтығы. Осыларға асымдық беремін. Ал әрі қарай ауылдың эстетикасымен айналысуға болады.

- Нені меңзеп отырғаныңызды нақтылап өтсеңіз...

- Сіз менен ауылдардың қандай болу керектігін сұрап отырсыз. Солай ғой? Ауылда да қаладағыдай адамдар тұрады. Әрқайсысының өз проблемасы, өз қуанышы, өз басына сай қайғысы бар. Олар қалалықтардан артық та, кем де емес.

Бірақ олар да қалалықтар секілді жақсы атмосферада өмір сүргісі келеді. Ауыл тұрғындары да көшеде саябақтар мен скверлердің, веложолақтар мен балалар ойнайтын алаңқайлардың болғанын қалайды. Спорт алаңдары мен жаяу жүргіншілер жолағы, тротуарлар мен арықтарды өз ауылдарынан көргісі келеді.

Оптимистік тұрғыдан қарайтын болсақ, ауылдағы көшелердің кең әрі әдемі болғаны қандай жақсы. Сымдары салбыраған бағаналар мен тот басқан газ трубаларын жасырып, жарықтандыруға арналған бағаналарды ғана қалдырсақ, жақсы емес пе?
Ауыл көшелерін көгалдандыру, жауын кезіндегі канализацияны реттеу де осы мәселелердің қатарына енеді.

- Осы орайда бірден сұрақ туындайды. Билік қайда қарап отыр? Әкімдер қайда қарап отыр? Олар не істеуі керек?

- Мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға жететін мәселесі шаш-етектен. Олар мейілінше жаһандық сұрақтармен айналысады. Мысалы, болашағы жоқ ауылдардың проблемасын алайықшы. Менің білуімше, билік құрдымға кететін ауылдардың тізімін дайындап қойды (50 үйден кем).

Сонымен қатар, мемлекет бірыңғай стандарттарды дайындап шығаруға міндетті болашағы бар ауылдардың да тізімі бар.

-Үйлер, көшелер мен әкімдіктер бірыңғайлана ма?

- Әрине, бұл ауылдардың бәрі бір-бірінен айнымай қалсын дегенді білдірмейді. Стандарттар негізінен ауылдың нақты инфрақұрылымына байланысты. Мәселен, әлеуметтік және мәдени нысандар қанша болуы тиіс? Нақты жұмыстарды анықтап, ауылдарды сол талаптарға сай құру керек.

- Мектептер мен ауруханалар стандартқа сай ғой...

- Бұл жұмысты тоқтату керек деген сөз емес. Өмір ағысы жалғасып жатыр, балалар өмірге келуде, ал мемлекет үлгере алмайды. Оның үстіне, мемлекеттің ақшасы да бұған және басқа да жобаларға жете бермейді.

-Сіз не ұсынасыз?

- Біз мемлекеттік-жеке серіктестік механизмдері арқылы бизнестің ауыл инфрақұрылымына ену мүмкіндігін ұсынамыз.

- Мемлекеттік-жеке серіктестік негізінен балабақшалар салынып жатыр емес пе? Компаниялар газбен жабдықтап, сумен қамту ісіне де кірісіп жатыр...

- Сөз жоқ, мұндай мысалдар жеткілікті. Біздің ұсынысымыз бойынша, бизнес мемлекет үлгере алмайтын, мемлекеттің қандай да бір үлесі жоқ жерлерге енуі керек. Осылайша, ірі инфарқұрылымдық жобалардың негізі қаланады.

- Мысалы?

- Мәселен, сол денсаулық сақтау нысандары – медициналық орталықтар, қоғамды моншаларды алсақ болады. Сонымен қатар, ауылды көркейту, көгалдандыру, балалар алаңқайлары мен спорт алаңдарын салу сынды ауқымды жұмыстар бар.

- Егер мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша салынған нысан құрылысының шығынын мемлекет өтейтін болса, инвестор скверлер мен саяжайларға кеткен ақшасын қалай қайтарады?

- Бұл ауыл тұрғындарының есебінен қайтарылуы тиіс. Электр жарығы, газ, қоқысқа төленетін коммуналдық ақылар сияқты өтелуі керек.

- Сіз қызықтырып қойдыңыз! Осы жерде толығырақ айтып өтесіз бе?

- Әрине. Бәрі ауылдың бас жоспарынан басталады. Яғни, ауылдың ақсақалдары немесе қоғамдық кеңес мүшелері бас қосқан үлкен жиында бас жоспар макеті бекітілуі тиіс.

Кейін үшжақты келісімшарт жасалады. Бұл келісімшартқа инвестор, ауыл тұрғындары және сол ауылға үшінші тараптан инвестиция кепілі ретінде қосылған мемлекет қол қояды. Ал инвестициялар жоғарыда айтып өткенімдей, коммуналды төлемдер секілді халықтан жиналатын ай сайынғы ақшадан қайтады.

- Осы жерде коммуналдық төлемдерге қатысты кем дегенде скептицизм күтілуі мүмкін...

- Дұрыс айтасыз. Төлем қабілеті бар азаматтармен ешқандай мәселе болмайды. Өйткені, олар дұрыс жағдай мен жайлылық үшін ақша төлеу керектігін бұрыннан біледі. Ал төлем қабілеті төмен тұрғындар аталған механимзді (тетікті) тежейтін бірден-бір фактор.

- Жайлылық үшін ақша төлеуге әзір адамдарды қайдан табамыз? Стаститика бойынша ауылдағы табыс көлемінің төмен екендігін бәріміз де білеміз. Бұл проблеманы қалай шешеміз?

- Бұл өте ауқымды проблема. Бір ғана отырыста біз бұған толық жауап таппаймыз. Бір білерім – халыққа орта және шағын бизнесті дамыту қажет. Ал мұндай бизнесті қалай дамыту керек деген сұраққа біздің жауаптарымыз дайын. Жауап қана емес, тұтас Бағдарлама бар.

Әңгіме ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, агроөнеркәсіп кешенінде консервативті реформалар жүргізіп, жер ресурстарын әділетті түрде бөлуде болып отыр. Менің бағдарламам бірте-бірте орындалатындар санатына жатпайды.

Бұл бір-біріне әсер ете отырып, кешенді түрде орындалатын, жалпы мультипликативті пайдасы бар дүние. Осы орайда, мен бәрін жойып, бәрін нөлден бастауды ұсынбаймын. Керісінше, ауыл шаруашылығы саласында мемлекет атқарған ауқымды жұмыстарды одан әрі жалғастыруға мүдделімін.

- Бұл қалай орындалады?

- Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін табыс жоғары болуы тиіс. Ал кіріс көлемін арттыру үшін оған жер және оны пайдаға асыратын ақша қажет.

Менің ұсынысым мынадай: Алдымен банктерде кепілде тұрған жерлерді аламыз. Әр ауылда қолданылмай, бос жатқан жерлерді бәріңіз көрген шығарсыздар. Оның үстіне, жерлердің 30 пайызы марқұм болғандардың, көшіп кеткендердің және тағы да сол сияқтылардың атында тұр. Қосымша біз барлық үлес жерлерді саралайтын боламыз. Бұлардың меншік иесі ретінде бір адам көрсетілгенімен, іс жүзінде олардың жүздеген адам екені анық.

Содан соң жер алғысы келетін әрбір шаруадан декларация талап етеміз. Шаруалар алдағы үш жыл ішінде жерде қандай шаруа тындыратынын осы құжатта нақты көрсетеді. Декларация дегеніміз міндетті дүние! Егер мұнда көрсетілген жоспарлар орындалмаса, жерді қайтарып береді.

- Мұны іске қосу үшін ақшаны қайдан аламыз?

- Енді ақша мәселесіне оралайық. Шаруалар 4 пайыздық мөлшерлемеден аспайтын төменгі пайызбен, қандай да бір кепіл қоймай-ақ, бюрократиясыз несие алу үшін өзара ұжымдарға бірігеді. Бұл үшін заңды тұлға ретінде тіркелудің қажеті жоқ. Содан соң, ұжымның жауапкершілігін негізге ала отырып, егін егушілерге 3 миллионға дейін, мал өсірушілерге 5 миллионға дейін кепілсіз несие беріледі.

Бұл ауылшаруашылығымен мақсатты түрде айналысуды көздейтін ауыл тұрғындарына тікелей қатысты. Бірақ мұның өзі жеткіліксіз екенін ұмытпау керек! Біз ауылшаруашылығынан мейілінше көп адамның пайда табуына жағдай жасауымыз қажет. Ол үшін кепілде тұрған жерлерді алып, инжинирингтік компаниялар көмегімен оларды учаскелерге бөлеміз де, ауыл тұрғындарына жалға береміз.

Олардың өтімділігін әр аймақтағы сервистік-дайындау орталықтары мойнына алады. Тәуекелдер мейілінше аз болу үшін инжинирингтік компаниялар барлық технологияларды өз бақылауында ұстайтынын айтқым келеді.

- Осы орайда, тұрғындарды тағы бір мәселе алаңдататын айтқым келеді. Олар не егіп, не отырғызу керектігін қайдан біледі? Мысалы, бірнеше сотық жері бар қарапайым мұғалім мен дәрігер агроөндірістің құпияларын қайдан біледі?

- Әрине, ауылшаруашылығымен айналысу үшін тек қана жер мен ақша керек десеңіз, қателесесіз. Бұған бірінші кезекте білім қажет. Бірақ жерден жақсы өнім алу үшін қандай бір ғарыштық технологиялардың қажеті жоқ. Негізгі базалық білімге көңіл бөлсек, жеткілікті. Бізде бағбандар Қауымдастығы, Көкөніс-жеміс өсірушілер Ғылыми-зерттеу институты бар. Солардың базасында шаруалар тұратын аймақты, климаттық жағдай мен топырақ құрамдарын есепке ала отырып дайындалған еңбектер бар. Бұл «Агросауат» деп аталады.

Аталған еңбекте ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құнына дейін есептеліп, шаруаларға қажеті операциялық шығындарға кететін дүниелерге дейін есепке алынған.

Сондай-ақ, Көкөніс-жеміс өсірушілер Ғылыми-зерттеу институты мен өзге де құзырлы ұйымдар бұл салада жол көрсетіп, өсімдіктерді қорғау жөнінде кеңес беріп, техникалық сұрақтарға жауап беруге дайын.

Мұнда әрбір шаруаға мақсатты түрде бәрі айтылып, түсіндіріледі. Мәселен, ол өз аймағында не өсірсе болады, оны дұрыстап өсіру үшін не істеу керек, қанша қаражат керек, егер сұрақтар туындаса, қайда хабарласу керек... Бәрі қамтылады.

- Мұның қорытындысы қандай болмақ?

- Ауылшаруашылығы жерлері жұмыс істей бастайды, жердің өз иесі пайда болады. Бұл қожайынның өзін қаржыландыратын нүктесі бар, ауылдағы жұмыссыздар жер арқылы табыс тапса, қалалықтар азық-түлік көзін табады. Қосымша біз барлығын біліммен жетілдіріп отырамыз. Нәтижесінде, біз кез келген қиын жағдайда, кез келген індет кезінде халқын азық-түлікпен қамти алатын мықты агроөнеркәсіп кешеніне ие боламыз.

- Осыдан соң ауыл тұрғындары табыс көзін таба бастайды ғой? Одан әрі жайлы өмір үшін ақша төлейді. Мен дұрыс түсіндім бе?

- Өте дұрыс айтасыз. Егер халықтың төлейтін қаржысы болмаса, инфрақұрылым туралы айтудың еш мәнісі жоқ. Мен бұл туралы басында-ақ айтқанмын. Барлық сұрақтар мен шешімдер бір-бірімен байланысты болуы тиіс. Оларды бірте-бірте шешуге болмайды.

- Жарайды. Мұны тұрғындар түсіне ме? Әрі қарай жұмыс істей ме?

- Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген сөз бар. Уақыт жылжыған сайын әлем өзгеруде. Біз де халық болып өзгеріп, жақсылыққа ұмтылуымыз қажет. Біз жұмыс істеп үйренуіміз керек! Сапалы, технологиялық тұрғыдан жұмыс істеуді үйренуге тиіспіз! Біздің басқалардан қай жеріміз кем?

Ал жұмыс істегісі келмейтіндерді ешкім де, ештеңе де өзгерте алмайды. Бұл біздің емес, олардың өз таңдауы. Меніңше, ауылдарда екі қолға бір күрек таппайтын жалқаулар айтарлықтай көп емес.

-Тағы бір сұрақ: Инвесторлар үшін қандай мүмкіндік бар? Оларға өз қаражатын қайтарып, пайда көру үшін қанша жыл жұмыс істеу керек? Бізде азғантай уақыт ішінде жүздеген пайызды қайтарып алуға ет үйренген. Бұл кімге қызық болмақ?

- Біздер, ауылшаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, 8-10 жыл аралығындағы мерзімге үйренгенбіз. Сондықтан, әңгіме инвестицияның нақты осындай мерзімі жайлы болмақ.

- Мұны классикалық бизнес деп айту қиын...

- Әлеуметке бағытталған бизнес дегенің осы. Бұған кез келген адам бара бермейді. Дегенмен, әркім өз жолын өзі таңдайды. Мәселен, мені алайық. Мен үшін жұртқа пайда әкелетін бизнестің орны бөлек. Әсіресе, сен өзіңнің туған ауылыңа пайда әкелетін болсаң, нұр үстіне нұр болмақ.

Әрине, бұл ұзақ та қиын жол. Бірақ шаруа ретінде, азамат ретінде кез келген жолдан өтуге болатынына сенімдімін.
Просмотров материала: 4 320

Поделиться материалом


12:57 Орман қорындағы жайылымдарды жалға беру туралы заңнаманы... 650 Просмотров

12:53 Почти 30 млн тенге штрафов заплатили нарушители карантинных... 606 Просмотров

12:41 Ақтөбеде таксист оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кетті... 649 Просмотров

12:21 Шығыс Қазақстанда 2 жасар баланың мәйіті табылды... 824 Просмотров

12:20 Где можно получить прививку от COVID-19 в Алматы... 651 Просмотров

12:09 Медики через суд добились выплат "ковидных" надбавок в Актау... 620 Просмотров

12:00 Қызылорда тұрғыны құдыққа құлап кетіп, мерт болды... 756 Просмотров

11:48 Более 300 млн тенге вложили казахстанцы в финансовую... 627 Просмотров

11:34 "Есік-терезе сықырлайды": Қазығұрттың баурайындағы ауыл... 676 Просмотров

11:33 Тело пропавшего ребенка нашли в реке в ВКО... 641 Просмотров

11:17 Елордада жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді... 701 Просмотров

11:15 Главный санитарный врач Нур-Султана подписала новое... 618 Просмотров

11:04 Сколько регионов Казахстана находятся в красной зоне... 616 Просмотров

10:54 Бішкектегі қыздың өлімі: Бішкек ІІББ басшысы жұмыстан... 624 Просмотров

10:50 Қарыз шартына қол қойған кезде қандай тармақтарға назар... 566 Просмотров

10:35 12 казахстанцев скончались от коронавирусной инфекции... 285 Просмотров

10:32 Касса қызметкерін ұрлағандар: полиция оқиғаның мән-жайын... 286 Просмотров

10:22 До 266 677 выросло число заболевших КВИ в Казахстане... 426 Просмотров

10:17 Министр сынынан соң Ақтөбе облыстық басқарма басшысы... 310 Просмотров

10:02 COVID-19. 162 пациенттің жағдайы өте ауыр... 325 Просмотров

18:02 ШҚО-да судьялар жұмыс кезінде арақ ішкен... 531 Просмотров

18:00 Фейковая новость о новом постановлении Ж.Бекшина появилась... 259 Просмотров

17:56 Жұрт үрейлі. Маңғыстауда екі ауылды құм басты... 599 Просмотров

17:40 Озвучены подробности по делу ОПГ полицейских Алматы... 494 Просмотров

17:34 Президент Тоқаев сапасыз жолдар мәселесін көтерді... 516 Просмотров

17:31 «Өзімді алаяқ етпекші». Жас қызды зорламақ болған орган... 508 Просмотров

17:30 К.Токаев: Состояние республиканских и местных дорог в... 569 Просмотров

17:21 Дело экс-заместителей главы Комитета спорта передали в суд... 579 Просмотров

17:12 5 тонн рыбы на 14 миллионов тенге выловили браконьеры ВКО... 547 Просмотров

17:11 Маусымнан бастап айына 500 мың қазақстандық вакцина... 504 Просмотров

17:01 В Алматы выросло число зараженных коронавирусом детей до... 494 Просмотров

16:56 Қазақстанда әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады... 525 Просмотров

16:48 Будут ли ужесточать карантин в Алматы... 600 Просмотров

16:38 Қытай түрмесінде 13 жыл отырған Зейнолла Рақыжан Алматыға... 920 Просмотров

16:32 Завершилось дело в отношении экс-главы "СК Фармация"... 462 Просмотров

16:12 Сколько жилья было продано в Казахстане за три месяца... 472 Просмотров

16:11 Опырылып жатыр: тау бөктерінде тұратын халықтан маза кетті... 385 Просмотров

15:55 Осадки ожидаются в Казахстане... 437 Просмотров

15:46 БҚО-да өзен маңынан жануарлар өлексесі табылды... 427 Просмотров

15:45 Досрочное снятие пенсионных: более 3,5 миллиарда тенге... 441 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2021    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930