25 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев дәрігерлерге коронавирустың екінші толқынына дайын болу керегін айтты

25 сентябрь 2020, 15:51
Тоқаев дәрігерлерге коронавирустың екінші толқынына дайын болу керегін айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев 500 адамға стационарлық медициналық жәрдем беруге арналған және заманауи құрылғылармен жабдықталған палаталарды аралап көрді, - деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентінің Алматыға жасаған жұмыс сапары И.Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа филиалына барудан басталды.

Мемлекет басшысына қаладағы медициналық-демографиялық ахуал және COVID-19 індетіне қарсы күресу үшін қабылданған шаралар, сондай-ақ, медициналық жедел жәрдем қызметінің жұмысы жөнінде баяндалды. Президент медицина қызметкерлерімен әңгімелесу барысында ұлттық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту, медициналық мекемелерді қажетті құрылғылармен жабдықтау, төсек-орын мен инфрақұрылымды жаңарту, сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысын арттыру мәселелеріне тоқталды.

"2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің еңбекақысын бүкіл экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары деңгейге жеткізу міндеті қойылады. Алғашқы медициналық санитарлық жәрдем беру ісін дамытуға баса мән беріледі. Өкінішке қарай, біз бұл салаға уақытында назар аудармадық. Эпидемия мұндай іс-қимылдардың қате екенін көрсетті. Қазір жіберген қателіктерге дұрыс көңіл бөліп, оларды түзетуіміз керек. Әрине, медицина әрдайым басты назарымызда болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы коронавирустың ықтимал жаңа толқынына дайын болудың маңызды екенін атап өтті. Осы ретте азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін барлық ресурсты жұмылдыру қажеттігін айтты.

"Қазір бүкіл әлемдегі жағдай күрделі. Еуропа мен Америкада коронавирустың екінші толқыны өтіп жатыр. Осындай жағдайда біз қырағылық танытып, дайын болуымыз қажет. Пандемияның бірінші толқынынан жақсы сабақ алдық. Бұл тәжірибенің пайдасы болады. Әрине, қиын болды, қателіктер жіберілді, соның ішінде, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан да ағаттықтар кетті. Бұл қателіктерді жұмыс барысында жөндеуге тура келді. Дегенмен, кез келген тәжірибенің, тіпті ауыр болса да, пайдасы бар. Сондықтан екінші толқынға дайын болайық. Содан кейін бүкіл дүние жүзімен, халықаралық қоғамдастықпен бірге барлық қиындықты лайықты түрде еңсеруге тиіспіз", – деді Президент.

Кездесу саңында Мемлекет басшысы пандемияға қарсы күрестің күрделі жағдайында атқарған қажырлы еңбектері үшін дәрігерлерге ризашылық білдірді.
Просмотров материала: 580

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 141 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 91 963 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 91 933 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 91 873 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 91 854 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 485 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 240 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 266 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 725 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 853 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 011 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 313 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 484 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 394 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 162 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 308 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 537 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 463 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 168 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 140 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 086 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 939 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 148 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 686 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 830 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 983 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 191 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 427 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 922 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 958 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 911 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 146 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 275 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930