16 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

19 сентябрь 2020, 11:16
Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «World clean up day» – «Бүкіләлемдік тазалық күні» акциясына қатысты. Биыл аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізіліп жатыр. Шара барысында эко-белсенділер ағаш отырғызып, қоғамдық орындарда, саябақтарда және басқа да жерлерде тазалық жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласында қатысушылар елордалық триатлон паркінде көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көшелердегі қоқыс қалдықтарын жинады.

Мәулен Әшімбаев Жолдауда қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінгеніне назар аударып, экологиялық дамудың мән-маңызына тоқталды.

«Президентіміз Жолдауда экологиялық даму еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған басымдық екенін атап көрсетті. Соған сәйкес мемлекеттік органдарға, Парламентке, қоғамдық институттарға нақты міндеттер жүктелді. Соның аясында жыл соңына дейін елімізде Экологиялық кодекс қабылданады. Бұл құжат экологияға қатысты басқа да заңдар сияқты алдымен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен талқыланып, пысықталады», – деді Сенат төрағасы.

Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев осы аптада Сенат ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заң қабылдағанын атап өтті. Бұл құжат пайдаланылмай бос жатқан жерлерді Іле-Алатауы табиғи паркі мен Бурабай ұлттық паркінің құрамына қайтаруға мүмкіндік береді.

Жалпы алдағы бес жылда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздегі орман алқаптарында 2 миллиард, елдімекендерде 15 миллион ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сондықтан бүгінгі акцияны Президент бастамасының алғашқы нәтижесі ретінде қарастыруға болады. Сенат төрағасы мұндай көгалдандыру жұмыстарының берері мол және «World clean up day» сияқты акциялардың бүкіл әлем үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Сенаторлар «World clean up day» экологиялық қозғалысына қолдау білдірді

«Қазіргі таңда экологиялық мәселе бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Жер бетінде көптеген табиғи орындар, ормандар мен өзен-көлдер адамдардың салғырттығынан зардап шегуде. Бұл – дабыл қағарлық жайт. Біздің елімізде де осы салада мәселе аз емес. Сондықтан бәріміз жұдырықтай жұмылып, осындай игі бастамаларға белсенді түрде атсалысуымыз керек», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, «World cleanup day» акциясы әлеуметтік бағытта жыл сайын ұйымдастырылатын жаһандық бағдарлама. Басты мақсат – қоршаған ортаны қорғауға бүкіл әлем жұртшылығын жұмылдыру. Былтыр жобаға 170-ке жуық елден волонтерлер, экологиялық қозғалыстардың көшбасшылары, ірі компаниялар мен ұйым өкілдері атсалысқан.

Биыл аталған акция Қазақстанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Оған бір топ Сенат және Мәжіліс депутаттары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, қоғам қайраткерлері және волонтерлер қатысты. Сенбілік барысында пандемияға байланысты барлық сақтық шаралары сақталғанын айта кеткен жөн.
Просмотров материала: 1 055

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 005 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 538 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 102 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 152 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 477 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 899 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 018 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 274 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 562 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 694 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 215 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 237 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 505 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 325 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 158 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 480 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 405 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 094 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 499 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 235 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 205 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 040 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 877 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 161 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 095 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 594 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 251 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 916 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 187 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 549 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 939 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 889 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 954 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 136 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 277 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728