3 декабря 2020 г.

Мы в соц сетях:



Қазақстанда құс тұмауына байланысты он ауыл карантинге жабылды

17 сентябрь 2020, 16:35
Қазақстанда құс тұмауына байланысты он ауыл карантинге жабылды
Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауына байланысты жеті ауданда он ауыл карантинге жабылып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Зертханалық зерттеулердің нәтижесі негізінде облыста жеті ауданның он елді мекенінде – Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев аудандарында карантин режимі енгізіледі. Облыс әкімінің атына тиісті ұсыным әзірленді", - деді ол.
Карантин шарттары бойынша адамдардың жүріп-тұруы мен автокөлік қозғалысы барынша шектеледі.

Көліктердің доңғалақтарын зарарсыздандыру үшін карантин аумағына кіретін және шығатын тұста дезинфекциялық тосқауылдар орнатылады. Тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдары мен қызметтері, ішкі істер органдары, медициналық және ветеринарлық қызмет көліктері ветеринарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, еш кедергісіз қозғалады.

"Құстар мен құс шаруашылығы өнімдерін, мамықты, қауырсындарды, жемді, құс шаруашылығында пайдаланылатын жабдықтарды карантин аумағынан шығаруға тыйым салынады. Ауру құстарды алу және жою шаралары жүргізіледі. Олар өртеледі", - деп атап өтті Ибраев.

Республикалық эпизоотияға қарсы отрядтың мамандары құстарды алған кезде, құстың түрі, жыныстық-жастық тобы көрсетілетін құжат толтырылады.

"Бұл құжат тәркіленген құстардың құнын өтеуге негіз болады. Өртелген құстар үшін арнайы комиссияның шешімімен, олардың түрі мен жыныстық-жастық тобына қарай нарықтағы орташа бағаға сәйкес өтемақы төленеді", - деді ветеринарлық инспекцияның басшысы.

Сау құстарға вакцина егіліп, олар ветеринарлық мамандардың бақылауында болады.

"Карантин аумағының айналасына эпизоотияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін үш аймақ орналастырылады. Карантин аурудың соңғы жағдайы тіркелгеннен кейін 21 күн өткен соң алынып тасталады", - деп түйіндеді сөзін Ибраев.

Брифингте Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов өңірде жеті мың құс қырылғанын, бұл цифр әлі де өсіп жатқанын мәлімдеді.

"Республикалық запастан 870 мың доза вакцина бөлінді. Екпе Ресеймен шекаралас ауылдар мен аурудың таралу ошақтарындағы құстардың барлығына салынады", - деді Әлжанов.

Десе де, ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде қырылған құстардың саны ондаған мыңға жеткенін жазуда. Өлген құстарды, тіпті, өртеп үлгермей жатқан көрінеді.

Бұған қоса, жабайы құстар да қырылуда. Петропавлда қалалық саябақ пен көшелерден көгершіндер, торғайлар мен шымшықтар, қарғалардың өлексесін кездестіруге болады.

Просмотров материала: 384

Поделиться материалом


13:35 Мошенник обещал помочь в покупке квартиры жительнице... 8 Просмотров

13:22 В Таразе начался суд по кордайским беспорядкам... 43 Просмотров

13:02 13 населенных пунктов в Казахстане перестанут быть городами... 50 Просмотров

12:45 Пешехода насмерть сбили в ЗКО... 49 Просмотров

12:42 Парламент Қазақстанның еңбек заңнамасына түзетулерді... 59 Просмотров

12:30 "Удалили матку": Минздрав проверит частную клинику в Алматы... 63 Просмотров

12:27 СҚО-да коронавируспен ауырғандардың әрбір екіншісі үйде... 84 Просмотров

12:20 В Алматы 21-летний парень пытался покончить с собой из-за... 86 Просмотров

12:19 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жүрмейді... 83 Просмотров

12:14 Жамбыл өңірінде облыстық деңгейдегі 7 басшыға қылмыстық іс... 82 Просмотров

11:57 Тоқаевқа шешім қабылдай алатын жаңа өкілеттік берілді... 89 Просмотров

11:36 Полицейлер жоғалған 4 миллион теңгені тауып, иесіне қайтарды... 355 Просмотров

11:15 Солтүстік өңірден 10 мыңға жуық адам көшіп кеткен... 100 Просмотров

11:03 Два человека пострадали в результате ДТП в Алматы... 81 Просмотров

11:00 Соңғы тәулікте Қазақстанға шет елдерден ПТР-анықтамасыз 147... 91 Просмотров

10:49 "Ататын мылтық жоқ": Атырау облысында қасқыр қаптап кетті... 157 Просмотров

10:47 Инвалид остался без крыши над головой в Петропавловске... 99 Просмотров

10:35 ВОЗ зафиксировал «пандемическую усталость» у 60% населения... 103 Просмотров

10:33 Елордада алаяқ жалдамалы пәтер алып беруге уәде еткен... 98 Просмотров

10:24 Главрач детдома Аркалыка осудили на 5 лет за коррупцию... 105 Просмотров

10:12 Биыл Қазақстанға Армениядан жеткізілген 16,7 мың көлік... 92 Просмотров

10:11 Контролер газовой компании присвоил 2 млн тенге в Сарыагаше... 105 Просмотров

10:01 Алматылық жаңадан туған сәбиінің өліміне дәрігерлерді... 140 Просмотров

09:50 Названа средняя зарплата учителей в Казахстане... 104 Просмотров

09:47 Астананың қақ ортасында ер адам мен әйелдің әрекеті жұртты... 813 Просмотров

09:42 Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр жауады... 115 Просмотров

09:39 218 казахстанцев с COVID-19 находятся в тяжелом состоянии... 86 Просмотров

09:31 Опубликованы данные по заболевшим коронавирусной пневмонией... 77 Просмотров

09:28 Елімізде азық-түлік бағасы 9,6 пайызға өсті... 123 Просмотров

09:18 За прошедшие сутки в Казахстане выявлены 769 заболевших... 112 Просмотров

09:16 Оралда қатты аязға байланысты бастауыш сыныптарда сабақ... 105 Просмотров

09:05 Прогноз погоды на 3 декабря... 85 Просмотров

09:04 Өткен тәулікте 769 адамнан коронавирус расталды... 106 Просмотров

19:06 В системе высшего образования происходят серьезные... 342 Просмотров

17:59 Вооруженные мужчины напали на ломбард в Алматы... 311 Просмотров

17:55 Полицияға тіл тигізген кәсіпкердің үстінен қылмыстық іс... 356 Просмотров

17:50 Карагандинца осудили за изнасилование 60-летней женщины... 313 Просмотров

17:38 Павлодарда балалар үйінен кәмелетке толмаған екі қыз... 554 Просмотров

17:26 Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз - Тоқаев... 359 Просмотров

17:25 Фейковая игра крадет персональные данные казахстанцев... 357 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2020    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031