26 апреля 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Құс тұмауы шыққан СҚО фабрикалары үйректі 1000 теңгеден саудалап жатыр

Құс тұмауы шыққан СҚО фабрикалары үйректі 1000 теңгеден саудалап жатыр
Ресми мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауынан қырылған қанаттылар саны 7 мыңға жетті. Тұрғындар бұл көрсеткіштің әлдеқайда жоғары екендігін айтады. Жағдай ушығып тұрғанда Бескөл ауылындағы құс фабрикасы үйректерін нарықтағыдан әлдеқайда төмен бағаға, басына мың теңгеден саудалап жатыр, деп хабарлайды «Azattyq Rýhy».


Коронавирус жағадан алғанда құс тұмауы солтүстікқазақстандықтардың етегіне жармасты. Шаруалар жаз бойы бағып-қаққан құстарынан бірнеше күнде айрылып, сан соғып қалды. Солтүстік Қазақстан облысының 7 ауданының 10 ауылында құс тұмауының ошақтары тіркелді. Қазір елдімекендерді карантинге жабу мәселелі қарастырылуда.

«Құс тұмауы тіркелген ауылдарды карантинге жабу үшін әкімдік қаулысы қажет. Құжат дайын болған соң, бірден іске кірісеміз. Құс тұмауымен ауырудың соңғы фактісі тіркелгеннен кейін 21 күн өткенде ғана карантин алынып тасталады. Әзірге комиссия құрып жатырмыз. Нақты қанша құс өлгенін анықтап, иелеріге өтемақы беру мәслелелері қарастырылады. Ол құстың түріне, жыныстық-жастық тобына қарай нарықтағы орташа бағасы бойынша төленеді, нарықтағы орта бағасы бойынша есептеледі. », - дейді облыстық ветеренария басқармасының жетекшісі Берік Әлжанов.

Әлжановтың мәліметі бойынша, өңірдегі құс фабрикаларында жұқпалы дерт тіркелмеген. Ал жабайы құстардың індеттен қырылып жатқанын растады.

Құс тұмауы шыққан СҚО фабрикалары үйректі 1000 теңгеден саудалап жатыр

БҰЛ НЕ ДЕГЕН БАТПАН ҚҰЙРЫҚ!?

Ал облыс орталығының іргесінде орналасқан «Алекри» құс фабрикасы үйректерін басына 1 мың теңгеден, тауықтарды одан да арзан бағаға саудалап жатыр. Тұтынушы қажетіне қарай тірідей немесе тазаланғанын алуына болады. Әрқайсысына түрлі баға.

«Осыдан бірер апта бұрын Бескөлдегі құс фабрикасы үйректерін арзан бағаға сатып жатқанын естідім. 10 бас сатып алдым. Тазаланғаны 1500 теңгеден екен. Біразын тұтындық. Балапан болған соң, еті онша толып үлгермеген. Дегенмен, өз бағасына жарап жатыр. Денсаулығымызда ешқандай келеңсіздік байқалмады. Ол кезде облыста құс тұмауы өршіп тұрғанын естімеген едім», - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Арайлым Иманбаева.

Мың теңге. Көктем мезгілінде үйректердің балапандары орта есеппен осындай бағаға сатылады. Оны жаз бойы асырап-бағып, күзде дәл сол құнына сатылып жатқанының өзі күмән тудырады. Облыстық ветеринария басқармасының басшылығы бұл мәселеден бейхабар екенін жеткізді.

«OLX» жарнамалар сайтынан фабриканың хабарланбыруын да таптық. 29 тамыз күні жарияланған. Білмеген адамды бағасы бірден қызықтырады. Оның ар жағында не жасырылғаны тұтынушыға беймәлім. Көрсетілген номерді тердік.

«Тірі үйректі мың теңгеден сатамыз. Ешқандай ветеринарлық анықтама бермейміз. Оны жасату үшін кемінде екі апта өтуі керек. Ешкімді күштеп жатқан жоқпыз. Алса да, алмаса да өз еріктеріңіз. Ветеринарлық анықтама бере аламыз. Ал үйректердің құс тұмауыммен ауырмағандығы жайында құжа жоқ. Былтырғы үйректерді арзан бағамен сатып жатырмыз 1000 теңге, биылғы 1500», - деді желінің ар жағындағы адам.

Ал нарықта үйрек етінің келісі орта бағамен 1200 теңгеден сатылып жатыр.

АДАМДАРДЫҢ ҚҰС ТҰМАУЫНА ШАЛДЫҒУ ФАКТІСІ ТІРКЕЛГЕН ЖОҚ

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше өңірде адамдардың құс тұмауына шалдығу фактілері тіркелмеген. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды. Аталған сырқат тек құстарға ғана емес, адам ағзасына да қауіп төндіреді.

«Аурудың адамға жұғу жолдары – жабайы құстармен, ауырған үй құстарымен қатынаста болу, термиялық дұрыс өңделмеген ауру құстың ет өнімдерін жегенде жұғуы мүмкін. Адамдарда инфекцияны жұқтырған мезеттен алғашқы белгілері білінгенге дейінгі мерзім үш күннен аспайды. Адамдарда аурудың белгілері кәдімгі тұмау белгілеріне ұқсас: дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бұлшық еттің ауырсынуы, жөтел және тамақтың ауыруы, кейде конъюктивит байқалады. Кешірек науқаста өкпе-жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, геморрагиялық өкпе қабынуының туындауы мүмкін. Сонымен қатар тамырлар жұмысының бұзылуы, көп реттік сұйық су тәріздес іштің өтуі, көп ретті құсу, мидың ісінуі мүмкін. Құс тұмауы кезінде адамдарды емдеу кәдімгі адам тұмауының еміндей қолданылады», - дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Толқын Қаженова.

Құс тұмауына шалдыққан адам жедел түрде дәрігерге қаралып, уақытылы ем қабылдауы шарт. Дерт адам ағзасына ғана емес, өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Ал тауар өнірушілер өз пайдасын ойлап әлек. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы.
Просмотров материала: 548

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 92 373 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 92 193 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 92 164 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 92 108 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 92 092 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 6 498 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 6 254 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 6 278 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 8 742 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 8 875 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 12 094 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 7 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 5 488 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 5 396 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 6 319 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 9 611 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 140 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 5 466 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 171 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 144 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 089 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 4 943 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 152 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 116 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 9 759 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 6 837 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 4 984 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 195 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 432 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 4 925 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 4 962 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 013 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 4 914 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 149 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 278 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930