25 мая 2022 г.

Мы в соц сетях:



Несіне мәймөңкелейміз?! Білім және ғылым экс-министрлерінің бір-екеуін жауапқа тарту керек!

17 сентябрь 2020, 9:39
Евразия-1 телеарнасында Басты-prime деген аталуының жартысы қазақша, жартысы ағылшынша хабар бар. Сол хабардың 01.06.2020 күнгі жұмысында елдегі беделді-беделді азаматтарды шақырып журналист қызымыз ұлттық тәрбие туралы, білім туралы, оқулықтардың сапасы туралы келелі әңгіме қозғады. Сөз соңында айналып келгенде мәселенің барлығы қазақ тіліне келіп тірелді. Хабарға қатысқан Қоғамдық келісім ұлттық кеңесінің екі мүшесі ендігі жерде білім саласында терең реформа жүретіндігі туралы айтып, жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді де атап өтті.

Сөйтіп талай жараның аузы тырналды. Ал 04.06.2020ж. күні сол хабардың тақырыбы мемлекеттік қазақ тіліне арналды. Тағы да беделді азаматтар шақырылып, еліміздің қазақ тілінің мәселелері жан-жақты айтылды, тағы да талай жараның аузы тырналды, тіпті шиқандай болды десе де болады.

Көңілге қонатын ұсыныстар да айтылды – Қыдырәлі Болман бауырымыз ұрпақ тәрбиесінде этнопедагогика мен психологияда баса мән беру керектігін айтты. Тіпті оған «әжелер педагогикасы» деген сүкімді ат ойлап та қойыпты. Екінші бір шешен – тіл үшін күрес тоқтамасын! – деді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары бір үлкен жиында академик Рахманқұл Бердібаев ағамыз: «Ана тіліміздің жолында жүректер тоқтаса тоқтасын, күрестер тоқтамасын»,- деп еді. Содан бері ештеңе өгермеген ғой.

Осы отыз жылдың ішінде қазақтың тілі үшін тоқтаған мыңдаған жүректердің ішінде Әбіш Кекілбайдың, Шер-ағаң Нұртазаның да жүректері бар екенін ұмытуға болмас. Сонда отыз жыл бойы бір тепкен тасымызды қайта-қайта тепкілеп келе жатқанымыз қалай?

Осы уақыт аралығында мәселе түбегейлі шешілген жоқ, себебі қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өз тұғырына отырғызатын механизмдер мен тетіктер біздің Заңдар мен заңнамаларда қарастырылмаған. Сондықтан атқарушы билік мемлекеттік тілді дамытуда жиналыстар, шоу-концерттер мен жоғарыда аталғандай телехабарлар, БАҚ-дағысын-мақалаларды ортаға салып халықты алдарқатады да қояды.

Тілді дамытудың анық механизмдері Заңдарда бекітілмеген соң кімнің неге жауапты екені де айқын емес, кімді не үшін мақтап,не үшін даттап, жазалайтыны да белгісіз. Тәуелсіздігіміздің 30 жылға жуық уақытында мемлекеттік тілдің мәселесімен жауапқа тартылған бірде-бір шенеунік болған жоқ. Ал тілдің тағдырына алаңдаған, шырылдаған мыңдаған, тіпті он мыңдаған шоу-жиналыстар өтіп жатыр, өтіп жатыр. Бірақ, одан ығысып, қыңып жатқан Үкімет пен оның мүшелерін тағы көре алмаймыз.

Солай бола берері де анық сияқты. Себебі, біздегі Заңдар бойынша мемлекеттік тіл үшін ешқандай шара да, жаза да қолданылмайды. Сонда, әлгі тіл үшін шырылдаған он мыңдаған әр түрлі деңгейдегі іс-әрекеттер мен жиындардың нәтижесі қайда? Құдды бір «тұлыпқа мөңіреген сиырдаймыз». Нәтиже бермейтін әңгімені атам – ҚАЗАҚ мәймөңке демеуші ме еді? Несіне мәймөңкелей береміз? Қашанғы мәймөңкелейміз?

Қазақстанның кез-келген Заңы Ата-Заңымыз – Конституцияға негізделген. Конституциямыңыздың 7-бабында Қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекілген, ал 93 бабында атқарушы билік мемлекеттік тілдің еркін әрі терең меңгерілуі үшін ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрін жасауға міндетті делінген. Қайталап айтайық – МІНДЕТТІ.

Біз осы міндетті деген сөзді 30 жыл бойы шоу-жиналыстармен жылы жауып келеміз, мәймөңкелеп. Өзімізді өзіміз алдап. Ал министрлер қызметке келгенде – «Конституция талаптарын мүлтіксіз орындаймыз»,– деп ант-су ішіп, уәде береді.

Ал Конституция бойынша кез-келген Министр, атқарушы органдардың кез-келген өкілі Қазақ тілінің дамуы үшін ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ, МАТЕРИАЛДЫҚ және ТЕХНИКАЛЫҚжағдайдың бәрін жасауға МІНДЕТТІ. Тоқ етерін айтар болсақ, атқарушы билік берген анттары мен уәделерін орындамай, Конституция талаптарын өрескел бұзуда. Осындай жарымжан заңдарды қабылдап жіберген Парламентті түсіну де оңай болып тұрған жоқ.

Білім және ғылым саласында ҚАЗАҚ тілі мәселесін одан ары қарай ушықтырған міндетті орта білімге ағылшын тілін қосымша міндеттеп, күштеп тықпалау болды. Бұл проблеманы тудырған Білім және ғылым экс-министрі Б. Жұмағұлов еді.

2012 жылы осы кісінің бұйрығымен бала-бақшадан бастап бүткіл орта мектепте ағылшын тілін оқыту міндеттелді. Осы бұйрықтан кейін ҚАЗАҚ тіліне жасалмаған ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдайдың бәрі ағылшын тіліне жасалды. Халық қарсы болды. Бірақ, оған Б. Жұмағұлов мырза пысқырмады да.

«Үш тұғырлы тіл концепциясын»ту ғып ұстаған келесі экс-министр Ерлан Сағадиевтің ағылшын тілін бас-көзге қарамай тықпалап мектептер мен басқа оқу орындарда тереңдетіп ендіруі ҚАЗАҚ тілін тұралатты десе де болады. Әрине бұған тағы да Халық наразы болды.

Есіңізде болса, осыдан 4-5 жыл бұрын ұлт жанашырлары «Сағадиев, келіңіз» деген үндеу тастап, экс-министрді Алматыға шақырды. Ол жиынға Е. Сағадиев келмеді. Өз орнына Р. Алшанов бастаған бір топ ЖОО-ның ректорлары мен министрліктің жауапты қызметкерлерін жіберді.

Ұлт жанашырлары мен қоғам қайраткерлерінің «Неге?» деген нақты сұрағына «Шешім қабылданып қойды» - деген мәймөңке жауап берілді. Сол жиында Айдос Сарым 30 жыл бойы орыс мектептерінде ҚАЗАҚ тілінен сабақ берген мұғалімдер мен сол мектеп директорларын жауапқа тарту керек деген ұсыныс айтты.

Ол жиынға қатыспасам да менің өзім Бас прокуратураға ресми өтініш жасап Б. Жұмағұловтың бұйрықтары мен Е. Сағадиев бекітіп, басшылыққа алған «Үш тұғырлы тіл» концепциясының Конституция талаптарына сәйкестігі туралы түсініктеме беріп, құқықтық баға берілуін сұрадым.

Менің ресми өтінішіме ҚР БҒ вице-министрі Э. Суханбердиеваның қолымен ақылға сыймайтын жауап алдым. Ол жауаппен келіспейтінімді, тіпті келісе алмайтынымды баяндап Бас прокуратураға хат жолдағанмын, тағы да. Оған әлі күнге дейін жауап жоқ. Сонымен тіл үшін күрестің бұл кезеңі де мәймөңкемен аяқталды десе болады. Кім ұтты? Кім ұтылды? Бәрі айқын.

Ал ҚАЗАҚ-тың ұтылғаны анық. Егер Ұлттың мәселесін талқылап жатқан хабардың атының өзі жартылай қазақша, жартылай ағылшынша болса, Қазақ тілінің тұралағаны емей немене? Ал осының «сара жолын» салып берген, ҚАЗАҚ тіліне, Конституцияға қарсы механизм мен тетіктерін жасауға мұрындық болып, басқарған кімдер? Олар жоғарыда аты аталған екі экс-министрлер.

Бұл жағдайға төземіз бе? Жоқ, әрине! Сонда не істемек керек? Ең алдымен экс-министрлер Б. Жұмағұлов пен Е. Сағадиев салған «сара жолмен» дөңгелеген «ҚАЗАҚ-ты тұралату доңғалағын» тоқтату керек. Ол үшін олардың қолымен іске қосылған құқықтық актілердің заңды күшін жою қажет. Яғни, ол құқықтық актілердің. Конституция талаптарына сәйкестігі жөніндегі құқықтық баға берілуі түсінікті. Ал экс-министрлерге Үкімет мүшесі ретінде, саяси тұлғалар ретінде саяси баға беріліп, тиісті жауапқа тартылғаны жөн болар.

Ал енді Басты-prime бағдарламасының атын толық қазақшалап «Басты пайым» деп атағаны жөн. Мемлекеттік тіл ҚАЗАҚ тілі болған соң телехабарлар болсын, жарнама болсын, газет-журналдар болсын, жалпы барлық аттар мен атаулардың қазақша болғаны абзал. Несіне мәймөңкелейміз? Кімге жалтақтаймыз?

Тілдің жолында жүректер тоқтаса да, күрестер тоқтамайтыны анық!!!

Нұғман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор
Просмотров материала: 13 016

Поделиться материалом


21:37 Кайрат Кудайберген заявил о пытках в СИЗО. В Антикоре... 150 Просмотров

21:14 Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов поручил усилить... 155 Просмотров

19:24 «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов референдумды... 131 Просмотров

18:42 Количество разводов сократилось в Казахстане... 174 Просмотров

18:28 Рассылка о кредитной амнистии - фейк... 175 Просмотров

18:03 Глава КНБ доложил Токаеву о мерах по пресечению оборота... 167 Просмотров

17:59 Взятка в 40 миллионов: в ЗКО задержан сотрудник налоговой... 200 Просмотров

17:53 «Kaspersky» қазақстандық пайдаланушылардың фишингтік... 160 Просмотров

17:11 220 миллиардов тенге возвращено в бюджет Казахстана с... 144 Просмотров

16:47 Генерал-майор полиции задержан в Алматы... 235 Просмотров

16:22 Схема просмотра: фильмы Фархата Шарипова, которые стоит... 173 Просмотров

16:04 3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру... 183 Просмотров

15:52 Xiaomi и Leica Camera объявляют о долгосрочном... 203 Просмотров

15:48 Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін... 182 Просмотров

15:34 2 проценттік ипотека алатындардың саны артады –... 288 Просмотров

15:16 Теміржол бойымен "серуендеу" үшін жаза күшейтілуі мүмкін... 191 Просмотров

15:08 Павлодарда сүйіктісімен айырылғанға көндіге алмаған ер адам... 668 Просмотров

15:02 СҚО-да 5 тонна чипс тиелген фура аударылып қалды... 169 Просмотров

14:50 Биыл 700 млрд теңгеге жуық утилизациялық алым жинау... 149 Просмотров

14:24 Қазақстанда жыл басынан бері қанша адам пойыз астына түсіп,... 177 Просмотров

14:20 Роман Скляр: Қазақстанда машина жасау саласының болашағы бар... 149 Просмотров

14:10 Қазақстан утилизациялық алымнан бас тартуы мүмкін бе –... 252 Просмотров

13:06 TikTok запускает инициативу #УчисьвTикТокКазахстан... 175 Просмотров

12:55 Ақтауда 14 қабатты тұрғын үйдің шатырында балалар жүгіріп... 209 Просмотров

12:43 Свора бродячих собак едва не загрызла ребенка в Актобе... 165 Просмотров

12:29 Скляр автокредит бағдарламасы сәтсіздікке ұшырады... 212 Просмотров

12:25 Реформа. 55-бапқа қандай өзгеріс енгізіледі?... 168 Просмотров

12:24 В МОНе прокомментировали оспаривание оценки школьника в... 170 Просмотров

12:22 Балқашта су деңгейі шекті мөлшерден 1 метр жоғары тұр –... 148 Просмотров

12:17 Казахстанцев просят не посещать Западную Африку из-за оспы... 164 Просмотров

12:09 Жақсы дәстүр ғой - Министрлік соңғы қоңырауда ұстаздарға... 154 Просмотров

12:07 VIP-номера для авто покупали по поддельным квитанциям в... 166 Просмотров

12:05 Қазақстан күріш дақылдарын себуді азайтып жатыр... 159 Просмотров

11:59 Карантинный беби-бум ставит новые рекорды в Казахстане... 164 Просмотров

11:53 Биыл Қазақстан халқының 58 пайызы газбен қамтылады –... 159 Просмотров

11:44 Сотни грузовиков стоят в очереди на границе Казахстана и... 157 Просмотров

11:32 Елімізде ажырасқандардың көбі төрт жылға дейін ғана бірге... 202 Просмотров

11:32 Очередной раунд переговоров по Сирии пройдет в Нур-Султане... 165 Просмотров

11:28 ҰБТ кезінде камера мен құлаққап қолданған түлектің тестілеу... 214 Просмотров

11:24 Некоторые регионы увлеклись передачей школьных столовых... 173 Просмотров





Опрос


«    Май 2022    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031